Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    4936,6 млрд.
    2026 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 4936,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-сәуірден (салыстырмалы бағамен) 6,7% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (2,5 есе), Түркістан (57,4%-ға), Жамбыл (38,3%-ға), Алматы (24,3%-ға), Абай (19,4%-ға), Батыс Қазақстан (17%-ға), Павлодар (13,8%-ға) және Қызылорда (10,1%-ға) облыстарында байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Шымкент қаласы (41,3%-ға), Манғыстау (29,8%-ға), Жетісу (26,5%-ға), және Қарағанды (13,6%-ға) облыстарында байқалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы және Алматы қаласы (11,9%), Түркістан облысы 9,5%) және Атырау облысы (8,3%) алады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
    2026 жылғы сәуірге

    2026 жылғы қаңтар-сәуірге

    2025 жылғы қаңтар-сәуірге

    2026 жылғы наурызға 2025 жылғы сәуірге
    Қазақстан Республикасы    99,5    107,6    106,7
    Абай    53,2    112,5    119,4
    Ақмола    61,6    86,8    105,2
    Ақтөбе    127,0    143,2    106,5
    Алматы    76,6    99,3    124,3
    Атырау    113,8    102,4    100,7
    Батыс-Казақстан    63,9    104,3    117,0
    Жамбыл    58,8    80,5    138,3
    Жетісу    123,5    80,4    73,5
    Қарағанды    106,0    104,7    86,4
    Қостанай    211,4    286,9    101,2
    Қызылорда    98,4    116,5    110,1
    Манғыстау    88,7    60,4    70,2
    Павлодар    84,3    112,5    113,8
    Солтүстік Қазақстан    93,7    137,3    106,7
    Түркістан    71,4    126,4    157,4
    Ұлытау    299,2    447,2    258,0
    Шығыс Қазақстан    46,0    69,8    108,7
    Астана қаласы    118,8    133,7    109,1
    Алматы қаласы    177,5    104,6    103,1
    Шымкент қаласы    100,6    41,3    58,7

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2025 жылғы қаңтар-сәуір 3 741 556 902 1 984 428 982 302 601 986 1 454 525 934
    2026 жылғы қаңтар-сәуір 4 936 639 377 2 706 316 070 639 423 444 1 590 899 863

    Жалпы шығындардың 58,7% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 36,5% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-сәуірде 3328,7 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 67,4%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 13,1% құрады, бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 36,8% азайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 6,8% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    2026 жылғы қаңтар-сәуір

    Анықтама:2025 жылғы қаңтар-сәуір

    қорытындыға пайызбен

    мың теңге қорытындыға пайызбен
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 4 936 639 377 100,0 100,0

    қаражаттарды қоса алғанда:

    мемлекеттік бюджеттен

    645 647 737 13,1 22,1
    меншікті қаражат 3 328 697 672 67,4 66,2
    банктердің кредиттері 335 870 345 6,8 3,5

    одан:

    шетелдік банкттердің кредиттері

    4 927 698 0,1 0,2
    Басқада қарыз қаражаты 626 423 623 12,7 8,2

    одан:

    резидент емес қарыз қаражаты

    172 603 103 3,5 2,9

    2026 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (43,8%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (15,9)%, өңдеу өнеркәсібіне (14,5%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,3%), көлік және қоймалауға (14,6%) және ауыл,орман және балық шаруашылығы (5,9%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2025 жылғы қаңтар-сәуірге, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 4 936 639 377 106,7 100,0

    оның ішінде:

    ауыл, орман және балық шаруашылығы

    290 976 461 166,2 5,9
    өнеркәсіп 2 160 177 488 118,1 43,8

    оның ішінде:

    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

    784 537 886    90,5    15,9
    өңдеу өнеркәсібі 715 697 166    121,5    14,5
    электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау 537 563 206    241,0    10,9
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 122 379 222    82,1    2,5
    құрылыс 39 026 092    90,7    0,8
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 109 816 840    107,3    2,2
    көлік және қоймалау 722 117 667    118,6    14,6
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 72 555 338    158,6    1,5
    ақпарат және байланыс 120 839 000    174,6    2,4
    қаржы және сақтандыру қызметі 43 546 895    57,3    0,9
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 953 147 223    99,2    19,3
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 19 415 392    103,1    0,4
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 58 115 147    159,0    1,2
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 37 360 717    132,4    0,8
    білім беру 120 198 616    27,0    2,4
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 84 256 784    99,3    1,7
    өнер, ойын-сауық және демалыс 93 158 452    121,7    1,9
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 11 931 305    71,1    0,2
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Н. Кайрбекова
    Тел. +7 7172 749769
    E-mail: na.kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс