Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    539 304
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 539304 бірлікті құрады, оның ішінде 424506 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 819 033
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1819033 құрады, оның ішінде 1734957 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 289 818
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2289818 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2099642 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 539 304 424 506 1 819 033 1 734 957 26 513 22 101 2 289 818 2 099 642  
    Шағын 529 981 415 317 - - 25 427 20 990 2 286 705 2 096 605
    Орта 6 852 6 751 - - 624 634 3 113 3 037
    Ірі 2 471 2 438 - - 462 477 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2015-2024 жылдары) олардың саны 360287-ден 536241 дейін (175954 бірлікке немесе 48,8%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
    Барлығы   360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241
    Шағын   351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826
    Орта   6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919
    Ірі   2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2025 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,2%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,0%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2%-ға өскені, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,06%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 сәуірде олардың үлесі 27,1%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10,1%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,5%-ын құрады.

    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (152915 немесе 28,4%), Астана (104798 немесе 19,4%) және Шымкент (29106 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2929 және 0,5%), және Жетісу (8436 және 1,6%) және Абай (8480 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 539 304 424 506 46 473 200 858 177 175 4 134
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 185 18 317 1 455 6 866 9 996 105
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 738 4 844 548 1 496 2 800 40
    Өндеу өнеркәсібі 27 520 21 934 1 684 10532 9 718 255
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 922 1 627 124 656 847 11
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 713 2 168 137 1 040 991 36
    Құрылыс 71 669 53 748 4 718 18 275 30 755 1 031
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 320 104 438 13 302 46 201 44 935 1 392
    Көлік және жинақтау 22 584 17 962 1 822 8 387 7 753 185
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 883 8 654 1 241 4 089 3 324 39
    Ақпарат және байланыс 18 824 15 473 2 112 7 335 6 026 58
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 885 5 645 606 2 620 2 419 119
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 26 821 22 959 2 129 14 093 6 737 148
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 35 027 28 089 2 378 14 181 11 530 191
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 353 21 074 1 784 11 216 8 074 126
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 675 9 426 182 9 075 169 28
    Білім беру 31 057 28 822 1 682 20 992 6 148 136
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 968 10 888 1 052 6 742 3 094 36
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 937 6 521 767 3 275 2 479 35
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 54 222 41 916 8 750 13 786 19 380 163
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 539 304 25 950 458 174 477 11 032 55 180
    Шағын 529 981 21 060 454 220 414 10 742 54 701
    Орта 6 852 3 684 2 879 28 179 289
    Ірі 2 471 1 206 1 075 35 111 190
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2025 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,2%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,4%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 5,0%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 сәуірде олардың үлесі 37,2%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (16,1%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,3%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 67,6%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 819 033 1 734 957 1746 305 1 663 939 72 728 71 018
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 259 929 248 366 187 292 177 416 72 637 70 950
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 815 747 815 747 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 92 851 88 571 92 842 88 563 9 8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 628 590 628 590 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 115 2 039 2 114 2 038 1 1
    Құрылыс 58 963 55 493 58 961 55 492 2 1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 676 533 645 361 676 519 645 350 14 11
    Көлік және жинақтау 135 212 130 894 135 203 130 887 9 7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 47 324 44 705 47 319 44 700 5 5
    Ақпарат және байланыс 18 850 17 885 18 850 17 885 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 570 509 570 509 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 98 763 95 465 98 744 95 450 19 15
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 774 30 156 31 774 30 156 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 42 653 40 844 42 642 40 833 11 11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 124 118 124 118 - -
    Білім беру 33 182 31 904 33 181 31 903 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 988 10 535 10 988 10 535 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 15 673 14 784 15 672 14 783 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 292 086 275 991 292 067 275 984 19 7
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 30529 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22128. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3859 немесе 12,6%) және Астана қаласына (3528 немесе 11,5%), және Түркістан облысына (1926 немесе 6,3%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12660 немесе 41,4%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4050 немесе 13,2%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2169 немесе 7,1%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 26 513 2 573 22 802 155 653 1 138
    Шағын 25 427 2 309 22 024 133 621 1 094
    Орта 624 138 455 12 13 31
    Ірі 462 126 323 10 19 13
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 016 2 230 281 957 992 81
    Шағын 3 976 2 192 280 922 990 80
    Орта 22 20 1 18 1 1
    Ірі 18 18 - 17 1 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5,9%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1,8%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,9%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,8%, «Құрылыс» – 9,1% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 60 334 44 904 11 685 8 650
    Ресей 23 251 18 366 4 880 3 781
    Өзбекстан 6 215 4 892 612 448
    Қытай 5 650 4 000 1 006 778
    Түркия 5 200 3 439 754 478
    Қырғызстан 3 114 2 081 387 295
    Әзірбайжан 1 562 1 186 214 153
    Украина 1 317 970 384 288
    Германия 945 727 489 351
    Беларусь 916 758 188 145
    Корея Республикасы 877 582 164 111
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,0%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,7%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,4%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,6%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,4%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,9%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 13,2% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 289 818 2 099 642
    Абай 58 776 54 861
    Ақмола 64 719 60 034
    Ақтөбе 92 009 85 887
    Алматы 154 985 147 411
    Атырау 68 276 63 648
    Батыс Қазақстан 62 854 58 871
    Жамбыл 117 550 105 346
    Жетісу 64 554 60 659
    Қарағанды 111 185 99 535
    Қостанай 70 601 66 910
    Қызылорда 67 131 64 538
    Маңғыстау 83 448 77 002
    Павлодар 62 959 57 019
    Солтүстік Қазақстан 38 711 35 706
    Түркістан 216 563 209 991
    Ұлытау 19 328 18 231
    Шығыс Қазақстан 69 265 63 394
    Астана қаласы 288 979 253 065
    Алматы қаласы 428 719 378 683
    Шымкент қаласы 149 206 138 851
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші