| 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан | 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан | |
| Қазақстан Республикасы | 1 475 032,9 | 1 339 566,3 |
| Абай | 12 104,1 | 11 021,3 |
| Ақмола | 17 860,8 | 16 114,5 |
| Ақтөбе | 20 883,8 | 19 568,2 |
| Алматы | 18 251,3 | 15 639,0 |
| Атырау | 18 355,2 | 17 703,5 |
| Батыс Қазақстан | 12 354,4 | 10 754,3 |
| Жамбыл | 12 702,6 | 11 047,5 |
| Жетісу | 10 524,2 | 9 520,5 |
| Қарағанды | 27 974,5 | 24 863,1 |
| Қостанай | 20 404,7 | 19 031,4 |
| Қызылорда | 10 614,9 | 9 770,2 |
| Маңғыстау | 16 989,4 | 16 274,2 |
| Павлодар | 20 738,7 | 18 649,0 |
| Солтүстік Қазақстан | 12 350,1 | 11 592,3 |
| Түркістан | 11 898,9 | 10 136,0 |
| Ұлытау | 4 846,8 | 4 034,1 |
| Шығыс Қазақстан | 17 933,0 | 16 847,9 |
| Астана қаласы* | 398 510,9 | 353 496,0 |
| Алматы қаласы* | 794 984,7 | 731 548,1 |
| Шымкент қаласы | 14 749,7 | 11 955,4 |
*Ұялы байланыстың көлемдері ұялы байланыс операторларын тіркеу орындары бойынша бөлінген - Алматы және Астана қалалары
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі бойынша нақты көлем индексі – 99,6% құрады (2024 жылғы қаңтар-желтоқсан – 107,5%).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі жедел деректер бойынша 86 272,2 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көлемімен салыстырмалы бағаларда 0,4%-ға аз.
Байланыс – ақпаратты, пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату.
Пошта қызметі – пошта желiлерi арқылы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну.
Кестеде айлық кезеңділікте статистикалық 3-байланыс нысаны бойынша есеп берген, қызмет түрлері «пошталық және курьерлік қызмет» (ЭҚЖЖ-ның коды 53) және «телекоммуникация» (ЭҚЖЖ-ның коды 61) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы туралы статистикалық деректер келтірілген.
Облыстар бөлісінде кәсіпорындардың ұсынған отчеттары негізінде, байланыс кәсіпорындарының жұмысы көрсетілген қызметтің жекелеген түрлері бойынша, ақшалай және заттай көріністе сипатталады.
Байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі. Байланыс қызметінің көлеміне қалааралық, халықаралық және жергілікті телефон байланысының, деректерді беру, Интернет желісі, ұтқыр байланыс, бағдарламаны тарату қызметінің көлемдері, сонымен қатар өзгеде телекоммуникациялық қызметтердің көлемдері кіреді.
Қызметінің негізгі түрі бойынша кәсіпорындар құндық мәндегі көрсетілген байланыс қызметтерінің көлеміне есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметтері үшін, көрсетілген қызметтердің төлем мерзіміне қарамастан халықтан және заңды тұлғалардан түскен қаражатты енгізеді.