Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    536 677
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 536677 бірлікті құрады, оның ішінде 426867 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 805 947
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1805947 құрады, оның ішінде 1718306 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 274 387
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2274387 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2085357 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 536 677 426 867 1 805 947 1 718 306 30 565 22 398 2 274 387 2 085 357  
    Шағын 527 354 417 674 - - 29 454 21 299 2 271 271 2 082 313  
    Орта 6 845 6 746 - - 630 622 3 116 3 044  
    Ірі 2 478 2 447 - - 481 477 - -  
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2015-2024 жылдары) олардың саны 360287-ден 536241 дейін (175954 бірлікке немесе 48,8%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
    Барлығы   360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241
    Шағын   351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826
    Орта   6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919
    Ірі   2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2025 жылғы қаңтарды 2024 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,1%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,9%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 2024 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 0,2%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 ақпанда олардың үлесі 27,2%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,5%-ын құрады.

    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (151954 немесе 28,3%), Астана (103967 немесе 19,4%) және Шымкент (29263 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2922 және 0,5%), және Жетісу (8355 және 1,6%) және Абай (8482 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 536 677 426 867 45 460 201 220 180 187 4 253
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 097 18 196 1 358 6 963 9 875 107
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 671 4 782 554 1 487 2 741 41
    Өндеу өнеркәсібі 27 310 21 745 1 865 10 412 9 468 262
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 912 1 621 139 676 806 10
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 702 2 159 136 1 061 962 35
    Құрылыс 71 188 53 858 4 505 18 546 30 807 1 071
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 074 106 661 13 159 46 916 46 586 1 444
    Көлік және жинақтау 22 513 17 999 1 745 8 359 7 895 197
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 756 8 531 1 117 4 061 3 353 40
    Ақпарат және байланыс 18 692 15 572 2 152 7 281 6 139 56
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 798 5 652 579 2 559 2 514 119
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 26 714 22 932 2 047 14 049 6 836 152
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 833 28 155 2 276 14 147 11 732 199
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 271 21 221 1 777 11 167 8 277 126
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 712 9 462 182 9 112 168 28
    Білім беру 30 863 28 669 1 597 20 775 6 297 133
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 814 10 757 945 6 622 3 190 37
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 926 6 597 768 3 253 2 576 35
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 53 830 42 297 8 559 13 773 19 965 161
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 536 677 25 956 456 182 463 10 995 54 539
    Шағын 527 354 21 079 452 216 397 10 703 54 059
    Орта 6 845 3 673 2 882 30 183 290
    Ірі 2 478 1 204 1 084 36 109 190
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2025 жылғы қаңтарды 2024 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,6%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 4,6%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының 2024 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 0,7%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 ақпанда олардың үлесі 37,5%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (16,3%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,5%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 68,3%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 805 947 1 718 306 1 733 293 1 647 395 72 654 70 911
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 262 567 250 545 190 013 179 709 72 554 70 836
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 806 736 806 736 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 94 142 89 687 94 133 89 679 9 8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 621 580 621 580 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 114 2 036 2 113 2 035 1 1
    Құрылыс 58 152 54 538 58 150 54 537 2 1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 676 800 644 463 676 785 644 451 15 12
    Көлік және жинақтау 120 260 115 780 120 251 115 774 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 46 500 43 783 46 495 43 778 5 5
    Ақпарат және байланыс 18 709 17 672 18 709 17 672 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 532 465 532 465 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 98 009 94 496 97 991 94 483 18 13
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 639 29 963 31 639 29 963 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 41 827 39 929 41 816 39 918 11 11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 118 113 118 113 - -
    Білім беру 32 555 31 225 32 554 31 224 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 982 10 498 10 982 10 498 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 15 538 14 631 15 537 14 630 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 294 076 277 166 294 048 277 150 28 16
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 30565 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22398. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3846 немесе 12,6%) және Астана қаласына (3525 немесе 11,5%), және Қарағанды облысына (1916 немесе 6,3%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12657 немесе 41,4%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4052 немесе 13,3%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2165 немесе 7,1%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 26 553 2 557 22 852 159 654 1 144
    Шағын 25 482 2 300 22 082 135 622 1 100
    Орта 608 131 446 13 13 31
    Ірі 463 126 324 11 19 13
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 012 2 324 289 989 1 046 81
    Шағын 3 972 2 286 288 953 1 045 80
    Орта 22 20 1 18 1 1
    Ірі 18 18 - 18 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,1%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 2%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,7%, «Құрылыс» – 9,1% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 59 695 45 211 11 649 8 718
    Ресей 23 231 18 765 4 889 3 831
    Өзбекстан 5 915 4 590 623 460
    Қытай 5 378 3 783 968 746
    Түркия 5 240 3 542 748 482
    Қырғызстан 3 110 2 156 386 301
    Әзірбайжан 1 531 1 180 212 152
    Украина 1 319 985 389 299
    Германия 941 741 495 358
    Беларусь 916 772 186 145
    Корея Республикасы 880 613 161 111
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3,2%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,6%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,5%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,9%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,7%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,2%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 13,5% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 274 387 2 085 357
    Абай 58 724 54 613
    Ақмола 64 363 59 462
    Ақтөбе 92 776 86 346
    Алматы 152 121 144 269
    Атырау 68 326 63 565
    Батыс Қазақстан 62 774 58 614
    Жамбыл 117 548 104 482
    Жетісу 64 366 60 517
    Қарағанды 111 463 99 314
    Қостанай 70 299 66 450
    Қызылорда 68 326 65 521
    Маңғыстау 83 843 77 229
    Павлодар 62 681 56 819
    Солтүстік Қазақстан 38 667 35 552
    Түркістан 217 146 210 341
    Ұлытау 19 447 18 289
    Шығыс Қазақстан 69 453 63 177
    Астана қаласы 282 779 250 515
    Алматы қаласы 420 562 372 501
    Шымкент қаласы 148 723 137 781
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші