Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    5 075,7 млрд.
    2023 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 5075,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-мамырдан (салыстырмалы бағамен) 17,2% көп.
    56,5%
    Түркістан облысында 56,5%-ға, Манғыстау облысында 42,2%-ға, Қызылорда облысында 40%-ға, Қостанай облысында 38,1%-ға, Қарағанды облысында 36,9%-ға, Батыс-Қазақстан облысында 33,7%-ға, Павлодар облысында 29,8%-ға, және Ұлытауда 25,3%-ға елеулі өсуібайқалды.
    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    2021 жылдың тамыз айынан бастап инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу серпініне ие.

    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2023ж. қаңтар-мамыр

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (22,5%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың физикалық көлемінің индекстері
    2023 жылғы мамыр 2023 жылғы қаңтар-мамыр 2022 жылғы қаңтар-мамырға
    2023 ж. сәуірге 2022ж. мамырға
    Республика Казахстан 114,4 114,7 117,2
    Абай 204,9 147,3 121,0
    Ақмола 117,9 112,6 117,8
    Ақтөбе 134,4 100,9 108,5
    Алматы 95,4 89,6 113,9
    Атырау 91,5 90,3 106,7
    Батыс-Казақстан 106,0 131,7 133,7
    Жамбыл 163,0 161,4 118,0
    Жетісу 127,2 103,6 115,0
    Қарағанды 141,5 188,1 136,9
    Қостанай 111,6 191,4 138,1
    Қызылорда 107,6 130,5 140,0
    Манғыстау 87,4 129,5 142,2
    Павлодар 247,9 138,2 129,8
    Солтүстік Қазақстан 128,8 72,9 104,0
    Түркістан 143,0 146,7 156,5
    Ұлытау 95,2 128,6 125,3
    Шығыс Қазақстан 152,0 115,4 110,8
    Астана қаласы 138,6 130,3 120,9
    Алматы қаласы 100,5 104,4 101,4
    Шымкент қаласы 62,2 132,9 122,1

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
    Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    Шағын кәсіпорындар Орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    Қаңтар-мамыр2021 жыл 3 829 981 069 1 836 520 603 310 730 403 1 682 730 063
    Қаңтар-мамыр 2022 жыл 4 145 788 210 2 082 869 570 209 861 858 1 853 056 782
    Қаңтар-мамыр2023 жыл 5 075 694 127 2 465 256 322 304 946 671 2 305 491 134

    Жалпы шығындардың шамамен 58% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге, жалпы сомасының төрттен бірінен астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ элементтерінің технологиялық құрылымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2023ж. қаңтар-мамыр

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2023 жылғы қаңтар-мамырда 3981,7 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 78,5% - құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 12,4% - құрады, бұл ретте 2022 жылдын қаңтар-мамырмен салыстырғанда 41,6%-ға ұлғайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 2,1% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    2023 жылғы қаңтар-мамыр Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2022 жылғы қаңтар-мамыр 2021жылғы қаңтар-мамыр
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5 075 694 127 100,0 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:
    мемлекеттік бюджеттен 631 418 309 12,4 10,3 10,4
    меншікті қаражат 3 981 673 512 78,5 78,7 76,7
    банктердің кредиттері 106 706 961 2,1 2,9 2,5
    одан:
    шетелдік банкттердің кредиттері 598 594 - 0,4 0,9
    басқада қарыз қаражаты 355 895 345 7,0 8,1 10,4
    одан:
    резидент емес қарыз қаражаты 109 975 138 2,2 1,1 1,4

    2023 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (51,3%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына - 35,3%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (20%), көлік пен қоймаға (10,3%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2022 жылғы қаңтар-мамырға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 5 075 694 127 117,2 100,0
    оныңішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 269 938 058 130,8 5,3
    Өнеркәсіп 2 601 968 271 115,7 51,3
    оның ішінде:
    кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1 792 039 733 113,4 35,3
    өңдеу өнеркәсібі 436 959 510 102,8 8,6
    электрэнергиясымен, газбен,бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 239 757 055 156,7 4,7
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 133 211 973 158,1 2,6
    Құрылыс 45 708 514 81,6 0,9
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 122 705 286 146,2 2,4
    көлік және қоймалау 523 032 607 156,1 10,3
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 48 913 133 223,9 1,0
    ақпарат және байланыс 38 197 237 121,3 0,8
    қаржы және сақтандыру қызметі 32 836 266 72,9 0,6
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 1 012 708 379 103,0 20,0
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 33 517 891 171,9 0,7
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 55 137 875 206,1 1,1
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 42 879 005 189,8 0,8
    білім беру 97 763 580 118,8 1,9
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 90 491 976 161,8 1,8
    өнер, ойын-сауық және демалыс 50 472 641 105,0 1,0
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 9 423 426 55,9 0,2
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, ав-торлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Д. Бустаев
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: da.bustayev@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші