Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    106,4%
    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте байланыс қызметі бойынша нақты көлем индексі тиісті кезеңмен салыстырғанда 106,4% (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 108,4%).
    117,1%
    Байланыс қызметінің жалпы көлемінде едәуір үлесті Интернет желісі қызметтері, өзге де телекоммуникациялық қызметтер және ұтқыр байланыс алады, тиісінше олардың нақты көлем индексі 117,1%, 102,7% және 86,9% құрады.
    25955,7 мың
    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте ұялы байланыс абоненттері – 25955,7 мың бірлікті, Интернетке қатынауы бар ұялы байланыс абоненттері – 18737,5 мың бірлікті, тіркелген Интернет абоненттері –3147,8 мың бірлікті, тіркелген телефон желілерінің саны 2505,5 мың бірлікті құрады.
    Байланыс қызметінің көлемі
    млн.теңге
      2024 жылғы қаңтар-қыркүйек 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек
    Қазақстан Республикасы 1 003 803,7 897 657,9
    Абай 8 151,0 6 796,4
    Ақмола 11 901,6 11 210,6
    Ақтөбе 14 549,1 12 922,8
    Алматы 11 534,3 10 814,3
    Атырау 13 236,1 12 567,0
    Батыс Қазақстан 7 940,6 7 113,2
    Жамбыл 8 194,3 7 190,2
    Жетісу 7 111,6 6 539,9
    Қарағанды 18 348,4 16 825,7
    Қостанай 14 178,8 12 664,5
    Қызылорда 6 957,1 6 017,9
    Маңғыстау 12 015,5 10 748,4
    Павлодар 13 781,2 12 399,4
    Солтүстік Қазақстан 8 630,9 8 144,6
    Түркістан 7 410,8 6 309,2
    Ұлытау 2 958,0 2 509,6
    Шығыс Қазақстан 12 462,4 11 287,5
    Астана қаласы* 263 557,3 223 453,1
    Алматы қаласы* 552 290,9 505 014,1
    Шымкент қаласы 8 593,7 7 129,7

    *Ұялы байланыстың көлемдері ұялы байланыс операторларын тіркеу орындары бойынша бөлінген - Алматы және Астана қалалары

    Электрондық кестелер
    Пошта және курьерлік қызметі

    2024 жылғы қаңтар- қыркүйекте пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі бойынша нақты көлем индексі 105,3% құрады (2023 жылығы қаңтар- қыркүйекте – 124,5%).

    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі жедел деректер бойынша 57321,1 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл 2023 жылғы қаңтар- қыркүйекте көлемімен салыстырмалы бағаларда 5,3% көп.

    Электрондық кестелер
    Глоссарий

    Байланыс – ақпаратты, пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату.

    Пошта қызметі – пошта желiлерi арқылы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Кестеде айлық кезеңділікте статистикалық 3-байланыс нысаны бойынша есеп берген, қызмет түрлері «пошталық және курьерлік қызмет» (ЭҚЖЖ-ның коды 53) және «телекоммуникация» (ЭҚЖЖ-ның коды 61) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы туралы статистикалық деректер келтірілген.

    Облыстар бөлісінде кәсіпорындардың ұсынған отчеттары негізінде, байланыс кәсіпорындарының жұмысы көрсетілген қызметтің жекелеген түрлері бойынша, ақшалай және заттай көріністе сипатталады.

    Байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі. Байланыс қызметінің көлеміне қалааралық, халықаралық және жергілікті телефон байланысының, деректерді беру, Интернет желісі, ұтқыр байланыс, бағдарламаны тарату қызметінің көлемдері, сонымен қатар өзгеде телекоммуникациялық қызметтердің көлемдері кіреді.

    Қызметінің негізгі түрі бойынша кәсіпорындар құндық мәндегі көрсетілген байланыс қызметтерінің көлеміне есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметтері үшін, көрсетілген қызметтердің төлем мерзіміне қарамастан халықтан және заңды тұлғалардан түскен қаражатты енгізеді.


    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Айгозина
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    А.Крыкбаева
    Тел. +7 7172 749329
    E-mail: A. Krykbaeva @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші