Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    532 980
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 532980 бірлікті құрады, оның ішінде 421205 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 753 485
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1753485 құрады, оның ішінде 1666511 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 219 058
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2219058 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2028794 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 532 980 421 205 1 753 485 1 666 511 31 888 22 502 2 219 058 2 028 794  
    Шағын 523 814 412 185 - - 30 773 21 401 2 216 045 2 025 866  
    Орта 6 691 6 577 - - 616 607 3 013 2 928  
    Ірі 2 475 2 443 - - 499 494 - -  
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2014-2023 жылдары) олардың саны 353833-дан 526290 дейін (172457 бірлікке немесе 48,7%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
    Барлығы   353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290
    Шағын   344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123
    Орта   6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689
    Ірі   2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2024 жылғы маусымды мамыр айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,3%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,2%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,05% көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 шілдеде олардың үлесі 27,5%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,8%-ын құрады.

    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (151258 немесе 28,4%) және Астана (102678 немесе 19,3%), және Қарағанды облысына (28929 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2953 және 0,6%), және Жетісу (8304 және 1,6%) және Абай (8396 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 532 980 421 205 52 644 211 545 157 016 4 923
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 234 18 100 1 581 8 728 7 791 115
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 526 4 563 552 1 593 2 418 47
    Өндеу өнеркәсібі 26 940 20 970 1 711 10 710 8 549 302
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 946 1 635 143 813 679 9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 768 2 146 138 1 180 828 38
    Құрылыс 70 953 52 832 5 650 17 795 29 387 1 266
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 376 106 533 13 528 54 127 38 878 1 718
    Көлік және жинақтау 22 023 17 431 2 213 8 422 6 796 228
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 557 8 397 1 128 4 675 2 594 51
    Ақпарат және байланыс 18 409 15 429 3 026 7 262 5 141 71
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 891 5 550 803 2 724 2 023 124
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 25 974 22 348 3 023 13 488 5 837 169
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 881 28 313 3 255 14 586 10 472 214
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 058 20 926 2 399 11 574 6 953 147
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 634 9 384 195 9 033 156 30
    Білім беру 30 238 28 050 2 062 20 612 5 376 125
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 271 10 205 1 041 6 458 2 706 39
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 988 6 604 955 3 587 2 062 42
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 53 312 41 788 9 241 14 177 18 370 188
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 532 980 25 668 454 071 238 10 985 53 241
    Шағын 523 814 20 871 450 203 202 10 708 52 740
    Орта 6 691 3 613 2 778 18 164 300
    Ірі 2 475 1 184 1 090 18 113 201
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2024 жылғы маусымды мамыр айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,6%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 0,8%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,6%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 0,5%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 шілдеде олардың үлесі 37,4%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (16,9%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (15,5%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 69,9%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 753 485 1 666 511 1 680 792 1 594 664 72 693 71 847
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 272 396 262 914 199 799 191 137 72 597 71 777
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 794 729 794 729 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 94 543 90 077 94 534 90 069 9 8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 624 577 624 577 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 006 1 891 2 005 1 890 1 1
    Құрылыс 53 529 49 954 53 527 49 952 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 656 644 625 587 656 629 625 575 15 12
    Көлік және жинақтау 91 634 86 197 91 625 86 191 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 45 571 42 770 45 567 42 766 4 4
    Ақпарат және байланыс 17 913 16 774 17 913 16 774 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 504 445 504 445 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 95 422 91 346 95 404 91 333 18 13
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 30 914 28 955 30 913 28 954 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 39 499 37 452 39 488 37 441 11 11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 123 117 123 117 - -
    Білім беру 29 697 28 439 29 696 28 438 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 836 10 386 10 836 10 386 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 15 040 14 117 15 039 14 116 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 295 796 277 784 295 772 277 774 24 10
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 31888 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22502. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3847 немесе 12,1%) және Астана қаласына (3729 немесе 11,7%), және Қарағанды облысына (2131 немесе 6,7%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12929 немесе 40,5%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4484 немесе 14,1%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2233 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
      мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз)   бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 27 860 2 573 24 009 145 695 1 278
    Шағын 26 785 2 329 23 222 127 662 1 234
    Орта 596 117 451 11 14 28
    Ірі 479 127 336 7 19 16
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 028 2 389 375 977 1 037 82
    Шағын 3 988 2 351 375 939 1 037 81
    Орта 20 18 - 18 - 1
    Ірі 20 20 - 20 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 10,9%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 2,4%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,4%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,7%, «Құрылыс» – 9,5% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 58 547 44 496 11 680 8 536
    Ресей 23 683 19 562 4 990 3 818
    Түркия 5 494 3 741 735 456
    Қытай 4 867 3 699 637 465
    Өзбекстан 4 392 2 825 851 608
    Қырғызстан 3 184 2 178 386 289
    Украина 1 489 1 155 218 146
    Әзірбайжан 1 394 1 036 387 293
    Германия 942 740 509 375
    Корея Республикасы 902 614 171 109
    Беларусь 895 773 189 148
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 0,7%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,7%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,9%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,3%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,8%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,6%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,1% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 219 058 2 028 794
    Абай 58 094 53 830
    Ақмола 63 976 58 537
    Ақтөбе 92 347 83 877
    Алматы 146 745 139 360
    Атырау 68 439 62 957
    Батыс Қазақстан 62 720 58 009
    Жамбыл 118 523 105 272
    Жетісу 63 870 59 658
    Қарағанды 111 252 101 015
    Қостанай 69 089 65 019
    Қызылорда 68 068 64 478
    Маңғыстау 83 863 77 265
    Павлодар 61 888 56 036
    Солтүстік Қазақстан 38 564 35 745
    Түркістан 212 989 207 937
    Ұлытау 19 378 18 303
    Шығыс Қазақстан 69 656 62 273
    Астана қаласы 266 499 234 429
    Алматы қаласы 398 385 353 852
    Шымкент қаласы 144 713 130 942
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші