Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    18321,4 млрд.
    2026 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 18321,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қазаннан (салыстырмалы бағамен) 4,9% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (74,4%), Жамбыл (29%-ға), Павлодар (13,4%-ға), Түркістан (13%-ға), Алматы (11,4%-ға), Шығыс Қазақстан (10,6%), Ақтөбе (8,2%-ға) және Манғыстау (4,5%) облыстарында байқалады.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Жетісу облысында (31,7%-ға) және Қарағанды облысында (8,7%-ға) және Ақмола облысында (3,4%-ға) байқалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,7%) және Алматы қаласы (10,3%) алады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2026 жылғы қазан 2026 жылғы қаңтар-қазан 2025 жылғы қаңтар-қазанға
    2026 жылғы қыркүйекке 2025 жылғы қазанға
    Қазақстан Республикасы    87,0    91,9    104,9
    Абай    67,3    83,6    100,4
    Ақмола    53,8    52,4    96,6
    Ақтөбе    95,5    162,5    108,2
    Алматы    57,8    107,0    111,4
    Атырау    99,9    93,0    102,4
    Батыс-Казақстан    93,5    95,7    101,9
    Жамбыл    47,7    67,9    129,0
    Жетісу    62,1    45,3    68,3
    Қарағанды    77,9    71,1    91,3
    Қостанай    77,8    122,1    102,7
    Қызылорда    177,1    100,2    101,9
    Манғыстау    103,3    115,8    104,5
    Павлодар    154,5    114,4    113,4
    Солтүстік Қазақстан    107,6    111,8    104,1
    Түркістан    72,3    71,6    113,0
    Ұлытау    68,5    107,9    174,4
    Шығыс Қазақстан    68,0    130,3    110,6
    Астана қаласы    70,9    89,4    102,8
    Алматы қаласы    103,2    86,5    101,1
    Шымкент қаласы    65,4    57,8    100,1

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2025 жылғы қаңтар-қазан 15 955 750 596 9 288 771 996 1 611 609 407 5 055 369 193
    2026 жылғы қаңтар-қазан 18 321 429 574 10 890 032 716 2 110 262 374 5 321 134 484

    Жалпы шығындардың 63,3% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 32,5% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-қазанда 12045,1 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 65,7%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 14,3% құрады, бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 32,5% азайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 5,4% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2026 жылғы қаңтар-қазан Анықтама: 2025 жылғы қантар-қазан қорытындыға пайызбен
    млн. теңге қорытындыға пайызбен
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 321 430 100,0 100,0

    қаражаттарды қоса алғанда:

    мемлекеттік бюджеттен

    2 615 805 14,3 22,8
    меншікті қаражат 12 045 107 65,7 62,9
    банктердің кредиттері 988 807 5,4 4,1

    одан:

    шетелдік банкттердің кредиттері

    45 397 0,2 0,6
    басқада қарыз қаражаты 2 671 711 14,6 10,2

    одан:

    резидент емес қарыз қаражаты

    595 819 3,3 3,0

    2026 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,1%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (13,3%), өңдеу өнеркәсібіне (13,9%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18,4%), көлік және қоймалауға (18,8%) және ауыл,орман және балық шаруашылығы (5,7%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2025 жылғы қаңтар-қазанға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 18 321 429 574 104,9 100,0

    оның ішінде:

    ауыл, орман және балық шаруашылығы

    1 049 554 579 109,4 5,7
    өнеркәсіп 7 342 287 058 110,0 40,1

    оның ішінде:

    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

    2 430 503 582    92,0    13,3
    өңдеу өнеркәсібі 2 545 646 803    139,0    13,9
    электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау 1 778 151 541    114,1    9,7
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 587 985 131    89,1    3,2
    құрылыс 169 287 021    128,3    0,9
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 340 594 198    96,5    1,9
    көлік және қоймалау 3 435 294 303    107,7    18,8
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 370 972 699    200,7    2,0
    ақпарат және байланыс 377 816 011    109,5    2,1
    қаржы және сақтандыру қызметі 189 342 732    78,4    1,0
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 3 362 994 065    102,1    18,4
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 96 246 720    164,0    0,5
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 209 873 696    147,8    1,1
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 193 781 113    119,5    1,1
    білім беру 375 707 411    33,1    2,1
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 408 871 395    122,6    2,2
    өнер, ойын-сауық және демалыс 363 068 019    110,7    2,0
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 35 738 595    104,4    0,2
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын)жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    Н. Кайрбекова
    Тел. +7 7172 749769
    E-mail: na.kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс