Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ақтөбе (71,1%-ға), Ақмола (64,1%-ға), Жамбыл (48,1%-ға), Астана қаласы (46,8%-ға), Түркістан (36,6%-ға), Шымкент қаласы (31%-ға) және Жетісу (29,5%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау облысында (32%-ға), Ұлытау облысында (4,9%-ға) және Абай облысында (3,3%-ға) байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,6%) және Алматы қаласы (11,3%) алады.
| 2025 жылғы маусым | 2025 жылғы қаңтар-маусым 2024 жылғы қаңтар-маусымға | ||
|---|---|---|---|
| 2025 жылғы мамырға | 2024 жылғы маусымға | ||
| Қазақстан Республикасы | 140,4 | 122,1 | 119,3 |
| Абай | 230,2 | 75,4 | 96,7 |
| Ақмола | 328,0 | 325,7 | 164,1 |
| Ақтөбе | 166,7 | 319,0 | 171,1 |
| Алматы | 252,3 | 120,5 | 124,7 |
| Атырау | 128,2 | 98,3 | 68,0 |
| Батыс-Казақстан | 133,5 | 105,6 | 106,6 |
| Жамбыл | 102,4 | 118,2 | 148,1 |
| Жетісу | 95,5 | 75,4 | 129,5 |
| Қарағанды | 130,7 | 133,0 | 123,1 |
| Қостанай | 92,8 | 113,1 | 114,9 |
| Қызылорда | 91,8 | 105,3 | 121,5 |
| Манғыстау | 89,9 | 100,0 | 125,5 |
| Павлодар | 138,1 | 87,5 | 107,6 |
| Солтүстік Қазақстан | 169,9 | 159,8 | 119,6 |
| Түркістан | 193,3 | 114,8 | 136,6 |
| Ұлытау | 203,4 | 165,3 | 95,1 |
| Шығыс Қазақстан | 145,2 | 86,6 | 101,2 |
| Астана қаласы | 123,5 | 144,0 | 146,8 |
| Алматы қаласы | 118,9 | 116,5 | 125,4 |
| Шымкент қаласы | 110,5 | 106,1 | 131,0 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді | Соның ішінде | |||
|---|---|---|---|---|
| шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | ірі кәсіпорындар | ||
| 2024 жылғы қаңтар-маусым | 6 654 289 535 | 3 813 081 227 | 508 848 012 | 2 332 360 296 |
| 2025 жылғы қаңтар-маусым | 8 175 674 954 | 4 746 102 276 | 934 607 728 | 2 494 964 950 |
Жалпы шығындардың 67,4% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 28,2% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-маусымда 5285,1 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 64,6%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 21,9% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 78,9% ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,8% алады.
| 2025 жылғы қаңтар-маусым | Анықтама: қорытындыға пайызбен | ||
|---|---|---|---|
| мың теңге | қорытындыға пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-маусым | |
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 8 175 674 954 | 100,0 | 100,0 |
| қаражаттарды қоса алғанда: | |||
| мемлекеттік бюджеттен | 1 787 262 087 | 21,9 | 14,6 |
| меншікті қаражат | 5 285 085 972 | 64,6 | 71,9 |
| банктердің кредиттері | 309 947 491 | 3,8 | 4,0 |
| одан: | |||
| шетелдік банкттердің кредиттері | 58 635 632 | 0,7 | 1,2 |
| басқада қарыз қаражаты | 793 379 404 | 9,7 | 9,5 |
| одан: | |||
| резидент емес қарыз қаражаты | 268 728 338 | 3,3 | 2,7 |
2025 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (38,8%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–16,2%, өңдеу өнеркәсібіне–12,4%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,8%), көлік және қоймалауға (15,5%) және білім беру (7,5%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2024 жылғы қаңтар-маусымға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | ||
|---|---|---|---|---|
| Барлығы | 8 175 674 954 | 119,3 | 100,0 | |
| оның ішінде: | ||||
| ауыл, орман және балық шаруашылығы | 442 674 736 | 126,5 | 5,4 | |
| өнеркәсіп | 3 172 423 222 | 111,1 | 38,8 | |
| оның ішінде: | ||||
| кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 1 324 636 286 | 82,1 | 16,2 | |
| өңдеу өнеркәсібі | 1 010 022 631 | 148,9 | 12,4 | |
| электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 542 558 501 | 149,6 | 6,6 | |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 295 205 803 | 149,9 | 3,6 | |
| құрылыс | 74 269 362 | 99,4 | 0,9 | |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 192 718 144 | 121,8 | 2,4 | |
| көлік және қоймалау | 1 270 958 190 | 116,2 | 15,5 | |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 92 271 219 | 135,2 | 1,1 | |
| ақпарат және байланыс | 100 841 272 | 83,0 | 1,2 | |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 108 085 354 | 186,2 | 1,3 | |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 1 622 750 915 | 111,0 | 19,8 | |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 29 350 265 | 46,2 | 0,4 | |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 59 875 286 | 94,3 | 0,7 | |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 66 527 538 | 159,5 | 0,8 | |
| білім беру | 614 778 219 | 345,7 | 7,5 | |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 162 796 560 | 132,8 | 2,0 | |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 148 496 669 | 146,0 | 1,8 | |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 16 858 006 | 153,1 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі