Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    553479
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 553479 бірлікті құрады, оның ішінде 434112 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1898678
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1898678 құрады, оның ішінде 1807780 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2382167
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2382167 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2181112 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 553 479 434 112 1 898 678 1 807 780 30 080 22 022 2 382 167 2 181 112  
    Шағын 543 881 424 648 - - 28 931 20 883 2 378 979 2 177 996  
    Орта 7 003 6 902 - - 656 650 3 188 3 116  
    Ірі 2 595 2 562 - - 493 489 - -  
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2015-2024 жылдары) олардың саны 360287-ден 536241 дейін (175954 бірлікке немесе 48,8%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
    Барлығы   360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241
    Шағын   351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826
    Орта   6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919
    Ірі   2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2025 жылғы қазанды қыркүйек айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,3 %-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,6%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,6%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 қарашада олардың үлесі 26,9%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10,1%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,3%-ын құрады.

    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (157804 немесе 28,5%), Астана (108817 немесе 19,7%) және Шымкент (30048 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2943 және 0,5%), және Жетісу (8509 және 1,5%) және Абай (8639 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 553 479 434 112 46 964 192 052 195 096 3 836
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 351 18 628 1 604 5 252 11 772 105
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 147 5 274 694 1 294 3 286 40
    Өндеу өнеркәсібі 28 322 22 704 1 722 10 082 10 900 224
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 960 1 667 137 540 990 14
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 805 2 250 158 937 1 155 40
    Құрылыс 74 147 56 327 5 284 17 867 33 176 944
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 148 637 105 455 13 117 43 954 48 384 1 287
    Көлік және жинақтау 23 348 18 520 1 713 8 279 8 528 169
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 373 8 932 1 260 3 800 3 872 36
    Ақпарат және байланыс 19 546 15 885 2 025 6 972 6 888 51
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 203 5 969 931 2 341 2 697 113
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 700 23 555 2 113 13 523 7 919 136
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 36 002 28 805 2 498 13 541 12 766 183
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 26 033 21 392 1 672 10 784 8 936 118
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 722 9 471 218 8 981 272 30
    Білім беру 31 731 29 268 1 584 21 184 6 500 128
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 12 574 11 446 1 064 7 127 3 255 36
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 136 6 620 730 2 989 2 901 33
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 55 741 41 943 8 440 12 604 20 899 149
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 553 479 26 045 468 951 513 11 286 58 483
    Шағын 543 881 21 067 464 836 446 10 989 57 978
    Орта 7 003 3 755 2 944 30 178 304
    Ірі 2 595 1 223 1 171 37 119 201
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2025 жылғы қазанда қыркүйек айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,2%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 6%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,1%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 5,9%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 қарашада олардың үлесі 36,4%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (15,4%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (13,3%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 65,1%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 898 678 1 807 780 1 826 081 1 736 155 72 597 71 625
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 253 229 244 986 180 772 173 429 72 457 71 557
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 790 699 790 699 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 91 424 86 442 91 416 86 435 8 7
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 624 579 624 579 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 227 2 134 2 226 2 133 1 1
    Құрылыс 66 453 62 602 66 452 62 602 1 -
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 690 956 654 878 690 941 654 866 15 12
    Көлік және жинақтау 175 991 171 497 175 983 171 490 8 7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 53 577 50 913 53 572 50 908 5 5
    Ақпарат және байланыс 20 453 19 446 20 453 19 446 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 681 617 681 617 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 106 380 102 418 106 359 102 404 21 14
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 33 390 31 650 33 390 31 650 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 46 526 44 535 46 513 44 522 13 13
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 129 120 129 120 - -
    Білім беру 34 981 33 498 34 980 33 497 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 111 10 630 11 111 10 630 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 191 16 196 17 190 16 195 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 292 565 273 940 292 499 273 933 66 7
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 30080 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22022. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3928 немесе 13,1%) және Астана қаласына (3516 немесе 11,7%), және Түркістан облысына (1923 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12533 немесе 41,7%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3902 немесе 13%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2187 немесе 7,3%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 26 010 2 617 22 253 135 620 1 140
    Шағын 24 902 2 311 21 498 115 589 1 093
    Орта 632 157 442 11 16 33
    Ірі 476 149 313 9 15 14
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 4 070 2 167 346 869 952 80
    Шағын 4 029 2 128 345 835 948 79
    Орта 24 22 1 19 2 1
    Ірі 17 17 - 15 2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 7,3%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,7%-ға көбейді.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,5%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,9%, «Құрылыс» – 8,9% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 63 693 45 931 11 906 8 831
    Ресей 23 048 17 464 4 865 3 743
    Өзбекстан 7 590 5 707 635 468
    Қытай 7 378 5 501 1 147 907
    Түркия 5 244 3 358 747 478
    Қырғызстан 3 177 2 022 385 293
    Әзірбайжан 1 635 1 186 223 156
    Украина 1 299 899 372 284
    Германия 970 745 496 362
    Беларусь 916 735 193 152
    Корея Республикасы 900 570 166 111
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5,2%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 71,6%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 17%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,2%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,6%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 382 167 2 181 112
    Абай 59 716 55 742
    Ақмола 67 306 62 456
    Ақтөбе 94 468 88 457
    Алматы 166 084 156 794
    Атырау 70 105 65 289
    Батыс Қазақстан 64 094 59 220
    Жамбыл 119 665 109 069
    Жетісу 66 466 62 799
    Қарағанды 113 370 101 589
    Қостанай 72 940 69 087
    Қызылорда 68 925 66 247
    Маңғыстау 84 785 78 980
    Павлодар 64 690 57 151
    Солтүстік Қазақстан 39 457 36 018
    Түркістан 219 914 215 406
    Ұлытау 19 567 18 376
    Шығыс Қазақстан 69 742 63 452
    Астана қаласы 311 451 272 001
    Алматы қаласы 456 799 401 334
    Шымкент қаласы 152 623 141 645
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-95
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші