Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    529 917
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 529917 бірлікті құрады, оның ішінде 424399 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 724 079
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1724079 құрады, оның ішінде 1650210 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 187 012
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2187012 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2015768 құрады.
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша

    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 529 917 424 399 1 724 079 1 650 210 31 913 22 484 2 187 012 2 015 768
    Шағын 520 748 415 374 - - 30 789 21 374 2 183 988 2 012 828
    Орта 6 689 6 575 - - 624 617 3 024 2 940
    Ірі 2 480 2 450 - - 498 493 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2014-2023 жылдары) олардың саны 353833-дан 526290 дейін (172457 бірлікке немесе 48,7%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
    Барлығы 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290
    шағын 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123
    орта 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689
    ірі 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2024 жылғы сәуірді наурыз айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,3%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,7%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,04% көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,9%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 мамырда олардың үлесі 27,6%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,8%-ын құрады.

    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (150220 немесе 28,4%) және Астана (101861 немесе 19,2%), және Қарағанды облысына (28808 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2963 және 0,6%), және Жетісу (8272 және 1,6%) және Абай (8337 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 529 917 424 399 55 942 204 997 163 460 5 054
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 143 18 113 1 573 8 636 7 904 115
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 461 4 549 558 1 630 2 361 50
    Өндеу өнеркәсібі 26 713 21 009 1 631 10 717 8 661 305
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 906 1 607 121 822 664 9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 761 2 159 137 1 193 829 42
    Құрылыс 70 441 53 246 5 457 18 363 29 426 1 298
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 145 994 108 350 16 401 47 488 44 461 1 787
    Көлік және жинақтау 21 855 17 460 2 330 8 421 6 709 232
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 463 8 531 1 444 4 114 2 973 49
    Ақпарат және байланыс 18 269 15 505 3 100 7 393 5 012 72
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 849 5 587 791 2 789 2 007 125
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 25 638 22 242 3 048 13 364 5 830 163
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 797 28 652 3 308 14 750 10 594 223
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 128 21 277 2 476 11 703 7 098 154
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 556 9 305 186 8 970 149 30
    Білім беру 30 088 28 034 2 032 20 491 5 511 125
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 140 10 142 988 6 389 2 765 40
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 987 6 688 1 007 3 604 2 077 41
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 52 727 41 942 9 354 14 159 18 429 194
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Барлығы 529 917 25 540 451 993 276 11 146 52 384
    Шағын 520 748 20 774 448 085 228 10 867 51 889
    Орта 6 689 3 593 2 802 21 169 294
    Ірі 2 480 1 173 1 106 27 110 201
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2024 жылғы сәуірді наурыз айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,1%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 0,6%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1 %-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 мамырда олардың үлесі 37,3%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (17%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (15,8%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 70,1%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 724 079 1 650 210 1 651 365 1 578 293 72 714 71 917
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 271 688 263 082 199 071 191 240 72 617 71 842
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 768 729 768 729 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 90 784 86 955 90 776 86 947 8 8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 603 565 603 565 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 948 1 842 1 947 1 841 1 1
    Құрылыс 51 633 48 705 51 631 48 703 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 643 742 618 009 643 726 617 996 16 13
    Көлік және жинақтау 89 971 85 124 89 962 85 118 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 44 922 42 493 44 918 42 489 4 4
    Ақпарат және байланыс 17 635 16 624 17 635 16 624 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 509 464 509 464 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 94 088 90 693 94 070 90 680 18 13
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 30 479 28 766 30 478 28 765 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 38 454 36 721 38 442 36 709 12 12
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 126 122 126 122 - -
    Білім беру 28 892 27 805 28 891 27 804 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 761 10 372 10 761 10 372 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 14 628 13 796 14 627 13 795 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 292 448 277 343 292 424 277 330 24 13
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 31913 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22484. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3821 немесе 12%) және Астана қаласына (3732 немесе 11,7%), және Қарағанды облысына (2137 немесе 6,7%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12923 немесе 40,5%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4491 немесе 14,1%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2245 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Барлығы 27 904 2 535 24 089 184 693 1 280
    Шағын 26 822 2 299 23 292 162 660 1 231
    Орта 604 115 458 13 15 31
    Ірі 478 121 339 9 18 18
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Барлығы 4 009 2 401 400 981 1 020 80
    Шағын 3 967 2 361 400 941 1 020 79
    Орта 22 20 - 20 - 1
    Ірі 20 20 - 20 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 12,4%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,4%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,6%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,5%, «Құрылыс» – 9,4% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 57 673 44 906 11 839 8 696
    Ресей 23 498 19 811 5 024 3 902
    Түркия 5 461 3 820 766 467
    Қытай 4 595 3 643 678 484
    Өзбекстан 4 168 2 653 849 594
    Қырғызстан 3 153 2 296 395 303
    Украина 1 459 1 172 216 148
    Әзірбайжан 1 392 1 065 394 297
    Германия 943 752 527 393
    Корея Республикасы 892 623 173 107
    Беларусь 879 774 187 147
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 2,1%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,4%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 21%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,5%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,7%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,6%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,2% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 187 012 2 015 768
    Абай 57 218 53 155
    Ақмола 63 169 58 576
    Ақтөбе 90 731 82 684
    Алматы 143 838 136 738
    Атырау 67 986 62 663
    Батыс Қазақстан 61 892 57 486
    Жамбыл 117 312 106 118
    Жетісу 63 294 59 517
    Қарағанды 109 944 100 420
    Қостанай 68 584 64 963
    Қызылорда 66 805 63 416
    Маңғыстау 82 514 77 536
    Павлодар 60 937 55 378
    Солтүстік Қазақстан 38 181 35 391
    Түркістан 208 902 204 348
    Ұлытау 19 150 18 256
    Шығыс Қазақстан 69 199 62 802
    Астана қаласы 261 755 232 840
    Алматы қаласы 393 153 352 837
    Шымкент қаласы 142 448 130 644
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші