Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    112%
    2023 жылғы қаңтар-ақпанда байланыс қызметі бойынша НКИ тиісті кезеңмен салыстырғанда 112% (2022 жылығы қаңтар-ақпан – 105,1%).
    122,3%
    Байланыс қызметінің жалпы көлемінде едәуір үлесті Интернет желісі қызметтері, өзге де телекоммуникациялық қызметтер және ұтқыр байланыс алады, тиісінше олардың үлес салмағы 122,3%, 110,2% және 99% құрады.
    24903,7 мың бірлік
    2023 жылғы қаңтар-ақпанда ұялы байланыс абоненттері – 24903,7 мың бірлікті, Интернетке қатынауы бар ұялы байланыс абоненттері – 17196,6 мың бірлікті, тіркелген Интернет абоненттері –2929,8 мың бірлікті, тіркелген телефон желілерінің саны 2819,2 мың бірлікті құрады.
    Байланыс қызметінің көлемі
    млн. теңге
    2023 жылғы қаңтар-ақпан 2022 жылғы қаңтар-ақпан
    Қазақстан Республикасы 190 136,6 165 817,4
    Абай 1 350,3 933,3
    Ақмола 2 423,3 1 931,5
    Ақтөбе 2 714,5 2 227,0
    Алматы 2 292,4 1 854,2
    Атырау 2 729,4 2 224,1
    Батыс Қазақстан 1 510,7 1 168,9
    Жамбыл 1 549,5 1 273,6
    Жетісу 1 357,1 892,8
    Қарағанды 3 726,7 3 153,7
    Қостанай 2 686,8 2 224,7
    Қызылорда 1 244,2 1 064,1
    Маңғыстау 2 334,1 1 896,8
    Павлодар 2 655,3 2 211,4
    Солтүстік Қазақстан 1 757,6 1 437,5
    Түркістан 1 355,1 1 165,9
    Ұлытау 419,9 285,5
    Шығыс Қазақстан 2 481,2 2 241,3
    Астана қаласы 44 631,0 37 858,6
    Алматы қаласы 109 390,7 98 618,7
    Шымкент қаласы 1 526,8 1 153,7
    Нақты көлем индексі
    тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар-ақпан
    Электрондық кестелер
    Пошта және курьерлік қызметі

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі бойынша НКИ 139,6% құрады(2022 жылығы қаңтар-ақпанда – 93,7%).

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі жедел деректер бойынша 11729,1 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл 2022 жылғы қаңтар-ақпанда көлемімен салыстырмалы бағаларда 39,6% көп.

    Электрондық кестелер
    Глоссарий

    Байланыс – ақпаратты, пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату.

    Пошта қызметі – пошта желiлерi арқылы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Кестеде айлық кезеңділікте статистикалық 3-байланыс нысаны бойынша есеп берген, қызмет түрлері «пошталық және курьерлік қызмет» (ЭҚЖЖ-ның коды 53) және «телекоммуникация» (ЭҚЖЖ-ның коды 61) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы туралы статистикалық деректер келтірілген.

    Облыстар бөлісінде кәсіпорындардың ұсынған отчеттары негізінде, байланыс кәсіпорындарының жұмысы көрсетілген қызметтің жекелеген түрлері бойынша, ақшалай және заттай көріністе сипатталады.

    Байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі. Байланыс қызметінің көлеміне қалааралық, халықаралық және жергілікті телефон байланысының, деректерді беру, Интернет желісі, ұтқыр байланыс, бағдарламаны тарату қызметінің көлемдері, сонымен қатар өзгеде телекоммуникациялық қызметтердің көлемдері кіреді.

    Қызметінің негізгі түрі бойынша кәсіпорындар құндық мәндегі көрсетілген байланыс қызметтерінің көлеміне есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметтері үшін, көрсетілген қызметтердің төлем мерзіміне қарамастан халықтан және заңды тұлғалардан түскен қаражатты енгізеді.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749060
    Орындаушы:
    А. Крыкбаева
    Тел. +7 7172 749328
    E-mail: A. Krykbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші