Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    536 241
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 536241 бірлікті құрады, оның ішінде 426096 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 794 381
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1794381 құрады, оның ішінде 1705517 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 262 392
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2262392 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2071657 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 536 241 426 096 1 794 381 1 705 517 31 368 22 447 2 262 392 2 071 657  
    Шағын 526 826 416 815 - - 30 248 21 339 2 259 185 2 068 522  
    Орта 6 919 6 818 - - 631 623 3 207 3 135  
    Ірі 2 496 2 463 - - 489 485 - -  
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2015-2024 жылдары) олардың саны 360287-ден 536241 дейін (175954 бірлікке немесе 48,8%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
    Барлығы   360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241
    Шағын   351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826
    Орта   6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919
    Ірі   2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2024 жылғы желтоқсанды қараша айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,3%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,9%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,5 %-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,2%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 қаңтарда олардың үлесі 27,3%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,6%-ын құрады.

    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (151787 немесе 28,3%), Астана (103572 немесе 19,3%) және Шымкент (29457 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2910 және 0,5%), және Жетісу (8322 және 1,6%) және Абай (8468 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 536 241 426 096 50 066 221 784 154 246 4 344
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 104 18 133 1 570 9 210 7 353 110
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 675 4 780 595 1 732 2 453 44
    Өндеу өнеркәсібі 27 313 21 729 2 021 11 407 8 301 264
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 917 1 626 157 762 707 10
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 715 2 164 143 1 199 822 34
    Құрылыс 71 139 53 653 4 978 20 995 27 680 1 111
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 255 106 727 14 544 53 472 38 711 1 477
    Көлік және жинақтау 22 475 17 905 1 932 9 067 6 906 198
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 719 8 516 1 174 4 652 2 690 41
    Ақпарат және байланыс 18 644 15 529 2 439 7 894 5 196 59
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 792 5 618 678 2 800 2 140 119
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 26 686 22 972 2 353 14 637 5 982 155
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 777 28 105 2 654 15 649 9 802 205
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 243 21 215 1 977 12 321 6 917 128
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 686 9 436 193 9 088 155 28
    Білім беру 30 743 28 531 1 813 21 693 5 025 122
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 708 10 623 1 038 6 949 2 636 37
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 928 6 585 804 3 650 2 131 35
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 53 721 42 248 9 003 14 606 18 639 167
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 536 241 25 903 456 013 466 11 031 54 325
    Шағын 526 826 21 051 451 947 400 10 735 53 828
    Орта 6 919 3 655 2 965 32 188 299
    Ірі 2 496 1 197 1 101 34 108 198
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2024 жылғы желтоқсанды қараша айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,3%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 4,4%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1 %-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 қаңтарда олардың үлесі 37,4%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (16,3%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,8%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 68,5%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 794 381 1 705 517 1 721 786 1 635 393 72 595 70 124
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 265 556 252 755 193 052 182 699 72 504 70 056
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 803 739 803 739 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 94 105 89 708 94 096 89 700 9 8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 625 585 625 585 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 086 2 005 2 085 2 004 1 1
    Құрылыс 57 730 54 107 57 728 54 105 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 670 749 638 484 670 734 638 471 15 13
    Көлік және жинақтау 116 261 111 488 116 252 111 482 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 46 047 43 242 46 043 43 238 4 4
    Ақпарат және байланыс 18 575 17 539 18 575 17 539 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 525 457 525 457 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 97 408 93 849 97 390 93 836 18 13
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 503 29 736 31 502 29 735 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 41 391 39 451 41 380 39 440 11 11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 117 112 117 112 - -
    Білім беру 31 891 30 540 31 890 30 539 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 891 10 402 10 891 10 402 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 15 427 14 536 15 426 14 535 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 292 691 275 782 292 672 275 775 19 7
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 31368 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22447. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3846 немесе 12,3%) және Астана қаласына (3649 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (2141 немесе 6,8%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12864 немесе 41%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4260 немесе 13,6%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2195 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 27 357 2 585 23 571 174 677 1 201
    Шағын 26 278 2 332 22 788 151 645 1 158
    Орта 608 128 449 12 13 31
    Ірі 471 125 334 11 19 12
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 011 2 323 340 868 1 115 81
    Шағын 3 970 2 284 339 830 1 115 80
    Орта 23 21 1 20 - 1
    Ірі 18 18 - 18 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,6%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1,8%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,5%, «Құрылыс» – 9,1% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 59 537 44 995 11 708 8 723
    Ресей 23 289 18 861 4 934 3 849
    Өзбекстан 5 731 4 407 624 464
    Қытай 5 280 3 676 947 725
    Түркия 5 260 3 538 755 480
    Қырғызстан 3 162 2 202 390 304
    Әзірбайжан 1 518 1 162 210 151
    Украина 1 325 985 391 301
    Германия 942 739 505 368
    Беларусь 916 773 187 145
    Корея Республикасы 888 603 162 107
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3,5%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,3%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,5%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,6%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,2%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 13,6% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 262 392 2 071 657
    Абай 58 511 54 157
    Ақмола 64 177 59 196
    Ақтөбе 92 420 85 725
    Алматы 151 138 142 846
    Атырау 68 324 63 180
    Батыс Қазақстан 62 417 58 073
    Жамбыл 117 439 103 880
    Жетісу 64 376 60 419
    Қарағанды 110 920 101 596
    Қостанай 69 884 65 909
    Қызылорда 68 336 65 258
    Маңғыстау 83 307 76 571
    Павлодар 62 450 56 412
    Солтүстік Қазақстан 38 577 35 437
    Түркістан 216 185 208 732
    Ұлытау 19 422 18 327
    Шығыс Қазақстан 69 738 62 757
    Астана қаласы 279 854 248 284
    Алматы қаласы 417 039 367 784
    Шымкент қаласы 147 878 137 114
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші