Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ақмола (52,3%-ға), Павлодар (50,1%-ға), Жамбыл (33,1%-ға), Алматы (26%-ға), Ақтөбе (25,3%-ға) облыстарында, Астана қаласы (23,6%-ға), Түркістан облысы (23%-ға) және Алматы қаласы (19,1%-ға) байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі және Атырау (21,1%-ға) және Қарағанды облысы (12,9%-ға) байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы(11,5%) және Алматы қаласы(10,4%) алады.
| 2025 жылғы қараша | 2025 жылғы қаңтар-қараша 2024 жылғы қаңтар-қарашаға | ||
| 2025 жылғы қазанға | 2024 жылғы қарашаға | ||
| Қазақстан Республикасы | 118,0 | 114,2 | 113,3 |
| Абай | 151,1 | 147,9 | 104,6 |
| Ақмола | 88,0 | 132,0 | 152,3 |
| Ақтөбе | 106,8 | 96,7 | 125,3 |
| Алматы | 270,6 | 191,6 | 126,0 |
| Атырау | 187,5 | 180,8 | 78,9 |
| Батыс-Казақстан | 217,0 | 230,1 | 117,2 |
| Жамбыл | 72,7 | 90,8 | 133,1 |
| Жетісу | 82,8 | 76,9 | 110,4 |
| Қарағанды | 77,3 | 37,6 | 87,1 |
| Қостанай | 168,0 | 121,9 | 107,8 |
| Қызылорда | 97,4 | 127,6 | 117,5 |
| Манғыстау | 112,3 | 85,1 | 105,4 |
| Павлодар | 50,7 | 147,9 | 150,1 |
| Солтүстік Қазақстан | 113,2 | 162,4 | 111,9 |
| Түркістан | 136,5 | 117,2 | 123,0 |
| Ұлытау | 99,5 | 124,8 | 105,9 |
| Шығыс Қазақстан | 150,5 | 107,2 | 113,2 |
| Астана қаласы | 78,1 | 79,9 | 123,6 |
| Алматы қаласы | 142,0 | 137,7 | 119,1 |
| Шымкент қаласы | 153,2 | 112,0 | 106,1 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
|
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді |
Соның ішінде |
||
|
шағын кәсіпорындар |
орта кәсіпорындар |
Ірі кәсіпорындар |
||
|
2024 жылғы қаңтар-қараша |
15 758 029 477 |
9 087 382 295 |
1 406 072 544 |
5 264 574 638 |
|
2025 жылғы қаңтар-қараша |
18 513 169 504 |
10 930 779 677 |
1 833 396 894 |
5 748 992 933 |
Жалпы шығындардың 67,5% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 28% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-қарашада11602,3 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 62,7%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 22,6% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 27,1% ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 4,3% алады.
| 2025 жылғы қаңтар-қараша | Анықтама: 2024 жылғы қаңтар-қараша қорытындыға пайызбен | ||
| мың теңге | қорытындыға пайызбен | ||
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар қаражаттарды қоса алғанда: |
18 513 169 504 | 100,0 | 100,0 |
| мемлекеттік бюджеттен | 4 180 353 299 | 22,6 | 20,2 |
| меншікті қаражат | 11 602 333 834 | 62,7 | 65,7 |
|
банктердің кредиттері одан: |
795 580 931 | 4,3 | 3,9 |
| шетелдік банкттердің кредиттері | 105 476 426 | 0,6 | 0,9 |
|
Басқада қарыз қаражаты одан: |
1 934 901 440 | 10,4 | 10,2 |
| резидент емес қарыз қаражаты | 568 078 299 | 3,1 | 3,1 |
2025 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (38,8%) оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (14,9)%, өңдеу өнеркәсібіне (10,9%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18,8%), көлік және қоймалауға (17,7%), білім беру (6,1%) және ауыл, орман және балық шаруашылығы (5,1%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2024жылғы қаңтар-қарашаға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | |
|
Барлығы оның ішінде: |
18 513 169 504 | 113,3 | 100,0 |
| ауыл, орман және балық шаруашылығы | 945 384 938 | 124,1 | 5,1 |
|
өнеркәсіп оның ішінде: |
7 176 785 758 | 109,8 | 38,8 |
| кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 2 750 424 495 | 83,8 | 14,9 |
| өңдеу өнеркәсібі | 2 021 527 066 | 120,7 | 10,9 |
| электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстықсумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау | 1 653 926 070 | 157,9 | 8,9 |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 750 908 119 | 145,3 | 4,1 |
| құрылыс | 132 016 058 | 102,4 | 0,7 |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 395 074 225 | 113,8 | 2,1 |
| көлік және қоймалау | 3 280 167 348 | 113,3 | 17,7 |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 192 847 180 | 131,5 | 1,0 |
| ақпарат және байланыс | 342 761 733 | 124,5 | 1,9 |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 256 119 781 | 182,8 | 1,4 |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 3 483 717 910 | 110,3 | 18,8 |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 61 009 787 | 51,7 | 0,3 |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 146 992 180 | 93,8 | 0,8 |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 178 951 425 | 155,2 | 1,0 |
| білім беру | 1 138 291 133 | 131,6 | 6,1 |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 393 511 660 | 123,5 | 2,1 |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 357 189 025 | 141,7 | 1,9 |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 32 349 362 | 117,5 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі