Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    9 649,7 млрд.
    2023 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9649,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-тамыздан (салыстырмалы бағамен) 12,2% көп.
    53,5%
    Манғыстау облысында 53,5%, Абай облысында 45%, Түркістан облысында 33,7%, Павлодар облысында 31,3%, Ақмола облысында 27,6% және Қызылорда облысында 27% елеулі өсуі байқалды.
    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    2021 жылғы тамыз айынан бастап инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу серпініне ие.

    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
     2023ж. қаңтар-тамыз

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (19,1%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
    2023 жылғы тамыз 2023 жылғы қаңтар-тамыз 2022 жылғы қаңтар-тамызға
    2023 жылғы шілдеге 2022 жылғы тамызға
    Қазақстан Республикасы 111,4 110,9 112,2
    Абай 108,7 100,2 145,0
    Ақмола 259,5 223,1 127,6
    Ақтөбе 86,0 101,5 107,1
    Алматы 135,7 122,7 117,6
    Атырау 99,1 74,3 96,1
    Батыс-Казақстан 100,7 92,7 123,8
    Жамбыл 112,9 67,2 108,0
    Жетісу 150,6 177,8 111,7
    Қарағанды 67,7 106,5 116,9
    Қостанай 108,0 97,9 112,0
    Қызылорда 143,4 138,2 127,0
    Манғыстау 142,0 197,4 153,5
    Павлодар 173,7 164,8 131,3
    Солтүстік Қазақстан 156,5 148,8 107,6
    Түркістан 106,3 219,0 133,7
    Ұлытау 96,3 113,5 105,9
    Шығыс Қазақстан 89,3 81,1 106,3
    Астана қаласы 80,1 75,6 103,3
    Алматы қаласы 84,9 92,3 100,1
    Шымкент қаласы 139,0 137,5 126,5

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    Шағын кәсіпорындар Орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2021 жылғы қаңтар-тамыз 7 329 509 498 3 768 193 065 658 780 487 2 902 535 946
    2022 жылғы қаңтар-тамыз 8 182 566 501 4 285 942 731 413 681 476 3 482 942 294
    2023 жылғы қаңтар-тамыз 9 649 662 871 5 022 705 759 633 489 483 3 993 467 629

    Жалпы шығындардың шамамен 60% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге, жалпы сомасының төрттен бірінен астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ элементтерінің технологиялық құрылымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
     2023ж. қаңтар-тамыз

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2023 жылғы қаңтар-тамызда 7328,6 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 75,9% - құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 14,5% құрады, бұл ретте 2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 21,9% ұлғайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 2,4% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2023 жылғы қаңтар-тамыз Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2022 жылғы қаңтар-тамыз 2021 жылғы қаңтар-тамыз
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 9 649 662 871 100,0 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:        
    мемлекеттік бюджеттен 1 395 852 569 14,5 13,3 13,2
    меншікті қаражат 7 328 557 105 75,9 75,4 72,1
    банктердің кредиттері 227 407 939 2,4 2,8 2,5
    одан:        
    шетелдік банкттердің кредиттері 2 768 310 0,0 0,3 0,8
    басқада қарыз қаражаты 697 845 258 7,2 8,5 12,2
    одан:        
    резидент емес қарыз қаражаты 240 856 851 2,5 1,4 2,1

    2023 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (48,9%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына - 31,3%, өңдеу өнеркәсібі - 8,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (18,7%), көлік пен қоймаға (12,4%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (5,9%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2022 жылғы қаңтар-тамызға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 9 649 662 871 112,2 100,0
    оныңішінде:      
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 564 505 332 120,7 5,9
    Өнеркәсіп 4 716 307 260 108,5 48,9
    оның ішінде:      
    кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 3 024 617 227 105,7 31,3
    өңдеу өнеркәсібі 809 789 861 91,4 8,4
    электрэнергиясымен, газбен,бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 595 202 744 164,6 6,2
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 286 697 422 127,2 3,0
    Құрылыс 116 305 671 98,5 1,2
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 225 147 678 130,1 2,3
    көлік және қоймалау 1 200 164 528 149,0 12,4
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 71 679 520 109,8 0,7
    ақпарат және байланыс 99 753 477 145,1 1,0
    қаржы және сақтандыру қызметі 66 993 416 86,6 0,7
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 1 803 866 122 99,9 18,7
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 50 703 185 165,8 0,5
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 99 588 671 121,5 1,0
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 80 401 113 131,4 0,8
    білім беру 245 249 982 131,9 2,5
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 168 209 027 153,1 1,7
    өнер, ойын-сауық және демалыс 116 504 748 117,8 1,2
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 24 283 144 41,9 0,3
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, ав-торлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Байланысты басылымдарға сілтемелер

    Статистикалық жинақ «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және құрылыс қызметі»

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Д. Бустаев
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: da.bustayev@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші