Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    541 453
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 541453 бірлікті құрады, оның ішінде 423630 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 830 460
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1830460 құрады, оның ішінде 1741921 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 303 260
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2303260 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2105823 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 541 453 423 630 1 830 460 1 741 921 30 454 21 897 2 303 260 2 105 823  
    Шағын 532 162 414 477 - - 29 333 20 787 2 300 193 2 102 833  
    Орта 6 834 6 730 - - 639 632 3 067 2 990  
    Ірі 2 457 2 423 - - 482 478 - -  
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2015-2024 жылдары) олардың саны 360287-ден 536241 дейін (175954 бірлікке немесе 48,8%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
    Барлығы   360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241
    Шағын   351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826
    Орта   6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919
    Ірі   2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2025 жылғы сәуірді наурыз айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,4%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,2%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2%-ға азайды, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2%-ға азайғаны байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 мамырда олардың үлесі 27,1%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,5%-ын құрады.

    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (153617 немесе 28,4%), Астана (105425 немесе 19,5%) және Шымкент (29234 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2938 және 0,5%), және Жетісу (8457 және 1,6%) және Абай (8492 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 541 453 423 630 46 057 191 573 186 000 4 074
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 224 18 391 1 373 5 117 11 901 106
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 802 4 895 571 1 214 3 110 39
    Өндеу өнеркәсібі 27 642 22 023 1 672 9 973 10 378 248
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 917 1 615 121 568 926 12
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 734 2 182 139 924 1 119 38
    Құрылыс 72 169 54 006 4 813 16 489 32 704 1 008
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 716 103 766 13 229 44 848 45 689 1 368
    Көлік және жинақтау 22 646 17 954 1 782 8 007 8 165 182
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 962 8 628 1 210 3 854 3 564 39
    Ақпарат және байланыс 18924 15 417 2 055 7 084 6 278 57
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 908 5 637 632 2 372 2 633 118
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 26 908 22 929 2 119 13 618 7 192 150
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 35 165 28 039 2 392 13 528 12 119 188
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 448 21 025 1 757 10 624 8 644 124
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 701 9 444 207 9 007 230 29
    Білім беру 31 145 28 739 1 666 21 025 6 048 134
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 12 078 10 940 1 076 6 844 3 020 35
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 961 6 500 745 3 007 2 748 35
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 54 402 41 499 8 498 13 469 19 532 164
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 541 453 25 979 459 924 491 11 054 55 550
    Шағын 532 162 21 063 456 020 429 10 767 55 079
    Орта 6 834 3 713 2 834 28 176 287
    Ірі 2 457 1 203 1 070 34 111 184
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2025 жылғы сәуірді наурыз айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,6%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 6,2%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 мамырда олардың үлесі 37,1%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (16%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,2%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 67,2%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 830 460 1 741 921 1 757 709 1 670 655 72 751 71 266
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 259 290 248 645 186 630 177 444 72 660 71 201
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 811 729 811 729 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 92 689 87 979 92 680 87 971 9 8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 629 587 629 587 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 135 2 051 2 134 2 050 1 1
    Құрылыс 60 007 56 400 60 005 56 399 2 1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 678 870 645 334 678 856 645 323 14 11
    Көлік және жинақтау 140 981 136 604 140 972 136 597 9 7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 47 916 45 255 47 911 45 250 5 5
    Ақпарат және байланыс 19 052 18 044 19 052 18 044 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 609 545 609 545 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 99 495 95 909 99 476 95 897 19 12
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 32 007 30 317 32 007 30 317 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 43 244 41 270 43 233 41 259 11 11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 121 113 121 113 - -
    Білім беру 33 496 32 097 33 495 32 096 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 038 10 556 11 038 10 556 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 15 926 14 987 15 925 14 986 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 292 144 274 499 292 125 274 492 19 7
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 30454 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21897. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3865 немесе 12,7%) және Астана қаласына (3530 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (1919 немесе 6,3%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12635 немесе 41,5%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4030 немесе 13,2%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2160 немесе 7,1%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 26 423 2 583 22 702 146 646 1 138
    Шағын 25 342 2 317 21 933 124 616 1 092
    Орта 617 138 446 12 12 33
    Ірі 464 128 323 10 18 13
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 031 2 110 289 911 910 81
    Шағын 3 991 2 072 288 880 904 80
    Орта 22 20 1 16 3 1
    Ірі 18 18 - 15 3 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5,3%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1,2%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,1%, «Құрылыс» – 9,1% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 60 719 44 351 11 700 8 611
    Ресей 23 218 17 988 4 868 3 747
    Өзбекстан 6 337 4 934 616 446
    Қытай 5 853 4 141 1 024 785
    Түркия 5 209 3 384 748 470
    Қырғызстан 3 125 2 041 390 301
    Әзірбайжан 1 579 1 194 216 152
    Украина 1 316 941 380 285
    Германия 950 729 487 346
    Беларусь 911 738 192 150
    Корея Республикасы 874 560 165 112
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,5%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,9%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,4%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,5%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,4%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,9%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 13,1% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 303 260 2 105 823
    Абай 58 843 54 651
    Ақмола 65 028 60 031
    Ақтөбе 92 232 86 089
    Алматы 156 581 148 113
    Атырау 68 488 63 406
    Батыс Қазақстан 63 074 59 167
    Жамбыл 117 758 106 426
    Жетісу 64 707 60 705
    Қарағанды 111 514 98 933
    Қостанай 70 895 66 979
    Қызылорда 67 287 64 482
    Маңғыстау 83 592 77 378
    Павлодар 63 255 57 299
    Солтүстік Қазақстан 38 763 35 652
    Түркістан 217 037 211 573
    Ұлытау 19 402 18 126
    Шығыс Қазақстан 69 364 63 312
    Астана қаласы 292 431 255 908
    Алматы қаласы 433 031 378 872
    Шымкент қаласы 149 978 138 721
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс