Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    15 251,1 млрд
    Қазақстан Республикасында 2022 жылы барлық қаржыландыру көздерінен негізгі капиталға салынған инвестициялар 15 251,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,2% өсті (салыстырмалы бағамен).
    Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар
    2022ж.

    Өңірлік тұрғыда республиканың 18 өңірінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі байқалады. Бұл ретте ең үлкен өсім Қызылорда және Жетісу облыстарында (1,3 есе) байқалады, Павлодар және Манғыстау облыстарында (1,2 есе). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемінің төмендеуі республиканың 2 өңірінде - Атырау (0,4%) және Ұлытау (7,9%) байқалды.

    Өңірлер бөлінісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2021 жылға, пайызбен Негізгі капиталға салынған инвестициялардың республикалық көлеміндегі өңірлердің үлес салмағы, пайызбен
    Қазақстан Республикасы 15 251 104 090 109,2 100,0
    Абай 414 497 362 105,9 2,7
    Ақмола 579 972 904 106,8 3,8
    Ақтөбе 960 038 538 110,3 6,3
    Алматы 613 940 487 115,3 4,0
    Атырау 3 003 503 184 99,6 19,7
    Батыс Қазақстан 537 886 227 117,7 3,5
    Жамбыл 428 501 575 102,3 2,8
    Жетісу 291 989 301 126,2 1,9
    Қарағанды 724 917 845 110,7 4,8
    Қостанай 492 069 660 107,7 3,2
    Қызылорда 413 284 091 127,8 2,7
    Маңғыстау 785 759 298 119,2 5,2
    Павлодар 742 793 468 119,7 4,9
    Солтүстік Қазақстан 368 460 383 104,1 2,4
    Түркістан 742 587 923 109,1 4,9
    Ұлытау 175 499 451 92,1 1,2
    Шығыс Қазақстан 555 270 644 113,2 3,6
    Астана қаласы 1 462 523 930 113,5 9,6
    Алматы қаласы 1 407 989 996 112,5 9,2
    Шымкент қаласы 549 617 823 113,8 3,6
    2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың технологиялық құрылымында 60,8% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына (олардың 70% жеке меншіктегі кәсіпорындар жүзеге асырады), 28% - машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарды сатып алуға және күрделі жөндеуге кеткен шығындар, 11,2% - негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ элементтерінің технологиялық құрылымы
    өткен жылға пайызбен
    2022ж.

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
    Негізгі капиталға салынған инвестицияларды игерді Оның ішінде
    Шағын кәсіпорындар Орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2020 жыл 12 270 144 010 6 007 370 054 885 202 580 5 377 571 376
    2021 жыл 13 242 233 420 7 127 645 084 1 128 594 126 4 985 994 210
    2022 жыл 15 251 104 090 8 156 215 530 947 478 819 6 147 409 741

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2022 жылы 11 161 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 73,2% -құрады.

    Жиналған қаражаттың 15,5% бюджет қаражаты, 8,1% – басқа да қарыз қаражаты, 3,2% - банк кредиттері құрады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    2022 жыл Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2021 жыл 2020 жыл
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 15 251 104 090 100,0 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:
    мемлекеттік бюджеттен 2 368 507 596 15,5 15,6 19,2
    меншікті қаражат 11 161 041 078 73,2 70,7 68,7
    банктердің кредиттері 483 220 847 3,2 2,6 2,3
    одан:
    шетелдік банкттердің кредиттері 27 004 598 0,2 0,5 0,4
    басқада қарыз қаражаты 1 238 344 569 8,1 11,1 9,8
    одан:
    резидент емес қарыз қаражаты 294 974 652 1,9 2,2 2,8

    2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі өнеркәсіпке (48,4%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға –29,2%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,3%), көлік пен қоймаға (11,3%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2021 жылға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 15 251 104 090 109,2 100,0
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 850 346 200 106,3 5,6
    өнеркәсіп 7 380 077 725 107,6 48,4
    оның ішінде:
    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 4 458 971 791 114,0 29,2
    өңдеу өнер кәсібі 1 586 872 194 97,6 10,4
    электр энергиясымен, газбен,бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 828 749 153 106,0 5,4
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 505 484 587 102,6 3,3
    құрылыс 223 241 498 171,9 1,5
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 354 566 425 124,2 2,3
    көлік және қоймалау 1 725 317 431 114,8 11,3
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 132 291 864 72,2 0,9
    ақпарат және байланыс 192 394 862 127,3 1,3
    қаржы және сақтандыру қызметі 119 660 433 118,3 0,8
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 2 939 761 536 110,9 19,3
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 60 296 748 83,4 0,4
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 150 842 311 92,2 1,0
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасызету 164 715 216 234,8 1,1
    білім беру 374 200 454 129,3 2,5
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 260 666 128 136,3 1,7
    өнер, ойын-сауық және демалыс 257 499 757 92,3 1,7
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 65 225 502 104,3 0,4
    Электронды кестелер:
    Глоссарий

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар – жаңа құрылысқа, кеңейтуге, сонымен қоса объектінің бастапқы құнының көбеюіне әкелетін объектілерді қайта құру мен жаңарту, машина,құрал-жабдықтарды,көлік құралдарын сатып алуға, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға және т.б. бағытталған инвестордың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді алу мақсатында қаражаттарды салуы.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар – машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау - іздестіру жұмыстарына, ав-торлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Г. Жараспаева
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: gu.zharaspaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші