Өлшемділігі бойынша | Заңды тұлғалар | Дара кәсіпкерлік субъектілері | Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары | Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер | |||||
тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | ||
Барлығы | 537 731 | 423 411 | 1814 272 | 1 727 921 | 30 533 | 22 101 | 2 283 656 | 2 091 705 | |
Шағын | 528 407 | 414 219 | - | - | 29 411 | 20 990 | 2 280 554 | 2 088 677 | |
Орта | 6 839 | 6 740 | - | - | 642 | 634 | 3 102 | 3 028 | |
Ірі | 2 485 | 2 452 | - | - | 480 | 477 | - | - |
Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2015-2024 жылдары) олардың саны 360287-ден 536241 дейін (175954 бірлікке немесе 48,8%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.
Өлшемділігі бойынша | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | |
Барлығы | 360 287 | 383 850 | 412 677 | 433 774 | 446 687 | 461 983 | 481 732 | 507 238 | 526 290 | 536 241 | |
Шағын | 351 229 | 374 912 | 403 862 | 424 796 | 437 988 | 453 343 | 472 777 | 497 995 | 517 123 | 526 826 | |
Орта | 6 572 | 6 502 | 6 432 | 6 490 | 6 297 | 6 235 | 6 494 | 6 685 | 6 689 | 6 919 | |
Ірі | 2 486 | 2 436 | 2 383 | 2 488 | 2 402 | 2 405 | 2 461 | 2 558 | 2 478 | 2 496 |
2025 жылғы ақпанды қаңтар айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,2%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,9%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,8%-ға азайды, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 наурызда олардың үлесі 27,2%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,5%-ын құрады.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (152342 немесе 28,3%), Астана (104348 немесе 19,4%) және Шымкент (29046 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2931 және 0,5%), және Жетісу (8408 және 1,6%) және Абай (8489 және 1,6%) облыстарына тиесілі.
Қызмет түрлері бойынша | Барлығы | Одан | ||||
жұмыс істеп тұрғандар | оның ішінде | Таратылу процесінде | ||||
қайта тіркелгендер | белсенді | уақытша белсенді еместері | ||||
Барлығы | 537 731 | 423 411 | 45 344 | 201 659 | 176 408 | 4 180 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 21 128 | 18 229 | 1 402 | 7 106 | 9 721 | 106 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 5 696 | 4 795 | 523 | 1 516 | 2 756 | 41 |
Өндеу өнеркәсібі | 27 389 | 21 768 | 1 863 | 10 526 | 9 379 | 258 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 918 | 1 618 | 140 | 681 | 797 | 11 |
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 2 711 | 2 163 | 138 | 1 070 | 955 | 36 |
Құрылыс | 71 346 | 53 700 | 4 480 | 18 547 | 30 673 | 1 040 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 146 066 | 104 093 | 12 756 | 46 234 | 45 103 | 1 417 |
Көлік және жинақтау | 22 560 | 17 933 | 1 795 | 8 437 | 7 701 | 192 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 10 808 | 8 576 | 1 175 | 4 112 | 3 289 | 39 |
Ақпарат және байланыс | 18 766 | 15 473 | 2 090 | 7 349 | 6 034 | 56 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 7 825 | 5 578 | 536 | 2 624 | 2 418 | 118 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 26 750 | 22 910 | 2 088 | 14 142 | 6 680 | 148 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 34 916 | 28 034 | 2 327 | 14 279 | 11 428 | 194 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 25 318 | 21 077 | 1 760 | 11 260 | 8 057 | 126 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 9 715 | 9 467 | 184 | 9 111 | 172 | 28 |
Білім беру | 30 972 | 28 742 | 1 667 | 20 868 | 6 207 | 135 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 11 907 | 10 822 | 1 028 | 6 666 | 3 128 | 37 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 7 916 | 6 531 | 748 | 3 302 | 2 481 | 35 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 54 023 | 41 901 | 8 644 | 13 828 | 19 429 | 163 |
Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі | 1 | 1 | - | 1 | - | - |
Өлшемділігі бойынша | Барлығы | Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша | ||||
мемлекеттік | жеке барлығы | одан | шетелдік | |||
мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) | бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен) | |||||
Барлығы | 537 731 | 25 972 | 456 905 | 469 | 10 982 | 54 854 |
Шағын | 528 407 | 21 075 | 452 956 | 405 | 10 688 | 54 376 |
Орта | 6 839 | 3 682 | 2 869 | 29 | 182 | 288 |
Ірі | 2 485 | 1 215 | 1 080 | 35 | 112 | 190 |
2025 жылғы ақпанды қаңтар айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,5%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,3%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,6%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 4,8%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 наурызда олардың үлесі 37,3%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (16,2%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,4%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 67,9%-ын құрайды.
Қызмет түрлері бойынша | Барлығы | Оның ішінде іске асыратындар: | ||||
тіркелген | жұмыс істеп тұрған | жеке кәсіпкерлік түрінде | бірлескен кәсіпкерлік түрінде | |||
тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | |||
Барлығы | 1 814 272 | 1 727 921 | 1 741 577 | 1 656 949 | 72 695 | 70 972 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 261 074 | 249 295 | 188 476 | 178 396 | 72 598 | 70 899 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 809 | 739 | 809 | 739 | - | - |
Өңдеу өнеркәсібі | 93 548 | 89 129 | 93 539 | 89 121 | 9 | 8 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 621 | 581 | 621 | 581 | - | - |
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 2 106 | 2 028 | 2 105 | 2 027 | 1 | 1 |
Құрылыс | 58 497 | 54 934 | 58 495 | 54 933 | 2 | 1 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 677 019 | 645 054 | 677 006 | 645 044 | 13 | 10 |
Көлік және жинақтау | 128 721 | 124 306 | 128 712 | 124 300 | 9 | 6 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 46 995 | 44 304 | 46 990 | 44 299 | 5 | 5 |
Ақпарат және байланыс | 18 770 | 17 759 | 18 770 | 17 759 | - | - |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 543 | 479 | 543 | 479 | - | - |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 98 492 | 95 074 | 98 473 | 95 059 | 19 | 15 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 31 725 | 30 061 | 31 725 | 30 061 | - | - |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 42 288 | 40 418 | 42 276 | 40 406 | 12 | 12 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 119 | 113 | 119 | 113 | - | - |
Білім беру | 32 953 | 31 643 | 32 952 | 31 642 | 1 | 1 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 10 985 | 10 513 | 10 985 | 10 513 | - | - |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 15 625 | 14 723 | 15 624 | 14 722 | 1 | 1 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 293 382 | 276 768 | 293 357 | 276 755 | 25 | 13 |
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 30533 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22101. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3856 немесе 12,6%) және Астана қаласына (3525 немесе 11,5%), және Қарағанды облысына (1916 немесе 6,3%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12650 немесе 41,4%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4043 немесе 13,2%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2172 немесе 7,1%) салаларына жатады.
Өлшемділігі бойынша | Барлығы | Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша | ||||
мемлекеттік | жеке барлығы | одан | шетелдік | |||
мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) | бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен) | |||||
Барлығы | 26 526 | 2 564 | 22 819 | 156 | 653 | 1 143 |
Шағын | 25 444 | 2 305 | 22 041 | 134 | 621 | 1 098 |
Орта | 620 | 134 | 455 | 12 | 13 | 31 |
Ірі | 462 | 125 | 323 | 10 | 19 | 14 |
Өлшемділігі бойынша |
Барлығы | Одан | ||||
жұмыс істеп тұрған | оның ішінде | таратылу процесінде | ||||
қайта тіркелгендер | белсенді | уақытша белсенді еместері | ||||
Барлығы | 4 007 | 2 221 | 269 | 953 | 999 | 81 |
Шағын | 3 967 | 2 183 | 268 | 918 | 997 | 80 |
Орта | 22 | 20 | 1 | 18 | 1 | 1 |
Ірі | 18 | 18 | - | 17 | 1 | - |
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5,9%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1,8%-ға азайды.
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,9%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,8%, «Құрылыс» – 9,1% салаларына тиесілі.
Елдер бойынша | Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары | |||
шетелдік меншік нысаны | бірлескен меншік нысаны | |||
тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | |
Қазақстан Республикасы | 60 004 | 44 707 | 11 635 | 8 612 |
Ресей | 23 260 | 18 389 | 4 871 | 3 779 |
Өзбекстан | 6 105 | 4 788 | 616 | 450 |
Қытай | 5 496 | 3 844 | 974 | 745 |
Түркия | 5 204 | 3 464 | 752 | 479 |
Қырғызстан | 3 116 | 2 153 | 386 | 295 |
Әзірбайжан | 1 544 | 1 174 | 215 | 153 |
Украина | 1 319 | 973 | 387 | 292 |
Германия | 947 | 731 | 491 | 353 |
Беларусь | 914 | 754 | 189 | 145 |
Корея Республикасы | 876 | 582 | 164 | 111 |
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3,9%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,7%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,4%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,8%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,6%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,1%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 13,3% салаларына тиесілі.
Аумақтар бөлісінде | Тіркелген | Жұмыс істеп тұрғандар |
Қазақстан Республикасы | 2 283 656 | 2 091 705 |
Абай | 58 811 | 54 793 |
Ақмола | 64 593 | 59 802 |
Ақтөбе | 92 377 | 86 121 |
Алматы | 153 925 | 146 214 |
Атырау | 68 225 | 63 471 |
Батыс Қазақстан | 62 719 | 58 670 |
Жамбыл | 117 522 | 105 096 |
Жетісу | 64 544 | 60 554 |
Қарағанды | 111 318 | 99 427 |
Қостанай | 70 577 | 66 783 |
Қызылорда | 67 524 | 64 854 |
Маңғыстау | 83 699 | 77 165 |
Павлодар | 62 843 | 56 918 |
Солтүстік Қазақстан | 38 708 | 35 638 |
Түркістан | 217 283 | 210 577 |
Ұлытау | 19 442 | 18 310 |
Шығыс Қазақстан | 69 380 | 63 311 |
Астана қаласы | 286 279 | 251 187 |
Алматы қаласы | 424 938 | 374 411 |
Шымкент қаласы | 148 949 | 138 403 |
Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.
Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;
Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.
Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.
Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.
Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.
Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:
«Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:
Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.