Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    537 915
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 537915 бірлікті құрады, оның ішінде 424007 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 799 467
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1799467 құрады, оның ішінде 1707051 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 269 158
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2269158 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2071305 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 537 915 424 007 1 799 467 1 707 051 31 537 22 377 2 269 158 2 071 305  
    Шағын 528 484 414 723 - - 30 430 21 282 2 265 925 2 068 155  
    Орта 6 945 6 832 - - 618 610 3233 3150  
    Ірі 2 486 2 452 - - 489 485 - -  
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2014-2023 жылдары) олардың саны 353833-дан 526290 дейін (172457 бірлікке немесе 48,7%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
    Барлығы   353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290
    Шағын   344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123
    Орта   6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689
    Ірі   2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2024 жылғы қарашаны қазан айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,3%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,8%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2%-ға азайды, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 желтоқсанда олардың үлесі 27,4%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,7%-ын құрады.

    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (152523 немесе 28,4%), Астана (103802 немесе 19,3%) және Шымкент (29392 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2914 және 0,5%), және Жетісу (8367 және 1,6%) және Абай (8483 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 537 915 424 007 49 481 223 118 151 408 4 489
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 204 18 120 1 559 9 240 7 321 112
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 657 4 705 537 1 739 2 429 45
    Өндеу өнеркәсібі 27 323 21 579 1 928 11 443 8 208 273
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 931 1 625 149 783 693 10
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 741 2 159 135 1 218 806 35
    Құрылыс 71 413 53 251 4 974 21 076 27 201 1 154
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 147 155 106 246 14 309 54 145 37 792 1 529
    Көлік және жинақтау 22 494 17 812 1 952 9 183 6 677 204
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 753 8 502 1 164 4 725 2 613 42
    Ақпарат және байланыс 18 677 15 487 2 477 7 944 5 066 62
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 843 5 608 619 2 896 2 093 121
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 26 708 22 894 2 334 14 688 5 872 158
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 950 28 041 2 659 15 726 9 656 205
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 388 21 183 1 986 12 412 6 785 133
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 668 9 417 196 9 071 150 28
    Білім беру 30 754 28 482 1 944 21 594 4 944 123
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 616 10 515 973 6 955 2 587 38
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 966 6 577 830 3 667 2 080 37
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 53 673 41 803 8 756 14 612 18 435 180
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 537 915 25 818 457 990 296 11 071 54 107
    Шағын 528 484 20 980 453 895 251 10 775 53 609
    Орта 6 945 3 650 2 993 25 187 302
    Ірі 2 486 1 188 1 102 20 109 196
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2024 жылғы қарашаны қазан айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,4%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,2%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,03%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 желтоқсанда олардың үлесі 37,4%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (16,4%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 68,7%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 799 467 1 707 051 1 726 750 1 637 002 72 717 70 049
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 267 566 252 663 194 942 182 684 72 624 69 979
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 812 747 812 747 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 95 021 90 527 95 012 90 519 9 8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 625 584 625 584 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 096 2 010 2 095 2 009 1 1
    Құрылыс 57 418 53 723 57 416 53 721 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 673 084 640 214 673 069 640 201 15 13
    Көлік және жинақтау 113 465 108 560 113 456 108 554 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 46 105 43 277 46 101 43 273 4 4
    Ақпарат және байланыс 18 527 17 487 18 527 17 487 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 526 457 526 457 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 97 734 94 157 97 716 94 144 18 13
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 634 29 816 31 633 29 815 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 41 271 39 294 41 259 39 282 12 12
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 116 110 116 110 - -
    Білім беру 31 883 30 560 31 882 30 559 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 923 10 430 10 923 10 430 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 15 459 14 552 15 458 14 551 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 295 202 277 883 295 182 277 875 20 8
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 31537 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22377. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3845 немесе 12,2%) және Астана қаласына (3680 немесе 11,7%), және Қарағанды облысына (2139 немесе 6,8%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12900 немесе 40,9%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4342 немесе 13,8%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2203 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 27 508 2 583 23 711 175 685 1 214
    Шағын 26 441 2 332 22 938 152 653 1 171
    Орта 596 126 439 13 13 31
    Ірі 471 125 334 10 19 12
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 029 2 324 344 911 1 069 81
    Шағын 3 989 2 286 343 874 1 069 80
    Орта 22 20 1 19 - 1
    Ірі 18 18 - 18 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,4%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1,8%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,2%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,1%, «Құрылыс» – 9,3% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 59 350 44 537 11 756 8 667
    Ресей 23 428 18 979 4 957 3 834
    Түркия 5 363 3 576 765 473
    Қытай 5 400 3 994 633 469
    Өзбекстан 5 036 3 431 932 698
    Қырғызстан 3 202 2 232 389 300
    Украина 1 518 1 160 211 147
    Әзірбайжан 1 354 992 394 297
    Германия 946 741 509 372
    Беларусь 922 781 187 143
    Корея Республикасы 904 612 166 104
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 1,8%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,3%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,6%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,7%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,2%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 13,7% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 269 158 2 071 305
    Абай 58 795 54 380
    Ақмола 64 493 59 442
    Ақтөбе 93 396 86 211
    Алматы 151 512 141 499
    Атырау 68 514 63 136
    Батыс Қазақстан 62 799 58 147
    Жамбыл 118 365 104 278
    Жетісу 64 804 60 675
    Қарағанды 111 666 102 038
    Қостанай 70 038 66 041
    Қызылорда 68 848 65 711
    Маңғыстау 83 750 76 793
    Павлодар 62 708 56 790
    Солтүстік Қазақстан 38 680 35 541
    Түркістан 216 917 209 045
    Ұлытау 19 541 18 438
    Шығыс Қазақстан 70 142 63 144
    Астана қаласы 279 359 247 198
    Алматы қаласы 416 653 366 266
    Шымкент қаласы 148 178 136 532
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші