Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (94,4%), Жамбыл (56,4%-ға), Түркістан (37,5%-ға), Алматы (16,4%-ға), Абай (16,1%-ға), Батыс Қазақстан (13,3%-ға) және Павлодар (11,9%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Жетісу (24,5%-ға) облысында, Шымкент қаласы (14%-ға), Қарағанды (10,4%-ға) және Манғыстау (4,5%-ға) облыстарында байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,3%) және Алматы қаласы (10,8%) алады.
| 2026 жылғы шілде |
2026 жылғы қаңтар-шілде 2025 жылғы қаңтар-шілдеге |
||
| 2026 жылғы маусымға | 2025 жылғы шілдеге | ||
| Қазақстан Республикасы | 70,9 | 99,1 | 107,7 |
| Абай | 62,0 | 91,6 | 116,1 |
| Ақмола | 56,4 | 100,1 | 102,3 |
| Ақтөбе | 40,7 | 94,0 | 100,0 |
| Алматы | 71,4 | 109,5 | 116,4 |
| Атырау | 78,1 | 98,3 | 103,7 |
| Батыс-Казақстан | 58,6 | 77,1 | 113,3 |
| Жамбыл | 65,3 | 134,6 | 156,4 |
| Жетісу | 68,7 | 64,6 | 75,5 |
| Қарағанды | 70,4 | 89,7 | 89,6 |
| Қостанай | 79,2 | 111,9 | 104,6 |
| Қызылорда | 99,4 | 102,1 | 106,1 |
| Манғыстау | 41,4 | 72,4 | 95,5 |
| Павлодар | 76,1 | 121,1 | 111,9 |
| Солтүстік Қазақстан | 94,2 | 127,3 | 101,8 |
| Түркістан | 44,6 | 101,7 | 137,5 |
| Ұлытау | 184,6 | 181,0 | 194,4 |
| Шығыс Қазақстан | 83,1 | 89,1 | 105,2 |
| Астана қаласы | 83,7 | 83,5 | 102,7 |
| Алматы қаласы | 86,9 | 104,9 | 104,6 |
| Шымкент қаласы | 162,1 | 119,0 | 86,0 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді | Соның ішінде | |||
| шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | Ірі кәсіпорындар | ||
| 2025 жылғы қаңтар-шілде | 9 921 292 240 | 5 752 933 668 | 1 112 306 964 | 3 056 051 608 |
| 2026 жылғы қаңтар-шілде | 11 464 246 834 | 6 664 843 862 | 1 307 844 667 | 3 491 558 305 |
Жалпы шығындардың 62,1% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 33,6% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-шілдеде 7767,1 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 67,7%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 14% құрады, бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 32% азайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 5,6% алады.
| 2026 жылғы қаңтар-шілде | Анықтама: 2025 жылғы қаңтар-шілде қорытындыға пайызбен | ||
| мың теңге | қорытындыға пайызбен | ||
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 11 464 246 834 | 100,0 | 100,0 |
|
қаражаттарды қоса алғанда: мемлекеттік бюджеттен |
1 602 116 350 | 14,0 | 22,4 |
| меншікті қаражат | 7 767 056 589 | 67,7 | 64,0 |
| банктердің кредиттері | 643 675 134 | 5,6 | 3,5 |
|
одан: шетелдік банкттердің кредиттері |
7 800 277 | 0,1 | 0,6 |
| Басқада қарыз қаражаты | 1 451 398 761 | 12,7 | 10,1 |
|
одан: резидент емес қарыз қаражаты |
342 042 956 | 3,0 | 3,2 |
2026 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (41,6%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (14%), өңдеу өнеркәсібіне (14,7%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18,6%), көлік және қоймалауға (17%) және ауыл,орман және балық шаруашылығы (5,7%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2025 жылғы қаңтар-шілдеге, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | |
| Барлығы | 11 464 246 834 | 107,7 | 100,0 |
|
оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы |
657 529 438 | 117,6 | 5,7 |
| өнеркәсіп | 4 769 298 746 | 119,8 | 41,6 |
|
оның ішінде: кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
1 610 417 646 | 96,7 | 14,0 |
| өңдеу өнеркәсібі | 1 681 689 985 | 136,1 | 14,7 |
| электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау | 1 136 393 624 | 157,7 | 9,9 |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 340 797 482 | 93,6 | 3,0 |
| құрылыс | 118 369 553 | 126,8 | 1,0 |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 246 631 229 | 104,2 | 2,2 |
| көлік және қоймалау | 1 949 602 077 | 103,7 | 17,0 |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 220 101 998 | 205,9 | 1,9 |
| ақпарат және байланыс | 281 707 949 | 171,8 | 2,5 |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 138 271 031 | 93,0 | 1,2 |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 2 128 590 845 | 101,9 | 18,6 |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 45 911 250 | 121,0 | 0,4 |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 125 772 114 | 157,4 | 1,1 |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 87 296 614 | 99,0 | 0,8 |
| білім беру | 241 362 159 | 30,7 | 2,1 |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 214 212 977 | 107,3 | 1,9 |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 211 760 789 | 107,6 | 1,8 |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 27 828 107 | 151,9 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі