Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    545 557
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 545557 бірлікті құрады, оның ішінде 425529 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 852 245
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1852245 құрады, оның ішінде 1759354 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 328 798
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2328798 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2125003 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 545 557 425 529 1 852 245 1 759 354 30 397 22 011 2 328 798 2 125 003
    Шағын 536 248 416 359 - - 29 270 20 895 2 325 741 2 122 023
    Орта 6 834 6 728 - - 651 644 3 057 2 980
    Ірі 2 475 2 442 - - 476 472 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2015-2024 жылдары) олардың саны 360287-ден 536241 дейін (175954 бірлікке немесе 48,8%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
    Барлығы 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241
    Шағын 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826
    Орта 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919
    Ірі 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2025 жылғы маусымды мамыр айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,3%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,4%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 шілдеде олардың үлесі 27%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10,1%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,5%-ын құрады.

    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (154846 немесе 28,4%), Астана (106554 немесе 19,5%) және Шымкент (29518 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2957 және 0,5%), және Жетісу (8506 және 1,6%) және Абай (8535 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 545 557 425 529 46 658 193 436 185 435 4 036
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 285 18 435 1 408 6 023 11 004 108
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 930 5 020 524 1 260 3 236 40
    Өндеу өнеркәсібі 27 869 22 118 1 380 10 099 10 639 247
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 915 1 616 95 575 946 11
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 756 2 192 134 949 1 109 37
    Құрылыс 73 068 54 838 5 200 15 653 33 985 991
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 147 302 103 882 13 051 45 339 45 492 1 367
    Көлік және жинақтау 22 850 18 026 1 796 8 300 7 930 178
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 062 8 611 1 208 3 911 3 492 36
    Ақпарат және байланыс 19 154 15 514 2 128 7 150 6 236 55
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 959 5 694 671 2 444 2 579 115
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 044 22 870 2 122 13 653 7 095 146
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 35 387 28 124 2 511 13 715 11 898 190
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 564 20 915 1 806 10 802 8 307 122
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 737 9 483 242 8 950 291 30
    Білім беру 31 321 28 900 1 688 21 323 5 889 130
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 12 231 11 088 1 116 7 013 2 959 37
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 008 6 498 739 3 056 2 703 35
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 55 114 41 704 8 839 13 220 19 645 161
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 545 557 26 028 463 072 489 11 133 56 457
    Шағын 536 248 21 090 459 177 427 10 840 55 981
    Орта 6 834 3 730 2 815 28 180 289
    Ірі 2 475 1 208 1 080 34 113 187
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2025 жылғы маусымды мамыр айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,7%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,6%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,8%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 шілдеде олардың үлесі 36,7%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (15,8%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (13,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 66,4%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 852 245 1 759 354 1 779 524 1 687 594 72 721 71 760
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 257 544 247 930 184 960 176 237 72 584 71 693
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 818 728 818 728 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 92 667 87 604 92 659 87 597 8 7
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 629 583 629 583 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 149 2 058 2 148 2 057 1 1
    Құрылыс 61 689 57 812 61 688 57 812 1 -
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 680 560 644 676 680 544 644 663 16 13
    Көлік және жинақтау 156 160 151 567 156 152 151 560 8 7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 48 971 46 243 48 967 46 239 4 4
    Ақпарат және байланыс 19 364 18 320 19 364 18 320 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 635 573 635 573 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 100 419 96 393 100 399 96 380 20 13
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 32 396 30 636 32 396 30 636 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 44 059 42 022 44 046 42 009 13 13
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 118 110 118 110 - -
    Білім беру 33 818 32 380 33 817 32 379 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 064 10 569 11 064 10 569 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 16 491 15 498 16 490 15 497 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 292 694 273 652 292 630 273 645 64 7
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 30397 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22011. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3917 немесе 12,9%) және Астана қаласына (3529 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (1917 немесе 6,3%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12589 немесе 41,4%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4011 немесе 13,2%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2193 немесе 7,2%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 26 354 2 606 22 588 142 637 1 160
    Шағын 25 267 2 326 21 829 119 608 1 112
    Орта 628 150 442 12 12 36
    Ірі 459 130 317 11 17 12
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 043 2 129 308 903 918 81
    Шағын 4 003 2 091 306 871 914 80
    Орта 23 21 2 17 2 1
    Ірі 17 17 - 15 2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5,3%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,8%-ға көбейді.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,4%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,7%, «Құрылыс» – 9,5% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 61 660 44 650 11 770 8 648
    Ресей 23 112 17 638 4 880 3 737
    Өзбекстан 6 938 5 419 619 449
    Қытай 6 272 4 503 1 061 817
    Түркия 5 212 3 338 747 467
    Қырғызстан 3 091 1 945 381 292
    Әзірбайжан 1 597 1 200 215 150
    Украина 1 301 914 378 286
    Германия 956 730 484 347
    Беларусь 916 738 196 155
    Корея Республикасы 881 562 162 108
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,7%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 68,2%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,3%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,3%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,2%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,9%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,8% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 328 798 2 125 003
    Абай 58 996 54 897
    Ақмола 65 590 60 684
    Ақтөбе 93 161 87 133
    Алматы 159 501 149 985
    Атырау 69 335 64 323
    Батыс Қазақстан 63 590 58 593
    Жамбыл 118 711 106 654
    Жетісу 65 234 61 365
    Қарағанды 111 895 99 181
    Қостанай 71 715 67 949
    Қызылорда 67 552 64 926
    Маңғыстау 84 180 78 164
    Павлодар 63 724 56 607
    Солтүстік Қазақстан 39 048 35 906
    Түркістан 217 337 212 697
    Ұлытау 19 475 18 192
    Шығыс Қазақстан 69 225 62 810
    Астана қаласы 298 720 258 464
    Алматы қаласы 441 476 387 327
    Шымкент қаласы 150 333 139 146
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс