Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (2,5 есе), Жамбыл (57,2%-ға), Түркістан (50,5%-ға), Абай (23,5%-ға), Алматы (22,9%-ға), Батыс Қазақстан (14,9%-ға) облыстарында және Астана қаласы (11,2%-ға) байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Жетісу (31,4%-ға), Манғыстау (21,9%-ға) облыстарында, Шымкент қаласы (18,2%-ға), Қарағанды (17,8%-ға) және Қостанай (7,5%-ға) облыстарында байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (12,4%) және Алматы қаласы (11,4%) алады.
| 2026 жылғы мамыр | 2026 жылғы қаңтар-мамыр 2025 жылғы қаңтар-мамырға | ||
|---|---|---|---|
| 2026 жылғы сәуірге | 2025 жылғы мамырға | ||
| Қазақстан Республикасы | 120,5 | 107,2 | 107,0 |
| Абай | 142,2 | 135,9 | 123,5 |
| Ақмола | 117,9 | 114,3 | 107,3 |
| Ақтөбе | 125,0 | 87,8 | 100,3 |
| Алматы | 114,1 | 118,3 | 122,9 |
| Атырау | 117,4 | 98,9 | 100,4 |
| Батыс-Казақстан | 108,4 | 107,4 | 114,9 |
| Жамбыл | 215,4 | 223,3 | 157,2 |
| Жетісу | 83,6 | 56,8 | 68,6 |
| Қарағанды | 112,8 | 72,5 | 82,2 |
| Қостанай | 50,6 | 71,7 | 92,5 |
| Қызылорда | 159,9 | 96,4 | 106,0 |
| Манғыстау | 171,3 | 99,5 | 78,1 |
| Павлодар | 120,8 | 88,2 | 105,7 |
| Солтүстік Қазақстан | 103,8 | 98,9 | 104,6 |
| Түркістан | 122,8 | 131,7 | 150,5 |
| Ұлытау | 57,8 | 217,4 | 246,9 |
| Шығыс Қазақстан | 118,3 | 80,9 | 102,5 |
| Астана қаласы | 137,8 | 115,6 | 111,2 |
| Алматы қаласы | 82,5 | 97,4 | 101,6 |
| Шымкент қаласы | 316,2 | 169,3 | 81,8 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді | Соның ішінде | |||
|---|---|---|---|---|
| шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | Ірі кәсіпорындар | ||
| 2025 жылғы қаңтар-мамыр | 5 952 434 869 | 3 336 811 766 | 755 913 718 | 1 859 709 385 |
| 2026 жылғы қаңтар-мамыр | 6 742 306 077 | 3 739 738 824 | 828 455 446 | 2 174 111 807 |
Жалпы шығындардың 60,1% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 35,1% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-мамырда 4543,4 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 67,4%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 14,4% құрады, бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 30% азайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 5,7% алады.
| 2026 жылғы қаңтар-мамыр | Анықтама: 2025 жылғы қантар-мамыр қорытындыға пайызбен | ||
|---|---|---|---|
| мың теңге | қорытындыға пайызбен | ||
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 6 742 306 077 | 100,0 | 100,0 |
| қаражаттарды қоса алғанда: | |||
| мемлекеттік бюджеттен | 968 445 596 | 14,4 | 22,0 |
| меншікті қаражат | 4 543 443 429 | 67,4 | 65,6 |
| банктердің кредиттері | 387 147 851 | 5,7 | 3,6 |
| одан: | |||
| шетелдік банкттердің кредиттері | 4 927 698 | 0,1 | 0,3 |
| Басқада қарыз қаражаты | 843 269 201 | 12,5 | 8,8 |
| одан: | |||
| резидент емес қарыз қаражаты | 237 105 809 | 3,5 | 2,8 |
2026 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (42,9%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (15%), өңдеу өнеркәсібіне (15,7%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,3%), көлік және қоймалауға (16%) және ауыл,орман және балық шаруашылығы (5,5%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2025 жылғы қаңтар-мамырға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | ||
|---|---|---|---|---|
| Барлығы | 6 742 306 077 | 107,0 | 100,0 | |
| оның ішінде: | ||||
| ауыл, орман және балық шаруашылығы | 369 715 401 | 136,4 | 5,5 | |
| өнеркәсіп | 2 892 677 120 | 114,5 | 42,9 | |
| оның ішінде: | ||||
| кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 1 012 182 512 | 90,5 | 15,0 | |
| өңдеу өнеркәсібі | 1 055 251 793 | 129,2 | 15,7 | |
| электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау | 665 831 487 | 183,4 | 9,9 | |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 159 411 320 | 70,2 | 2,4 | |
| құрылыс | 57 162 827 | 96,6 | 0,8 | |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 150 780 395 | 107,1 | 2,2 | |
| көлік және қоймалау | 1 077 794 092 | 125,6 | 16,0 | |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 126 826 681 | 207,8 | 1,9 | |
| ақпарат және байланыс | 154 750 837 | 175,2 | 2,3 | |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 59 428 380 | 64,7 | 0,9 | |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 1 304 321 275 | 100,2 | 19,3 | |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 24 676 969 | 107,9 | 0,4 | |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 69 086 005 | 147,5 | 1,0 | |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 57 979 216 | 114,1 | 0,9 | |
| білім беру | 147 933 657 | 27,1 | 2,2 | |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 106 702 325 | 96,5 | 1,6 | |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 126 531 253 | 115,7 | 1,9 | |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 15 939 684 | 92,9 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі