Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ақмола (53,1%-ға), Павлодар (47%-ға), Жамбыл (38,8%-ға), Ақтөбе (32,4%-ға) Алматы (29,4%-ға), Түркістан (21,6%-ға) облыстарында, Астана қаласы (21,3%-ға) және Қостанай облысында (19,1%-ға) байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі және Атырау (15,1%-ға) Қарағанды (8,6%-ға) облыстарында байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11%) және Алматы қаласы (10,3%) алады.
| 2025 жылғы желтоқсан | 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан 2024 жылға | ||
|---|---|---|---|
| 2025 жылғы қарашаға | 2024 жылғы желтоқсанға | ||
| Қазақстан Республикасы | 164,7 | 111,4 | 113,0 |
| Абай | 153,4 | 117,0 | 106,8 |
| Ақмола | 197,3 | 157,1 | 153,1 |
| Ақтөбе | 272,8 | 172,1 | 132,4 |
| Алматы | 148,6 | 141,9 | 129,4 |
| Атырау | 125,7 | 128,8 | 84,9 |
| Батыс-Казақстан | 69,4 | 96,5 | 113,7 |
| Жамбыл | 362,0 | 164,2 | 138,8 |
| Жетісу | 285,7 | 120,8 | 112,8 |
| Қарағанды | 289,8 | 107,7 | 91,4 |
| Қостанай | 349,3 | 158,7 | 119,0 |
| Қызылорда | 49,1 | 62,9 | 110,6 |
| Манғыстау | 213,5 | 89,6 | 102,2 |
| Павлодар | 119,2 | 125,5 | 147,0 |
| Солтүстік Қазақстан | 222,5 | 82,3 | 103,9 |
| Түркістан | 149,4 | 115,7 | 121,6 |
| Ұлытау | 182,2 | 95,1 | 103,4 |
| Шығыс Қазақстан | 174,1 | 79,8 | 105,2 |
| Астана қаласы | 168,9 | 108,5 | 121,3 |
| Алматы қаласы | 149,8 | 78,8 | 109,2 |
| Шымкент қаласы | 110,8 | 115,5 | 107,5 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді | Соның ішінде | |||
|---|---|---|---|---|
| шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | Ірі кәсіпорындар | ||
| 2024 жыл | 19 461 332 759 | 10 686 595 089 | 2 141 891 110 | 6 632 846 560 |
| 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан | 22 730 624 809 | 13 209 160 224 | 2 446 880 894 | 7 074 583 691 |
Жалпы шығындардың 66,1% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 29,4% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 13965,9 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 61,5%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 21,9% құрады, бұл ретте 2024 жылмен салыстырғанда 14,5% ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 4,5% алады.
| 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан | Анықтама: 2024 жыл қорытындыға пайызбен | ||
|---|---|---|---|
| мың теңге | қорытындыға пайызбен | ||
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 22 730 624 809 | 100,0 | 100,0 |
| қаражаттарды қоса алғанда: | |||
| мемлекеттік бюджеттен | 4 984 045 671 | 21,9 | 21,6 |
| меншікті қаражат | 13 965 937 273 | 61,5 | 62,9 |
| банктердің кредиттері | 1 029 478 659 | 4,5 | 4,0 |
| одан: | |||
| шетелдік банкттердің кредиттері | 115 053 344 | 0,5 | 1,1 |
| Басқада қарыз қаражаты | 2 751 163 206 | 12,1 | 11,5 |
| одан: | |||
| резидент емес қарыз қаражаты | 767 539 661 | 3,4 | 3,2 |
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (39,8%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (14,1)%, өңдеу өнеркәсібіне (12,3%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18%), көлік және қоймалауға (17,8%), білім беру (5,6%) және ауыл, орман және балық шаруашылығы (5,1%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2024 жылға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | |
|---|---|---|---|
| Барлығы | 22 730 624 809 | 113,0 | 100,0 |
| оның ішінде: | |||
| ауыл, орман және балық шаруашылығы | 1 162 995 301 | 153,0 | 5,1 |
| өнеркәсіп | 9 041 671 531 | 112,4 | 39,8 |
| оның ішінде: | |||
| кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 3 204 742 287 | 85,0 | 14,1 |
| өңдеу өнеркәсібі | 2 791 604 427 | 130,1 | 12,3 |
| электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау | 2 106 719 391 | 153,1 | 9,3 |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 938 605 429 | 128,2 | 4,1 |
| құрылыс | 159 563 127 | 108,3 | 0,7 |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 469 201 210 | 108,6 | 2,1 |
| көлік және қоймалау | 4 035 308 102 | 109,0 | 17,8 |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 230 533 519 | 123,9 | 1,0 |
| ақпарат және байланыс | 413 969 428 | 113,4 | 1,8 |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 313 470 722 | 188,4 | 1,4 |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 4 102 636 209 | 110,0 | 18,0 |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 77 386 187 | 72,4 | 0,3 |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 177 230 363 | 105,3 | 0,8 |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 260 221 893 | 140,8 | 1,1 |
| білім беру | 1 280 292 195 | 109,2 | 5,6 |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 548 369 619 | 113,4 | 2,4 |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 421 924 762 | 134,7 | 1,9 |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 35 850 664 | 115,4 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі