Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Жамбыл (71,6%-ға), Түркістан (71,2%-ға), Ұлытау (66%-ға), Алматы (36,1%-ға), Шығыс Қазақстан (23,4%-ға), Батыс Қазақстан (22,3%-ға), Абай (21,8%-ға), Ақмола (14,8%-ға) және Павлодар (14,6%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Қостанай (45%-ға), Шымкент қаласы (32,6%-ға), Жетісу (30,4%-ға), Манғыстау (24,6%-ға), Қарағанды (20,3%-ға) және Ақтөбе (6,5%-ға) облыстарында байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,9%), Алматы қаласы (10,8%) және Түркістан облысы (10,2%) алады.
| 2026 жылғы наурыз | 2026 жылғы қаңтар-наурыз 2025 жылғы қаңтар-наурызға | ||
| 2026 жылғы ақпанға | 2025 жылғы наурызға | ||
| Қазақстан Республикасы | 135,6 | 116,1 | 106,4 |
| Абай | 304,3 | 142,6 | 121,8 |
| Ақмола | 261,1 | 165,7 | 114,8 |
| Ақтөбе | 106,5 | 85,9 | 93,5 |
| Алматы | 148,4 | 174,7 | 136,1 |
| Атырау | 98,3 | 95,0 | 100,2 |
| Батыс-Казақстан | 263,8 | 185,8 | 122,3 |
| Жамбыл | 130,0 | 164,1 | 171,6 |
| Жетісу | 201,7 | 84,7 | 69,6 |
| Қарағанды | 151,5 | 63,6 | 79,7 |
| Қостанай | 318,0 | 146,9 | 55,0 |
| Қызылорда | 97,4 | 108,4 | 108,2 |
| Манғыстау | 173,2 | 116,2 | 75,4 |
| Павлодар | 150,1 | 115,3 | 114,6 |
| Солтүстік Қазақстан | 202,9 | 102,4 | 95,6 |
| Түркістан | 170,8 | 203,4 | 171,2 |
| Ұлытау | 99,6 | 115,9 | 166,0 |
| Шығыс Қазақстан | 150,7 | 159,3 | 123,4 |
| Астана қаласы | 87,7 | 89,3 | 101,2 |
| Алматы қаласы | 96,3 | 94,8 | 102,3 |
| Шымкент қаласы | 102,7 | 60,9 | 67,4 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді | Соның ішінде | |||
| шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | Ірі кәсіпорындар | ||
| 2025 жылғы қаңтар-наурыз | 3 067 904 987 | 1 620 270 143 | 465 412 511 | 982 222 333 |
| 2026 жылғы қаңтар-наурыз | 3 462 954 863 | 1 898 981 833 | 470 635 862 | 1 093 337 168 |
Жалпы шығындардың 57,5% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 37,5% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-наурызда 2432,2 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 70,2%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 10,9% құрады, бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 46,3% азайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 7,8% алады.
| 2026 жылғы қаңтар-наурыз | Анықтама: 2025 жылғы қантар-наурыз қорытындыға пайызбен | ||
| мың теңге | қорытындыға пайызбен | ||
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 3 462 954 863 | 100,0 | 100,0 |
|
қаражаттарды қоса алғанда: мемлекеттік бюджеттен |
377 129 157 | 10,9 | 21,6 |
| меншікті қаражат | 2 432 247 176 | 70,2 | 67,5 |
| банктердің кредиттері | 271 028 521 | 7,8 | 3,3 |
|
одан: шетелдік банкттердің кредиттері |
2 463 476 | 0,1 | 0,2 |
| Басқада қарыз қаражаты | 382 550 009 | 11,1 | 7,6 |
|
одан: резидент емес қарыз қаражаты |
135 403 687 | 3,9 | 2,2 |
2026 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (43,5%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (16,3)%, өңдеу өнеркәсібіне (14,5%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20,6%) және көлік және қоймалауға (13,5%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2025 жылғы қаңтар-наурызға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | |
| Барлығы | 3 462 954 863 | 106,4 | 100,0 |
|
оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы |
207 510 407 | 170,6 | 6,0 |
| өнеркәсіп | 1 506 646 268 | 118,2 | 43,5 |
|
оның ішінде: кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
564 807 842 | 90,2 | 16,3 |
| өңдеу өнеркәсібі | 502 665 049 | 121,6 | 14,5 |
| электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау | 360 090 485 | 250,6 | 10,4 |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 79 082 885 | 87,6 | 2,3 |
| құрылыс | 32 020 926 | 97,9 | 0,9 |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 87 843 400 | 128,2 | 2,5 |
| көлік және қоймалау | 468 578 564 | 107,9 | 13,5 |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 50 769 710 | 147,7 | 1,5 |
| ақпарат және байланыс | 95 969 426 | 201,3 | 2,8 |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 30 280 666 | 60,7 | 0,9 |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 714 460 300 | 107,2 | 20,6 |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 13 507 368 | 120,1 | 0,4 |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 9 567 099 | 35,4 | 0,3 |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 20 198 330 | 101,5 | 0,6 |
| білім беру | 89 255 501 | 27,5 | 2,6 |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 63 747 004 | 95,6 | 1,8 |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 62 667 037 | 128,9 | 1,8 |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 9 932 896 | 66,5 | 0,3 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі