ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    755,1 млрд.
    Қазақстан Республикасында барлық меншік нысанындағы ұйымдардың жаңа негізгі қорларды сатып алуына 2023 жылғы қаңтарда 755,1 млрд.теңге бағытталды, бұл негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2022 жылғы қаңтарға (салыстырмалы бағамен) 18,3% өсуін қамтамасыз етті.
    71,7%
    Есепті кезеңде республиканың 18 өңірінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың ұлғаюы тіркелді. Ең үлкен өсім Алматы облысында - 71,7%, Ұлытау облысында - 71,3,%, Жамбыл облысында - 67,6%, Манғыстау облысында - 58,7%, Павлодар облысында -- 45,4%, Түркістан облысында - 40%, Қарағанды облысында - 36,8% және Астана қаласында - 34,4% байқалды. Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың азаюы Абай облысында (10,8%) және Батыс Қазақстан облысында (1,5%) байқалды.
    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    2021 жылдың тамыз айынан бастап инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрақты оң өсімге ие болды.

    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    #IMG_1#

    Инвестициялардың (30,6%) негізгі үлесі Атырау облысында байқалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың физикалық көлемінің индекстері
    2023 жылғы қаңтар
    2022 ж. желтоқсанға 2022ж. қаңтарға
    Республика Казахстан 31,5 118,3
    Абай 12,8 89,2
    Ақмола 70,7 108,6
    Ақтөбе 18,4 114,2
    Алматы 17,8 171,7
    Атырау 56,8 107,5
    Батыс-Казақстан 30,3 98,5
    Жамбыл 21,1 167,6
    Жетісу 10,0 121,5
    Қарағанды 27,4 136,8
    Қостанай 36,6 108,6
    Қызылорда 49,7 122,8
    Манғыстау 37,3 158,7
    Павлодар 17,5 145,4
    Солтүстік Қазақстан 26,5 125,9
    Түркістан 10,7 140,0
    Ұлытау 23,2 171,3
    Шығыс Қазақстан 25,4 125,9
    Астана қаласы 19,1 134,4
    Алматы қаласы 42,5 121,9
    Шымкент қаласы 39,8 118,6

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға инвестициялар
    мың теңге
    Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    Шағын кәсіпорындар Орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2021 жылғы қаңтар 571 409 119 203 090 328 25 019 925 343 298 866
    2022 жылғы қаңтар 609 183 297 228 580 182 50 096 320 330 506 795
    2023 жылғы қаңтар 755 065 042 293 298 101 45 369 241 416 397 700

    Жалпы шығындардың шамамен 55% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге жұмсалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ элементтерінің технологиялық құрылымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    #IMG_2#

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2023 жылғы қаңтарда 646,6 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 85,6% -. құрады.

    Бюджет қаражаты есебінен негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 2,7% - құрады, бұл ретте 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 13,1% азайды.

    Экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі бұрынғысынша аз – негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 1,5%, бұл ретте басқа да қарыз қаражаты жалпы көлеміндегі үлес салмағы 10,2% құрайды.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Қаңтар 2023ж. Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен Қаңтар 2022ж. Қаңтар 2021ж.
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 755 065 042 100,0 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:
    мемлекеттік бюджеттен 20 006 976 2,7 3,6 3,9
    меншікті қаражат 646 609 468 85,6 83,6 85,1
    банктердің кредиттері 11 186 896 1,5 2,5 5,0
    одан:
    шетелдік банкттердің кредиттері - - 0,3 4,3
    басқада қарыз қаражаты 77 261 702 10,2 10,3 6,0
    одан:
    резидент емес қарыз қаражаты 20 539 660 2,7 1,1 0,6

    2023 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуға (42,8%), өнеркәсіпке (10,1%), көлік пен қоймаға (7,3%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (21,6%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 755 065 042 118,3 100,0
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 29 448 096 133,7 3,9
    өнеркәсіп 428 687 710 109,2 56,8
    оның ішінде:
    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 323 474 520 112,6 42,8
    өңдеу өнеркәсібі 76 499 016 90,5 10,1
    электрэнергиясымен, газбен,бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 19 100 227 118,5 2,5
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 9 613 947 258,0 1,3
    құрылыс 3 858 988 49,5 0,5
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 20 836 597 192,7 2,8
    көлік және қоймалау 54 793 249 131,8 7,3
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 264 833 5,4есе 1,4
    ақпарат және байланыс 10 960 702 159,1 1,5
    қаржы және сақтандыру қызметі 3 332 993 55,7 0,4
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 163 068 927 133,7 21,6
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 3 896 601 220,0 0,5
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 2 175 649 120,7 0,3
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 10 626 343 23есе 1,4
    білім беру 2 799 749 149,5 0,4
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 5 526 579 126,7 0,7
    өнер, ойын-сауық және демалыс 3 707 259 207,7 0,5
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 1 080 767 17,4 0,1
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, кеңейту, сондай-ақ объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын объектілерді реконструкциялау және жаңғырту жағдайында экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алуы мақсатында, сондай-ақ Машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алуға, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға және т. б.

    Құрылыс - монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау - іздестіру жұмыстарына, ав-торлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Н. Қайырбекова
    Тел. +7 7172 749769
    E-mail: na.kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші