Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    2 289,8 мың
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойыншатіркелген ШОК субъектілерінің саны 2289,8 мың бірлікті құрады
    2 099,6 мың
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2099,6 мың бірлікті құрады
    4 322,7 мың
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 4322,7 мың адамды құрады
    18 677,9 млрд.
    2025 жылғы қаңтар-наурызда ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 18677,9 млрд. құрады.

    Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 70,3%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 17,2%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,3%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%-ды құрады.

    ШОК ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде

    Ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде тіркелген субъектілердіңең көп санын дара кәсіпкерлер –1,6 млн. бірлікті, одан жұмыс істеп тұрғандар 1,5 млн. бірлікті құрайды.

    Жұмыспен қамтылғандар санының ең көбі шағын кәсіпкерлікке– 1,6 млн. адам және дара кәсіпкерлерге – 1,9 млн. бірлік келеді.

    Шағын кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 10,3 трлн. теңгені құрады, бұл барлық ШОК субъектілерінің жалпы өнім шығарылымынан 55,2% ды құрайды.

    ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
    Кәсіпкерлік субъектілерінің саны
    2025 жылғы 1 сәуірге 2024 жылғы 1 сәуірге
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі тіркелген субъектілер, бірлік 2 289 818 2 187 241
    соның ішінде:
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 467 678 458 497
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 3 113 3 048
    дара кәсіпкерлер 1 551 623 1 453 036
    шаруа немесе фермер қожалықтары 267 404 272 660
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілер, бірлік 2 099 642 2 017 379
    соның ішінде:
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 361 654 362 657
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 3 037 2 961
    дара кәсіпкерлер 1 476 774 1 385 298
    шаруа немесе фермер қожалықтары 258 177 266 463
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны, адам 4 322 668 4 239 373
    соның ішінде:
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 1 619 158 1 666 461
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 433 424 415 388
    дара кәсіпкерлер 1 936 524 1 814 718
    шаруа немесе фермер қожалықтары 333 562 342 806
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі өнім шығарылымы, млн. теңге 18 677 915 16 761 385
    соның ішінде:
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 10 311 478 10 113 843
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 3 349 577 2 681 926
    дара кәсіпкерлер 4 899 036 3 827 231
    шаруа немесе фермер қожалықтары 117 824 138 385

    Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санында жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 91,7% құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,5 п.п.төмен. Өңірлер бөлінісінде ең көп үлесі Түркістан (97,0%), Қызылорда (96,1%) және Алматы (95,1% )облыстарында байқалады.Ең аз үлес Астана қ.(87,6%) қаласында тіркелген.

    ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
    2025 жылғы 1 сәуірге 2024 жылғы 1 сәуірге
    тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны, бірлік тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны, бірлік
    Қазақстан Республикасы 2 289 818 2 099 642 2 187 241 2 017 379
    Абай 58 776 54 861 57 435 53 262
    Ақмола 64 719 60 034 63 163 58 794
    Ақтөбе 92 009 85 887 91 094 82 968
    Алматы 154 985 147 411 143 683 136 669
    Атырау 68 276 63 648 68 514 63 144
    Батыс Қазақстан 62 854 58 871 62 192 57 720
    Жамбыл 117 550 105 346 117 843 106 701
    Жетісу 64 554 60 659 63 392 59 513
    Қарағанды 111 185 99 535 110 045 100 533
    Қостанай 70 601 66 910 68 793 65 468
    Қызылорда 67 131 64 538 67 455 63 962
    Маңғыстау 83 448 77 002 83 014 77 980
    Павлодар 62 959 57 019 60 862 55 190
    Солтүстік Қазақстан 38 711 35 706 38 358 35 461
    Түркістан 216 563 209 991 208 873 204 408
    Ұлытау 19 328 18 231 19 325 18 408
    Шығыс Қазақстан 69 265 63 394 69 478 62 895
    Астана қаласы 288 979 253 065 260 384 233 511
    Алматы қаласы 428 719 378 683 391 813 351 086
    Шымкент қаласы 149 206 138 851 141 525 129 706
    ---
    2025 жылғы 1 сәуірге 2024 жылғы 1 сәуірге
    ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге
    Қазақстан Республикасы 4 322 668 18 677 915 4 239 373 16 761 385
    Абай 106 892 238 960 102 820 237 868
    Ақмола 141 630 456 192 144 195 385 697
    Ақтөбе 171 800 522 818 170 651 425 105
    Алматы 261 706 994 539 241 228 805 591
    Атырау 135 511 1 256 751 142 251 1 046 195
    Батыс Қазақстан 120 272 663 652 127 342 585 240
    Жамбыл 163 471 323 324 165 227 282 760
    Жетісу 106 078 274 631 104 523 255 025
    Қарағанды 234 709 873 602 231 052 605 380
    Қостанай 164 277 515 962 159 195 446 681
    Қызылорда 113 450 265 686 114 530 204 207
    Маңғыстау 145 498 552 383 147 226 528 199
    Павлодар 138 202 427 134 139 107 372 935
    Солтүстік Қазақстан 105 363 296 120 107 940 232 457
    Түркістан 291 876 566 071 282 427 390 978
    Ұлытау 30 762 72 525 29 370 64 238
    Шығыс Қазақстан 153 367 472 239 156 364 392 529
    Астана қаласы 528 704 3 156 781 512 540 3 321 810
    Алматы қаласы 964 273 5 883 030 939 430 5 480 011
    Шымкент қаласы 244 827 865 515 221 955 698 479
    Динамикалық кестелер:

    ШОК саласына елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санынан 44,4% келеді. Өңірлер бөлінісінде ең көп үлес Алматы және Астана қалаларында басым. Ең аз үлес Жамбыл облысында тіркелген.

    ШОК экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде

    2025 жылғы 1 сәуірдегі тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2289,8 мың бірлікті құрады және 2024 жылғы сәйкес күнімен (2187,2 мың бірлік) салыстырғанда 4,7%-ға артты.

    2025 жылғы 1 сәуірдегі жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2099,6 мың бірлікті құрады және 2024 жылдың сәйкес күнімен (2017,4 мың бірлік) салыстырғанда 4,1%-ға артты.

    2025 жылғы 1 сәуірдегі ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 4322,7 мың адамды құрады, бұл 2,0%-ға артты.

    2025 жылғы қаңтар-наурызда ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 18677,9 млрд. теңгені құрады және 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,9%-ға артты (ТБИ ескере отырып).

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
    Тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге
    2025 жылғы 1 сәуірге 2024 жылғы 1 сәуірге 2025 жылғы 1 сәуірге 2024 жылғы 1 сәуірге 2025 жылғы 1 сәуірге 2024 жылғы 1 сәуірге 2025 жылғы қаңтар-наурыз 2024 жылғы қаңтар-наурыз
    Барлығы 2 289 818 2 187 241 2 099 642 2 017 379 4 322 668 4 239 373 18 677 915 16 761 385
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 280 608 312 297 266 315 300 362 452 697 466 467 681 713 564 236
    Өнеркәсіп 133 009 128 654 121 363 117 284 447 610 429 649 2 983 332 2 755 763
         Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 244 5 930 5 297 4 978 41 547 39 939 694 791 727 756
         Өңдеу өнеркәсібі 119 926 116 133 110 098 106 672 368 906 351 538 2 022 927 1 736 590
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 2 353 2 304 2 034 1 977 13 906 17 005 191 871 234 503
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 4 486 4 287 3 934 3 657 23 251 21 167 73 743 56 914
    Құрылыс 130 163 120 011 108 888 100 302 322 458 319 589 2 333 006 2 163 152
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 822 099 781 086 749 156 718 711 1 316 339 1 291 856 5 837 375 5 202 322
    Көлік және жинақтау 157 254 109 975 148 435 100 870 275 119 225 459 1 329 176 1 218 891
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 58 100 54 518 53 270 50 222 167 481 147 397 500 454 485 788
    Ақпарат және байланыс 36 807 34 855 32 682 31 264 93 979 95 458 675 173 643 225
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 161 7 486 4 984 5 246 19 716 26 957 310 932 205 624
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 114 901 107 197 109 613 102 081 199 338 198 398 874 209 760 353
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 65 345 63 444 57 087 55 898 157 258 152 738 801 653 607 499
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 66 981 61 648 61 029 56 189 191 920 199 521 560 043 652 755
    Білім беру 50 488 44 786 47 468 42 151 162 874 161 997 302 596 254 248
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 21 046 19 899 19 680 18 695 85 924 94 259 274 520 204 823
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 20 911 19 517 18 896 17 722 40 260 38 839 354 806 293 854
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 324 945 321 868 300 776 300 382 389 695 390 789 858 927 748 852
    Динамикалық кестелер:

    Субъектілер санының, жұмыспен қамтылғандар санының және өнім шығарылымының ең көпүлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласында басым.

    Ел экономикасына ШОК-тың үлесі

    Республика бойынша 2025 жылғы қаңтар-наурызда ресми статистикалық деректерге сәйкес ЖІӨ-де ШОК үлесі 38,6% құрады және келесі жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 п.п. көбейді.

    ЖІӨ-дегі (ЖӨӨ) ШОК үлесі
    2023 жылдың қорытындылары бойынша 2022 жылдың қорытындылары бойынша
    ШОК ЖҚҚ, млн. теңге ЖІӨ-дегі үлесі (ЖӨӨ), пайызбен ШОК ЖҚҚ, млн. теңге ЖІӨ-дегі үлесі (ЖӨӨ), пайызбен
    Қазақстан Республикасы 11 766 413,1 38,6 9 822 204,7 37,7
    Абай 126 514,7 17,3 144 439,2 20,2
    Ақмола 261 563,6 30,1 203 342,6 26,6
    Ақтөбе 326 331,1 27,9 270 276,7 25,1
    Алматы 681 554,2 46,7 557 779,1 46,5
    Атырау 751 973,2 22,4 675 507,4 21,4
    Батыс Қазақстан 461 319,6 35,7 407 661,6 32,9
    Жамбыл 181 432,6 26,3 148 739,4 23,3
    Жетісу 184 819,6 40,3 157 823,1 40,2
    Қарағанды 381 713,3 20,1 330 830,1 19,6
    Қостанай 321 322,4 30,2 289 308,3 29,7
    Қызылорда 121 953,5 19,0 97 474,4 16,9
    Маңғыстау 314 987,6 30,7 258 423,6 30,3
    Павлодар 228 511,1 20,4 188 275,7 19,2
    Солтүстік Қазақстан 146 932,5 29,6 136 498,8 28,2
    Түркістан 275 806,4 26,2 223 986,2 24,1
    Ұлытау 33 098,2 6,5 28 923,6 6,7
    Шығыс Қазақстан 279 548,4 24,8 248 754,0 22,9
    Астана қаласы 2 055 778,1 58,7 2 073 067,0 78,3
    Алматы қаласы 4 028 500,4 57,9 2 939 741,9 55,2
    Шымкент қаласы 602 752,6 57,5 441 352,3 50,6
    Динамикалық кестелер:

    Субъектілердің санаттарына бөлінісінде шағын кәсіпкерліктің үлесі 31,4%-ды және орта кәсіпкерліктің үлесі 7,2%-ды құрайды.

    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың таза табыс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігі үшін жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі болып табылады.

    Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеумен және өткізумен тығыз байланысты адамдардың еңбек бірлестігі шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.

    Экономикалық қызмет түрі-жабдық, жұмыс күші, өндірістік процестер, ақпараттық желілер мен өнімдер біріктіріліп, біртекті өнімдердің (тауарлардың, қызметтердің) құрылуына әкелетін қызмет. Экономикалық қызмет түрі шығындармен, өндіріс процесімен және өндірілген өніммен сипатталады. Әрбір тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісіне қосылған құнның ең көп өсуін қамтамасыз ететін, яғни негізгі болып табылатын экономикалық қызмет түрі беріледі.

    Өнім шығару – барлық шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өндірушінің бағасымен көрсетілетін құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызметі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен регламенттелетін заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары жатады.

    Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

    Орта кәсіпкерлік субъектілеріне шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    C.Жунусова, Н.Кожанов
    Тел. +7 7172 749330, +7 7172 749814
    Е-mail: sa.zhunusova@aspire.gov.kz
    n.kozhanov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік Ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс