Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    537 215
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 537215 бірлікті құрады, оның ішінде 419999 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 776 322
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1776322 құрады, оның ішінде 1682687 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 245 651
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2245651 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2043760 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 537 215 419 999 1 776 322 1 682 687 31 887 22 223 2 245 651 2 043 760  
    Шағын 528 092 411 037 - - 30 789 21 139 2 242 650 2 040 852  
    Орта 6 681 6 556 - - 614 604 3 001 2 908  
    Ірі 2 442 2 406 - - 484 480 - -  
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2014-2023 жылдары) олардың саны 353833-дан 526290 дейін (172457 бірлікке немесе 48,7%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
    Барлығы   353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290
    Шағын   344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123
    Орта   6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689
    Ірі   2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2024 жылғы тамызды шілде айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,4%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2% азайды, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 қыркүйекте олардың үлесі 27,5%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,8%-ын құрады.

    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (152519 немесе 28,4%), Астана (103537 немесе 19,3%) және Шымкент (29107 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2952 және 0,5%), және Жетісу (8331 және 1,6%) және Абай (8425 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 537 215 419 999 49 170 211 356 159 473 4 807
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 324 18 153 1 572 8 786 7 795 115
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 591 4 574 520 1 662 2 392 47
    Өндеу өнеркәсібі 27 273 21 186 1 778 10 866 8 542 292
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 958 1 645 144 820 681 9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 770 2 136 133 1 205 798 35
    Құрылыс 71 653 52 686 5 249 17 624 29 813 1 233
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 147 662 105 901 13 481 53 303 39 117 1 664
    Көлік және жинақтау 22 240 17 485 1 952 8 321 7 212 223
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 707 8 427 1 140 4 671 2 616 47
    Ақпарат және байланыс 18 557 15 368 2 542 7 317 5 509 71
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 863 5 491 636 2 803 2 052 122
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 26 171 22 248 2 562 13 649 6 037 171
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 35 019 28 057 2 830 14 606 10 621 212
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 125 20 774 2 084 11 488 7 202 144
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 702 9 447 226 9 056 165 29
    Білім беру 30 491 28 195 1 905 20 912 5 378 124
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 444 10 365 1 002 6 593 2 770 39
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 026 6 591 854 3 618 2 119 42
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 53 638 41 269 8 560 14 055 18 654 188
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 537 215 25 798 457 701 299 11 193 53 716
    Шағын 528 092 21 001 453 859 257 10 922 53 232
    Орта 6 681 3 612 2 778 19 166 291
    Ірі 2 442 1 185 1 064 23 105 193
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2024 жылғы тамызды шілде айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,4%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 0,3%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,04%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 қыркүйекте олардың үлесі 37,6%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (16,8%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (15,3%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 69,7%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 776 322 1 682 687 1 703 565 1 612 224 72 757 70 463
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 271 656 259 676 199 008 189 296 72 648 70 380
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 808 743 808 743 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 96 361 91 765 96 353 91 758 8 7
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 636 592 636 592 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 061 1 950 2 060 1 949 1 1
    Құрылыс 55 456 51 690 55 454 51 688 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 667 547 634 042 667 531 634 029 16 13
    Көлік және жинақтау 93 137 87 685 93 128 87 679 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 46 099 43 102 46 095 43 098 4 4
    Ақпарат және байланыс 18 213 17 067 18 213 17 067 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 524 463 524 463 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 96 524 92 169 96 506 92 156 18 13
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 220 29 222 31 219 29 221 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 40 396 38 296 40 384 38 284 12 12
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 118 110 118 110 - -
    Білім беру 30 676 29 372 30 675 29 371 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 933 10 444 10 933 10 444 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 15 352 14 399 15 351 14 398 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 298 605 279 900 298 569 279 878 36 22
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 31887 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22223. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3848 немесе 12,1%) және Астана қаласына (3716 немесе 11,7%), және Қарағанды облысына (2129 немесе 6,7%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12975 немесе 40,7%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4465 немесе 14%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2235 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 27 857 2 579 24 014 173 692 1 264
    Шағын 26 796 2 335 23 242 150 661 1 219
    Орта 595 122 443 13 13 30
    Ірі 466 122 329 10 18 15
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша

    Өлшемділігі бойынша

    Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 030 2 283 324 908 1 051 82
    Шағын 3 993 2 248 324 873 1 051 81
    Орта 19 17 - 17 - 1
    Ірі 18 18 - 18 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8,5%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,4%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,7%, «Құрылыс» – 9,5% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 59 010 44 016 11 885 8 620
    Ресей 23 639 19 197 5 039 3 832
    Түркия 5 496 3 649 768 477
    Қытай 4 980 3 662 651 476
    Өзбекстан 4 674 3 062 902 650
    Қырғызстан 3 250 2 178 391 290
    Украина 1 515 1 147 219 149
    Әзірбайжан 1 389 1 017 394 292
    Германия 936 724 514 372
    Корея Республикасы 904 602 177 110
    Беларусь 900 761 194 151
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 0,8%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,9%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,8%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,2%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,9%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 13,9% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 245 651 2 043 760
    Абай 58 517 54 254
    Ақмола 64 252 58 942
    Ақтөбе 92 853 84 226
    Алматы 148 159 139 993
    Атырау 68 457 62 368
    Батыс Қазақстан 63 063 57 788
    Жамбыл 119 370 105 307
    Жетісу 64 512 60 164
    Қарағанды 112 036 101 622
    Қостанай 69 479 65 379
    Қызылорда 69 374 65 857
    Маңғыстау 84 039 77 101
    Павлодар 62 442 56 566
    Солтүстік Қазақстан 38 852 35 768
    Түркістан 216 749 208 440
    Ұлытау 19 637 18 548
    Шығыс Қазақстан 70 091 62 927
    Астана қаласы 271 335 237 572
    Алматы қаласы 405 823 358 227
    Шымкент қаласы 146 611 132 711
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші