Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    16081,4 млрд.
    2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 16081,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектен (салыстырмалы бағамен) 7% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (88,2%), Жамбыл (37,1%-ға), Түркістан (20,1%-ға), Павлодар (13,8%-ға), Алматы (11,8%-ға), Шығыс Қазақстан (8,4%) облыстарында және Шымкент қаласында (7,4%-ға) байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Жетісу облысында (26,8%-ға) және Қарағанды облысында (4,6%-ға) байқалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,7%) және Алматы қаласы (10,5%) алады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2026 жылғы қыркүйек 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке
    2026 жылғы тамызға 2025 жылғы қыркүйекке
    Қазақстан Республикасы 125,7 100,7 107,0
    Абай 132,7 74,3 102,8
    Ақмола 96,2 99,2 104,6
    Ақтөбе 143,5 111,6 102,7
    Алматы 186,9 104,5 111,8
    Атырау 91,6 91,3 103,7
    Батыс-Казақстан 159,5 93,8 103,2
    Жамбыл 199,3 90,8 137,1
    Жетісу 182,9 82,3 73,2
    Қарағанды 126,6 97,8 95,4
    Қостанай 141,4 91,6 100,8
    Қызылорда 104,4 84,6 102,3
    Манғыстау 78,6 114,6 103,3
    Павлодар 162,5 114,8 113,8
    Солтүстік Қазақстан 90,6 101,2 102,9
    Түркістан 164,1 72,5 120,1
    Ұлытау 121,5 163,2 188,2
    Шығыс Қазақстан 152,5 127,3 108,4
    Астана қаласы 164,6 116,2 105,2
    Алматы қаласы 83,1 98,2 103,1
    Шымкент қаласы 74,6 173,3 107,4

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2025 жылғы қаңтар-қыркүйек 13 795 698 905 8 154 781 663 1 360 042 412 4 280 874 830
    2026 жылғы қаңтар-қыркүйек 16 081 384 418 9 547 724 542 1 828 123 398 4 705 536 478

    Жалпы шығындардың 63,4% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 32,4% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10587,3 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 65,8%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 14,3% құрады, бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 32% азайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 5,6% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар

     

      2026 жылғы қаңтар-қыркүйек Анықтама: 2025 жылғы қантар-қыркүйек қорытындыға пайызбен
    млн. теңге қорытындыға пайызбен
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 16 081 384 100,0 100,0

    қаражаттарды қоса алғанда:

    мемлекеттік бюджеттен

    2 296 350 14,3 23,0
    меншікті қаражат 10 587 294 65,8 63,0
    банктердің кредиттері 893 508 5,6 3,7

    одан:

    шетелдік банкттердің кредиттері

    42 641 0,3 0,6
    басқада қарыз қаражаты 2 304 232 14,3 10,3

    одан:

    резидент емес қарыз қаражаты

    524 383 3,3 3,1

    2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,1%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (13,5%), өңдеу өнеркәсібіне (13,9%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18,6%), көлік және қоймалауға (18,2%) және ауыл,орман және балық шаруашылығы (5,9%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 16 081 384 418 107,0 100,0

    оның ішінде:

    ауыл, орман және балық шаруашылығы

    949 022 428 109,1 5,9
    өнеркәсіп 6 445 815 745 115,7 40,1

    оның ішінде:

    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

    2 166 929 586 95,2 13,5
    өңдеу өнеркәсібі 2 236 315 972 140,1 13,9
    электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау 1 541 155 357 136,9 9,6
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 501 414 826 85,5 3,1
    құрылыс 160 824 034 132,0 1,0
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 311 664 613 98,9 1,9
    көлік және қоймалау 2 922 864 898 106,1 18,2
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 313 449 706 186,0 1,9
    ақпарат және байланыс 344 723 165 129,2 2,1
    қаржы және сақтандыру қызметі 179 599 197 80,8 1,1
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 2 990 934 833 103,3 18,6
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 81 942 425 161,5 0,5
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 171 999 612 143,3 1,1
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 172 362 115 132,7 1,1
    білім беру 342 585 899 32,9 2,1
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 329 734 278 120,4 2,1
    өнер, ойын-сауық және демалыс 333 111 811 118,1 2,1
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 30 749 699 150,6 0,2
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын)жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    Н. Кайрбекова
    Тел. +7 7172 749769
    E-mail: na.kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс