Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 69%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 17,5%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,4%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,1%-ды құрады.
Ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде тіркелген субъектілердің ең көп санын дара кәсіпкерлер –1,5 млн. бірлікті, одан жұмыс істеп тұрғандар 1,4 млн. бірлікті құрайды.
Жұмыспен қамтылғандар санының ең көбі шағын кәсіпкерлікке – 1,7 млн. адам және дара кәсіпкерлерге – 1,8 млн. бірлік келеді.
Шағын кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 32 трлн. теңгені құрады, бұл барлық ШОК субъектілерінің жалпы өнім шығарылымынан 67,8% ды құрайды.
2023 жылғы 1 қазанға | 2022 жылғы 1 қазанға | |
Шағын және орта кәсіпкерліктегі тіркелген субъектілер, бірлік | 2 236 501 | 1 924 475 |
соның ішінде: | ||
шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары | 459 362 | 435 434 |
орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары | 2 900 | 2 825 |
дара кәсіпкерлер | 1 494 272 | 1 247 131 |
шаруа немесе фермер қожалықтары | 279 967 | 239 085 |
Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілер, бірлік | 2 036 081 | 1 694 418 |
соның ішінде: | ||
шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары | 356 523 | 325 845 |
орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары | 2 809 | 2 700 |
дара кәсіпкерлер | 1 403 891 | 1 135 306 |
шаруа немесе фермер қожалықтары | 272 858 | 230 567 |
Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны, адам | 4 322 093 | 3 912 486 |
соның ішінде: | ||
шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары | 1 720 915 | 1 643 471 |
орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары | 397 206 | 379 724 |
дара кәсіпкерлер | 1 851 468 | 1 577 960 |
шаруа немесе фермер қожалықтары | 352 504 | 311 331 |
Шағын және орта кәсіпкерліктегі өнім шығарылымы, млн. теңге | 47 187 758 | 39 652 548 |
соның ішінде: | ||
шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары | 31 986 533 | 27 487 249 |
орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары | 8 547 652 | 6 870 400 |
дара кәсіпкерлер | 4 832 804 | 3 234 991 |
шаруа немесе фермер қожалықтары | 1 820 769 | 2 059 908 |
Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санында жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 91% құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 3 п.п. жоғары. Өңірлер бөлінісінде ең көп үлесі Алматы (94,2%), Қызылорда (93,9%) және Қостанай (93,6%) облыстарында байқалады. Ең аз үлес Астана қаласында (88,5%) тіркелген.
2023 жылғы 1 қазанға | 2022 жылғы 1 қазанға | |||
тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік | жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны, бірлік | тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік | жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны, бірлік | |
Қазақстан Республикасы | 2 236 501 | 2 036 081 | 1 924 475 | 1 694 418 |
Абай | 59 654 | 54 263 | 51 675 | 45 907 |
Ақмола | 63 963 | 58 703 | 58 182 | 52 523 |
Ақтөбе | 96 860 | 87 270 | 85 783 | 77 166 |
Алматы | 143 797 | 135 457 | 118 894 | 107 672 |
Атырау | 73 604 | 67 136 | 65 867 | 59 082 |
Батыс Қазақстан | 64 755 | 58 853 | 55 958 | 49 643 |
Жамбыл | 121 256 | 108 642 | 99 628 | 84 811 |
Жетісу | 65 421 | 59 829 | 54 756 | 47 872 |
Қарағанды | 113 065 | 100 448 | 101 033 | 87 986 |
Қостанай | 70 158 | 65 681 | 63 424 | 58 881 |
Қызылорда | 76 312 | 71 631 | 67 785 | 62 695 |
Маңғыстау | 88 502 | 82 428 | 76 509 | 69 520 |
Павлодар | 62 104 | 55 492 | 56 479 | 49 821 |
Солтүстік Қазақстан | 38 867 | 35 304 | 35 548 | 31 854 |
Түркістан | 217 752 | 213 164 | 175 049 | 171 263 |
Ұлытау | 20 625 | 19 220 | 17 238 | 15 654 |
Шығыс Қазақстан | 72 588 | 64 851 | 66 581 | 58 414 |
Астана қаласы | 257 350 | 227 835 | 220 177 | 191 440 |
Алматы қаласы | 389 649 | 341 222 | 339 860 | 271 181 |
Шымкент қаласы | 140 219 | 128 652 | 114 049 | 101 033 |
2023 жылғы 1 қазанға | 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек | 2022 жылғы 1 қазанға | 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек | |
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам | ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге | ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам | ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге | |
Қазақстан Республикасы | 4 322 093 | 47 187 758 | 3 912 486 | 39 652 548 |
Абай | 105 599 | 689 732 | 94 395 | 457 683 |
Ақмола | 145 764 | 1 118 142 | 139 969 | 1 104 027 |
Ақтөбе | 172 702 | 1 520 853 | 173 687 | 1 174 957 |
Алматы | 246 463 | 2 534 735 | 214 181 | 2 030 793 |
Атырау | 150 008 | 3 738 430 | 149 310 | 3 635 689 |
Батыс Қазақстан | 126 797 | 1 620 295 | 118 310 | 1 606 015 |
Жамбыл | 170 014 | 864 880 | 143 520 | 720 834 |
Жетісу | 107 604 | 688 990 | 97 270 | 629 691 |
Қарағанды | 237 138 | 1 875 452 | 225 695 | 1 651 297 |
Қостанай | 166 580 | 1 411 950 | 164 806 | 1 473 839 |
Қызылорда | 125 073 | 540 449 | 116 287 | 429 059 |
Маңғыстау | 155 042 | 1 336 034 | 149 902 | 1 306 850 |
Павлодар | 140 780 | 1 050 487 | 135 700 | 934 332 |
Солтүстік Қазақстан | 103 864 | 700 864 | 106 185 | 946 586 |
Түркістан | 292 620 | 1 210 422 | 247 179 | 949 018 |
Ұлытау | 31 508 | 161 351 | 28 515 | 120 070 |
Шығыс Қазақстан | 166 653 | 1 153 266 | 152 672 | 941 502 |
Астана қаласы | 522 105 | 9 817 913 | 457 479 | 7 903 973 |
Алматы қаласы | 928 237 | 13 293 591 | 799 153 | 10 329 152 |
Шымкент қаласы | 227 542 | 1 859 922 | 198 271 | 1 307 181 |
ШОК саласына елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санынан 45,2% келеді. Өңірлер бөлінісінде ең көп үлес Алматы және Астана қалаларында басым. Ең аз үлес Жамбыл облысында тіркелген.
2023 жылғы 1 қазанда тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2236,5 мың бірлікті құрады және 2022 жылдың сәйкес күнімен (1924,5 мың бірлік) салыстырғанда 14%-ға артты.
2023 жылғы 1 қазанда жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2036,1 мың бірлікті құрады және 2022 жылдың сәйкес күнімен (1694,4 мың бірлік) салыстырғанда 16,8%-ға артты.
2023 жылғы 1 қазанда ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 4322,1мың адамды құрады, бұл 10,5%-ға көп.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 47187,8 млрд. теңгені құрады және 2022 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 19%-ға артты.
Тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік | Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік | ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам | ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге | |||||
2023 жылғы 1 қазанға | 2022 жылғы 1 қазанға | 2023 жылғы 1 қазанға | 2022 жылғы 1 қазанға | 2023 жылғы 1 қазанға | 2022 жылғы 1 қазанға | 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек | 2022 жылғы қаңтар- қыркүйек | |
Барлығы | 2 236 501 | 1 924 475 | 2 036 081 | 1 694 418 | 4 322 093 | 3 912 486 | 47 187 758 | 39 652 548 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 321 387 | 282 366 | 307 943 | 266 320 | 493 028 | 453 595 | 3 107 294 | 3 237 829 |
Өнеркәсіп | 137 650 | 103 120 | 124 574 | 89 173 | 442 495 | 401 627 | 9 918 334 | 8 558 694 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 5 833 | 5 408 | 4 843 | 4 368 | 41 515 | 41 028 | 2 641 145 | 2 305 370 |
Өңдеу өнеркәсібі | 125 039 | 91 370 | 113 992 | 79 634 | 362 801 | 324 869 | 6 403 760 | 5 589 159 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 2 348 | 2 160 | 1 982 | 1 734 | 16 491 | 15 267 | 684 911 | 515 777 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 4 430 | 4 182 | 3 757 | 3 437 | 21 688 | 20 463 | 188 518 | 148 388 |
Құрылыс | 121 113 | 112 722 | 100 236 | 90 986 | 323 845 | 323 812 | 6 137 806 | 5 008 173 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 802 676 | 668 401 | 728 984 | 586 460 | 1 314 703 | 1 162 428 | 11 967 269 | 11 123 806 |
Көлік және жинақтау | 101 942 | 94 049 | 91 606 | 81 553 | 219 556 | 195 423 | 3 367 099 | 2 420 456 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 54 758 | 50 060 | 49 646 | 44 156 | 150 122 | 142 999 | 1 068 080 | 823 621 |
Ақпарат және байланыс | 35 137 | 30 845 | 31 051 | 26 105 | 106 059 | 85 937 | 1 812 565 | 1 064 514 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 7 880 | 8 063 | 5 377 | 5 140 | 26 843 | 23 422 | 664 774 | 530 919 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 100 557 | 94 592 | 94 277 | 83 030 | 189 216 | 175 837 | 1 793 080 | 1 482 920 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 64 327 | 63 529 | 55 456 | 53 098 | 168 541 | 159 739 | 1 970 165 | 1 460 085 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 61 624 | 52 942 | 55 255 | 45 461 | 198 223 | 180 942 | 1 672 035 | 1 312 982 |
Білім беру | 43 524 | 35 996 | 39 981 | 32 355 | 149 762 | 135 344 | 487 127 | 348 165 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 19 705 | 16 623 | 18 268 | 15 092 | 90 488 | 90 212 | 559 760 | 489 899 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 19 743 | 17 351 | 17 655 | 14 728 | 39 819 | 35 973 | 1 301 039 | 856 600 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 344 478 | 293 816 | 315 772 | 260 761 | 409 393 | 345 098 | 1 361 331 | 933 749 |
Субъектілер санының, жұмыспен қамтылғандар санының және өнім шығарылымының ең көп үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласында басым.
Республика бойынша 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте ресми статистикалық деректерге сәйкес ЖІӨ-де ШОК үлесі 36,5% құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 п.п. көбейді.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйек | 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек | |||
ШОК ЖҚҚ, млн. тг. | ЖІӨ-дегі үлесі (ЖӨӨ), пайызбен | ШОК ЖҚҚ, млн. тг. | ЖІӨ-дегі үлесі (ЖӨӨ), пайызбен | |
Қазақстан Республикасы | 27 604 326,4 | 36,5 | 23 585 490,6 | 36,0 |
Абай | 359 064,3 | 18,6 | 248 355,0 | 17,1 |
Ақмола | 604 077,0 | 26,2 | 597 813,8 | 28,4 |
Ақтөбе | 853 793,1 | 27,0 | 729 087,0 | 24,2 |
Алматы | 1 462 649,7 | 47,3 | 1 155 864,9 | 45,5 |
Атырау | 2 426 763,8 | 25,1 | 2 043 176,4 | 22,7 |
Батыс Қазақстан | 1 005 860,7 | 33,2 | 930 725,8 | 32,4 |
Жамбыл | 391 161,5 | 20,5 | 378 655,3 | 22,8 |
Жетісу | 386 153,3 | 32,0 | 374 385,1 | 41,0 |
Қарағанды | 1 010 493,8 | 19,7 | 871 305,2 | 18,3 |
Қостанай | 772 107,7 | 28,5 | 826 314,3 | 31,9 |
Қызылорда | 331 349,1 | 17,7 | 279 456,4 | 16,9 |
Маңғыстау | 987 477,8 | 28,0 | 975 159,1 | 30,4 |
Павлодар | 504 207,8 | 19,8 | 464 925,2 | 18,1 |
Солтүстік Қазақстан | 390 037,6 | 25,4 | 520 576,3 | 36,3 |
Түркістан | 568 706,2 | 21,1 | 527 941,1 | 23,6 |
Ұлытау | 59 773,2 | 4,9 | 58 228,9 | 5,0 |
Шығыс Қазақстан | 697 857,6 | 22,3 | 564 325,1 | 20,9 |
Астана қаласы | 5 837 506,4 | 74,5 | 4 655 487,1 | 75,7 |
Алматы қаласы | 7 751 580,8 | 53,1 | 6 525 835,6 | 57,5 |
Шымкент қаласы | 1 203 705,0 | 49,2 | 857 873,0 | 40,7 |
Субъектілердің санаттарына бөлінісінде шағын кәсіпкерліктің үлесі 29,6%-ды және орта кәсіпкерліктің үлесі 6,9%-ды құрайды.
Дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың таза табыс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігі үшін жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеумен және өткізумен тығыз байланысты адамдардың еңбек бірлестігі шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.
Экономикалық қызмет түрі-жабдық, жұмыс күші, өндірістік процестер, ақпараттық желілер мен өнімдер біріктіріліп, біртекті өнімдердің (тауарлардың, қызметтердің) құрылуына әкелетін қызмет. Экономикалық қызмет түрі шығындармен, өндіріс процесімен және өндірілген өніммен сипатталады. Әрбір тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісіне қосылған құнның ең көп өсуін қамтамасыз ететін, яғни негізгі болып табылатын экономикалық қызмет түрі беріледі.
Өнім шығару – барлық шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өндірушінің бағасымен көрсетілетін құны.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызметі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен регламенттелетін заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары жатады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.