Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (2 есе), Жамбыл (59,6%-ға), Түркістан (44,4%-ға), Абай (23,2%-ға), Батыс Қазақстан (23%-ға) және Алматы (18,5%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Жетісу (21,6%-ға) облысында, Шымкент қаласы (20%-ға), Қарағанды (10,3%-ға) және Солтүстік Қазақстан (3,2%-ға) облыстарында байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,4%) және Алматы қаласы (10,7%) алады.
| 2026 жылғы маусым | 2026 жылғы қаңтар-маусым 2025 жылғы қаңтар-маусымға | ||
| 2026 жылғы мамырға | 2025 жылғы маусымға | ||
| Қазақстан Республикасы | 152,0 | 116,0 | 109,6 |
| Абай | 205,6 | 121,7 | 123,2 |
| Ақмола | 277,7 | 96,6 | 102,9 |
| Ақтөбе | 191,4 | 101,2 | 100,9 |
| Алматы | 235,8 | 110,4 | 118,5 |
| Атырау | 153,1 | 118,9 | 104,9 |
| Батыс-Казақстан | 182,4 | 146,9 | 123,0 |
| Жамбыл | 78,1 | 169,6 | 159,6 |
| Жетісу | 188,5 | 111,8 | 78,4 |
| Қарағанды | 195,7 | 108,4 | 89,7 |
| Қостанай | 182,8 | 141,0 | 102,9 |
| Қызылорда | 104,4 | 109,7 | 107,1 |
| Манғыстау | 173,1 | 190,5 | 100,3 |
| Павлодар | 185,8 | 119,1 | 109,8 |
| Солтүстік Қазақстан | 139,0 | 79,9 | 96,8 |
| Түркістан | 193,1 | 131,1 | 144,4 |
| Ұлытау | 108,3 | 115,6 | 199,2 |
| Шығыс Қазақстан | 238,8 | 132,8 | 109,9 |
| Астана қаласы | 101,6 | 95,3 | 107,2 |
| Алматы қаласы | 139,2 | 114,9 | 104,6 |
| Шымкент қаласы | 47,0 | 72,1 | 80,0 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді | Соның ішінде | |||
| шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | Ірі кәсіпорындар | ||
| 2025 жылғы қаңтар-маусым | 8 175 674 954 | 4 746 102 276 | 934 607 728 | 2 494 964 950 |
| 2026 жылғы қаңтар-маусым | 9 512 104 576 | 5 543 816 677 | 1 111 167 246 | 2 857 120 653 |
Жалпы шығындардың 61,3% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 34,3% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-маусымда 6544,4 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 68,8%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 13,4% құрады,бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 32,8% азайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 5,2% алады.
| 2026 жылғы қаңтар-маусым |
Анықтама: 2025 жылғы қаңтар-маусым қорытындыға пайызбен |
||
| мың теңге | қорытындыға пайызбен | ||
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 9 512 104 576 | 100,0 | 100,0 |
|
қаражаттарды қоса алғанда: мемлекеттік бюджеттен |
1 274 923 013 | 13,4 | 14,6 |
| меншікті қаражат | 6 544 401 971 | 68,8 | 71,9 |
| банктердің кредиттері | 493 354 624 | 5,2 | 4,0 |
|
одан: шетелдік банкттердің кредиттері |
4 927 698 | 0,1 | 1,2 |
| Басқада қарыз қаражаты | 1 199 424 968 | 12,6 | 9,5 |
|
одан: резидент емес қарыз қаражаты |
296 604 050 | 3,1 | 2,7 |
2026 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (41,4%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (13,8%), өңдеу өнеркәсібіне (15%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18,8%), көлік және қоймалауға (15,9%) және ауыл,орман және балық шаруашылығы (6,2%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2025 жылғы қаңтар-маусымға, пайызбен |
Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
|
|
| Барлығы | 9 512 104 576 | 109,6 | 100,0 |
|
оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы |
592 208 346 | 124,6 | 6,2 |
| өнеркәсіп | 3 939 685 529 | 116,9 | 41,4 |
|
оның ішінде: кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
1 315 477 394 | 93,5 | 13,8 |
| өңдеу өнеркәсібі | 1 429 551 087 | 133,3 | 15,0 |
| электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау | 928 119 267 | 161,4 | 9,8 |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 266 537 772 | 84,6 | 2,8 |
| құрылыс | 106 818 174 | 138,7 | 1,1 |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 215 969 431 | 105,5 | 2,3 |
| көлік және қоймалау | 1 509 394 160 | 111,6 | 15,9 |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 201 577 415 | 205,7 | 2,1 |
| ақпарат және байланыс | 247 087 623 | 229,4 | 2,6 |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 117 657 535 | 102,5 | 1,2 |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 1 792 813 104 | 104,0 | 18,8 |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 36 380 470 | 116,7 | 0,4 |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 92 485 078 | 145,4 | 1,0 |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 74 391 553 | 105,3 | 0,8 |
| білім беру | 205 337 430 | 31,5 | 2,2 |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 169 797 507 | 98,2 | 1,8 |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 186 761 434 | 118,4 | 2,0 |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 23 739 832 | 133,6 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі