Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    2 328,8 мың
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойыншатіркелген ШОК субъектілерінің саны 2328,8 мың бірлікті құрады;
    2 125,0 мың
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2125,0 мың бірлікті құрады;
    4 434,5 мың
    2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 4434,5 мың адамды құрады;
    42 707,8 млрд.
    2025 жылғы қаңтар-маусым ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 42707,8 млрд. құрады.

    Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 70,8%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 17,1%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,0%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,1%-ды құрады.

    ШОК ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде

    Ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде тіркелген субъектілердіңең көп санын дара кәсіпкерлер –1,6 млн. бірлікті, одан жұмыс істеп тұрғандар 1,5 млн. бірлікті құрайды.

    Жұмыспен қамтылғандар санының ең көбі шағын кәсіпкерлікке– 1,7 млн. адам және дара кәсіпкерлерге – 2,0 млн. бірлік келеді.

    Шағын кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 24,5 трлн. теңгені құрады, бұл барлық ШОК субъектілерінің жалпы өнім шығарылымынан 57,3% ды құрайды.

    ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
      2025 жылғы 1 шілдеге 2024 жылғы 1 шілдеге
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі тіркелген субъектілер, бірлік 2 328 798 2 219 058
    соның ішінде:    
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 473 502 462 568
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 3 057 3 013
    дара кәсіпкерлер 1 589 357 1 480 033
    шаруа немесе фермер қожалықтары 262 882 273 444
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілер, бірлік 2 125 003 2 028 794
    соның ішінде:    
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 362 675 359 363
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 2 980 2 928
    дара кәсіпкерлер 1 504 589 1 400 080
    шаруа немесе фермер қожалықтары 254 759 266 423
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны, адам 4 434 468 4 266 952
    соның ішінде:    
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 1 711 195 1 688 132
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 433 809 414 822
    дара кәсіпкерлер 1 959 860 1 821 432
    шаруа немесе фермер қожалықтары 329 604 342 566
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі өнім шығарылымы, млн. теңге 42 707 762 34 266 817
    соның ішінде:    
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 24 465 713 21 593 496
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 7 625 058 5 918 531
    дара кәсіпкерлер 10 294 643 6 488 493
    шаруа немесе фермер қожалықтары 322 348 266 297

    Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санында жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 91,2% құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,2 п.п.төмен. Өңірлер бөлінісінде ең көп үлесі Түркістан (97,9%), Қызылорда (96,1%) және Қостанай (94,7%) облыстарында байқалады. Ең аз үлес Астана қ. (86,5%) қаласында тіркелген.

    ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
        2025 жылғы 1 шілдеге 2024 жылғы 1 шілдеге
      тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны, бірлік тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны, бірлік
    Қазақстан Республикасы 2 328 798 2 125 003 2 219 058 2 028 794
    Абай 58 996 54 897 58 094 53 830
    Ақмола 65 590 60 684 63 976 58 537
    Ақтөбе 93 161 87 133 92 347 83 877
    Алматы 159 501 149 985 146 745 139 360
    Атырау 69 335 64 323 68 439 62 957
    БатысҚазақстан 63 590 58 593 62 720 58 009
    Жамбыл 118 711 106 654 118 523 105 272
    Жетісу 65 234 61 365 63 870 59 658
    Қарағанды 111 895 99 181 111 252 101 015
    Қостанай 71 715 67 949 69 089 65 019
    Қызылорда 67 552 64 926 68 068 64 478
    Маңғыстау 84 180 78 164 83 863 77 265
    Павлодар 63 724 56 607 61 888 56 036
    СолтүстікҚазақстан 39 048 35 906 38 564 35 745
    Түркістан 217 337 212 697 212 989 207 937
    Ұлытау 19 475 18 192 19 378 18 303
    ШығысҚазақстан 69 225 62 810 69 656 62 273
    Астанақаласы 298 720 258 464 266 499 234 429
    Алматы қаласы 441 476 387 327 398 385 353 852
    Шымкент қаласы 150 333 139 146 144 713 130 942
            жалғасы
          2025 жылғы 1 шілдеге 2025 жылғы қаңтар - маусым 2024 жылғы 1 шілдеге 2024 жылғы қаңтар - маусым
      ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге
    Қазақстан Республикасы 4 434 468 42 707 762 4 266 952 34 266 817
    Абай 107 279 562 307 103 952 446 871
    Ақмола 147 016 1 001 003 145 237 804 628
    Ақтөбе 183 330 1 236 373 172 186 925 494
    Алматы 272 665 2 150 447 246 798 1 612 706
    Атырау 138 807 2 448 279 146 031 2 430 347
    БатысҚазақстан 122 171 1 347 796 129 908 1 200 592
    Жамбыл 165 353 765 505 164 607 595 974
    Жетісу 107 331 566 297 104 723 491 458
    Қарағанды 236 227 1 973 819 231 677 1 222 506
    Қостанай 167 613 1 113 791 160 664 899 911
    Қызылорда 113 095 608 524 116 832 432 945
    Маңғыстау 147 427 1 150 846 147 435 1 020 784
    Павлодар 140 184 914 202 139 041 749 674
    СолтүстікҚазақстан 106 756 672 299 109 296 476 302
    Түркістан 296 210 1 362 726 287 368 916 258
    Ұлытау 30 896 160 609 30 081 134 098
    ШығысҚазақстан 152 753 1 111 538 154 209 828 120
    Астанақаласы 541 473 8 326 824 508 567 6 664 140
    Алматы қаласы 1 007 445 13 207 337 941 827 10 915 145
    Шымкент қаласы 250 437 2 027 240 226 513 1 498 864
    Динамикалық кестелер:

    ШОК саласына елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санынан 45,5% келеді. Өңірлер бөлінісінде ең көп үлес Алматы және Астана қалаларында басым. Ең аз үлес Жамбыл облысында тіркелген.

    ШОК экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде

    2025 жылғы 1 шілдедегі тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2328,8 мың бірлікті құрады және 2024 жылғы сәйкес күнімен (2219,1 мың бірлік) салыстырғанда 4,9%-ға артты.

    2025 жылғы 1 шілдедегі жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2125,0 мың бірлікті құрады және 2024 жылдың сәйкес күнімен (2028,8 мың бірлік) салыстырғанда 4,7%-ға артты.

    2025 жылғы 1 шілдедегі ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 4434,5 мың адамды құрады, бұл 3,9%-ға артты.

    2025 жылғы қаңтар-маусымда ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 42707,8 млрд. теңгені құрады және 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,9%-ға артты (ТБИ ескере отырып).

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
      Тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге
    2025 жылғы 1 шілдеге 2024 жылғы 1 шілдеге 2025 жылғы 1 шілдеге 2024 жылғы 1 шілдеге 2025 жылғы 1 шілдеге 2024 жылғы 1 шілдеге 2025 жылғы қаңтар-маусым 2024 жылғы қаңтар- маусым
    Барлығы 2 328 798 2 219 058 2 125 003 2 028 794 4 434 468 4 266 952 42 707 762 34 266 817
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 297 936 312 665 284 619 299 577 456 727 474 200 1 625 568 1 173 285
    Өнеркәсіп 131 695 132 187 119 097 119 820 454 311 433 075 7 145 657 5 848 405
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 377 6 049 5 403 5 037 44 041 41 727 1 624 647 1 601 496
    Өңдеу өнеркәсібі 118 477 119 384 107 767 109 035 372 746 354 156 4 992 690 3 720 766
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 2 345 2 370 2 014 2 026 13 756 16 229 374 938 402 069
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 4 496 4 384 3 913 3 722 23 768 20 963 153 382 124 074
    Құрылыс 133 449 123 336 111 500 101 766 356 516 336 744 6 392 252 4 797 440
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 818 670 793 659 739 854 723 121 1 330 766 1 286 239 12 629 477 10 260 219
    Көлік және жинақтау 176 502 111 873 167 240 102 008 302 160 228 809 2 987 638 2 465 872
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 59 390 55 548 54 240 50 618 167 664 149 377 1 089 742 935 391
    Ақпарат және байланыс 37 547 35 450 33 072 31 479 96 636 97 042 1 367 005 1 274 261
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 197 7 424 4 991 5 115 20 374 26 378 664 462 463 990
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 115 459 109 585 109 419 103 669 201 137 199 956 1 848 830 1 453 068
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 66 112 64 196 57 410 55 982 157 279 155 542 1 848 696 1 446 073
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 68 144 63 102 61 613 57 073 197 048 200 145 1 211 658 1 324 149
    Білім беру 51 158 46 022 47 801 43 079 166 246 159 971 625 103 494 756
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 21 320 20 201 19 851 18 868 96 231 92 287 588 767 439 137
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 21 668 20 148 19 466 18 162 42 640 39 340 739 749 577 281
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 322 551 323 662 294 830 298 457 388 733 387 847 1 943 158 1 313 490
    Динамикалық кестелер:

    Субъектілер санының, жұмыспен қамтылғандар санының және өнім шығарылымының ең көпүлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласында басым.

    Ел экономикасына ШОК-тың үлесі

    Республика бойынша 2025 жылғы қаңтар-маусымда ресми статистикалық деректерге сәйкес ЖІӨ-де ШОК үлесі 39,8% құрады және келесі жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 п.п. көбейді.

    ЖІӨ-дегі (ЖӨӨ) ШОК үлесі
      2025 жылғы қаңтар-маусым 2024 жылғы қаңтар-маусым
      ШОК ЖҚҚ, млн. тенге ЖІӨ-дегі үлесі (ЖӨӨ), пайызбен ШОК ЖҚҚ, млн. тенге ЖІӨ-дегі үлесі (ЖӨӨ), пайызбен
    Қазақстан Республикасы 24 404 364,2 39,8 20 009 911,2 38,2
    Абай 243 692,4 18,0 233 051,2 17,9
    Ақмола 551 265,1 30,8 494 041,6 30,8
    Ақтөбе 686 133,6 27,6 616 379,0 26,9
    Алматы 1 329 466,2 45,1 1 080 513,7 44,9
    Атырау 1 585 572,0 21,2 1 399 523,1 21,0
    Батыс Қазақстан 810 604,9 36,7 773 181,9 36,0
    Жамбыл 348 181,0 22,5 329 407,7 23,5
    Жетісу 282 028,5 29,5 259 278,5 33,2
    Қарағанды 683 085,0 18,7 587 876,7 17,8
    Қостанай 567 668,2 28,2 490 618,1 27,7
    Қызылорда 279 973,2 20,1 265 131,2 20,4
    Маңғыстау 770 732,1 31,2 695 967,0 31,4
    Павлодар 470 101,7 21,9 392 079,5 21,6
    Солтүстік Қазақстан 333 568,6 31,6 299 117,6 31,0
    Түркістан 594 636,7 28,9 511 179,5 29,1
    Ұлытау 70 105,9 6,9 58 466,7 7,3
    Шығыс Қазақстан 579 135,6 26,2 465 403,4 24,4
    Астана қаласы 4 913 799,1 72,3 3 932 498,2 72,1
    Алматы қаласы 8 015 738,8 59,2 6 103 972,0 57,3
    Шымкент қаласы 1 288 875,9 57,6 1 022 224,6 56,4
    Динамикалық кестелер:

    Субъектілердің санаттарына бөлінісінде шағын кәсіпкерліктің үлесі 31,9%-ды және орта кәсіпкерліктің үлесі 7,9%-ды құрайды.

    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың таза табыс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігі үшін жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі болып табылады.

    Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеумен және өткізумен тығыз байланысты адамдардың еңбек бірлестігі шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.

    Экономикалық қызмет түрі-жабдық, жұмыс күші, өндірістік процестер, ақпараттық желілер мен өнімдер біріктіріліп, біртекті өнімдердің (тауарлардың, қызметтердің) құрылуына әкелетін қызмет. Экономикалық қызмет түрі шығындармен, өндіріс процесімен және өндірілген өніммен сипатталады. Әрбір тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісіне қосылған құнның ең көп өсуін қамтамасыз ететін, яғни негізгі болып табылатын экономикалық қызмет түрі беріледі.

    Өнім шығару – барлық шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өндірушінің бағасымен көрсетілетін құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызметі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен регламенттелетін заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары жатады.

    Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

    Орта кәсіпкерлік субъектілеріне шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    C.Жунусова, Н.Кожанов
    Тел. +7 7172 749330, +7 7172 749814
    Е-mail: sa.zhunusova@aspire.gov.kz
    n.kozhanov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік Ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші