Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (93,7%), Жамбыл (48,7%-ға), Түркістан (34,4%-ға), Павлодар (13,5%-ға), Алматы (13,4%-ға) және Абай (12,3%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Жетісу (29,1%-ға) және Қарағанды (5%-ға) облыстарында байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,2%) және Алматы қаласы (11%) алады.
| 2026 жылғы тамыз |
2026 жылғы қаңтар-тамыз 2025 жылғы қаңтар-тамызға |
||
| 2026 жылғы шілдеге | 2025 жылғы тамызға | ||
| Қазақстан Республикасы | 103,3 | 110,0 | 108,1 |
| Абай | 113,0 | 95,6 | 112,3 |
| Ақмола | 153,5 | 121,7 | 106,0 |
| Ақтөбе | 126,7 | 104,9 | 101,0 |
| Алматы | 61,3 | 93,1 | 113,4 |
| Атырау | 104,5 | 117,4 | 105,6 |
| Батыс-Казақстан | 102,7 | 71,5 | 105,3 |
| Жамбыл | 76,3 | 94,9 | 148,7 |
| Жетісу | 96,2 | 51,7 | 70,9 |
| Қарағанды | 111,9 | 128,4 | 95,0 |
| Қостанай | 70,7 | 89,3 | 102,5 |
| Қызылорда | 103,0 | 106,1 | 106,1 |
| Манғыстау | 159,3 | 148,7 | 101,8 |
| Павлодар | 90,5 | 121,9 | 113,5 |
| Солтүстік Қазақстан | 108,8 | 109,4 | 103,2 |
| Түркістан | 92,8 | 110,9 | 134,4 |
| Ұлытау | 73,2 | 189,5 | 193,7 |
| Шығыс Қазақстан | 92,6 | 101,4 | 104,6 |
| Астана қаласы | 104,2 | 104,0 | 102,7 |
| Алматы қаласы | 110,4 | 98,1 | 103,8 |
| Шымкент қаласы | 125,3 | 291,4 | 101,3 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді | Соның ішінде | |||
| шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | Ірі кәсіпорындар | ||
| 2025 жылғы қаңтар-тамыз | 11 543 128 682 | 6 733 540 690 | 1 217 815 207 | 3 591 772 785 |
| 2026 жылғы қаңтар-тамыз | 13 505 738 696 | 7 903 780 744 | 1 555 880 232 | 4 046 077 720 |
Жалпы шығындардың 62,9% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 32,8% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-тамызда 9013,6 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 66,7%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 14% құрады, бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 33,1% азайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 5,6% алады.
| 2026 жылғы қаңтар-тамыз |
Анықтама: 2025 жылғы қантар-тамыз қорытындыға пайызбен |
||
| млн. теңге | қорытындыға пайызбен | ||
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 13 505 739 | 100,0 | 100,0 |
|
қаражаттарды қоса алғанда: мемлекеттік бюджеттен |
1 891 307 | 14,0 | 23,0 |
| меншікті қаражат | 9 013 564 | 66,7 | 63,4 |
| банктердің кредиттері | 750 969 | 5,6 | 3,5 |
|
одан: шетелдік банкттердің кредиттері |
20 212 | 0,1 | 0,7 |
| басқада қарыз қаражаты | 1 849 899 | 13,7 | 10,1 |
|
одан: резидент емес қарыз қаражаты |
414 957 | 3,1 | 3,2 |
2026 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,6%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (13,9%), өңдеу өнеркәсібіне (14,1%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18,9%), көлік және қоймалауға (17,6%) және ауыл,орман және балық шаруашылығы (5,6%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2025 жылғы қаңтар-тамызға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | |
| Барлығы | 13 505 738 696 | 108,1 | 100,0 |
|
оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы |
758 249 160 | 117,6 | 5,6 |
| өнеркәсіп | 5 484 979 877 | 118,1 | 40,6 |
|
оның ішінде: кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
1 874 364 295 | 96,1 | 13,9 |
| өңдеу өнеркәсібі | 1 909 464 689 | 139,9 | 14,1 |
| электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау | 1 312 901 350 | 149,3 | 9,7 |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 388 249 534 | 85,3 | 2,9 |
| құрылыс | 139 881 343 | 140,0 | 1,0 |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 279 391 818 | 104,5 | 2,1 |
| көлік және қоймалау | 2 381 727 029 | 104,8 | 17,6 |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 269 005 141 | 222,4 | 2,0 |
| ақпарат және байланыс | 305 636 033 | 145,3 | 2,3 |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 158 712 223 | 83,0 | 1,2 |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 2 551 337 649 | 104,6 | 18,9 |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 58 312 019 | 136,2 | 0,4 |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 153 137 708 | 157,6 | 1,1 |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 120 566 041 | 113,1 | 0,9 |
| білім беру | 288 568 253 | 31,7 | 2,1 |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 262 041 360 | 112,4 | 1,9 |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 264 719 160 | 111,9 | 2,0 |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 29 473 924 | 150,5 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын)жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі