Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Шымкент қаласы (67,9%-ға), Түркістан (57,1%-ға), Жамбыл (54,4%-ға), Жетісу (37,5%-ға), Манғыстау (20,3%-ға), Шығыс Қазақстан (20,2%-ға), Қостанай (18,1%-ға), Алматы (16%-ға) және Алматы қаласында (15,7%-ға) байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Ұлытау (56,6%-ға), Атырау (47%-ға), Ақмола (24%-ға), Қарағанды (20,2%-ға), Батыс Қазақстан (14,4%-ға), Солтүстік Қазақстан (13,3%-ға), Павлодар (9,6%-ға) және Абай (2,5%-ға) облыстарында байқалды.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (12,3%) және Алматы қаласы (12,1%) алады.
2025 жылғы ақпан | 2025 жылғы қаңтар-ақпан 2024 жылғы қаңтар-ақпанға | ||
---|---|---|---|
2025 жылғы қаңтарға | 2024 жылғы ақпанға | ||
Қазақстан Республикасы | 129,9 | 100,7 | 100,5 |
Абай | 179,2 | 94,1 | 97,5 |
Ақмола | 177,1 | 82,7 | 76,0 |
Ақтөбе | 136,9 | 80,4 | 106,4 |
Алматы | 115,2 | 96,2 | 116,0 |
Атырау | 85,6 | 56,2 | 53,0 |
Батыс-Казақстан | 131,9 | 74,2 | 85,6 |
Жамбыл | 68,5 | 156,2 | 154,4 |
Жетісу | 73,3 | 103,8 | 137,5 |
Қарағанды | 147,8 | 86,1 | 79,8 |
Қостанай | 392,4 | 185,4 | 118,1 |
Қызылорда | 83,2 | 97,6 | 103,9 |
Манғыстау | 129,5 | 160,8 | 120,3 |
Павлодар | 205,6 | 90,2 | 90,4 |
Солтүстік Қазақстан | 101,5 | 65,7 | 86,7 |
Түркістан | 190,0 | 149,2 | 157,1 |
Ұлытау | 80,6 | 41,7 | 43,4 |
Шығыс Қазақстан | 160,5 | 112,0 | 120,2 |
Астана қаласы | 151,2 | 105,9 | 113,9 |
Алматы қаласы | 89,5 | 95,6 | 115,7 |
Шымкент қаласы | 184,0 | 194,8 | 167,9 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
Негізгі капиталға инвестицияларды игерді | Соның ішінде | |||
---|---|---|---|---|
шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | ірі кәсіпорындар | ||
2024 жылғы қаңтар-ақпан | 1 809 357 363 | 956 691 544 | 154 863 294 | 697 802 525 |
2025 жылғы қаңтар-ақпан | 1 857 485 474 | 892 839 371 | 312 001 685 | 652 644 418 |
Жалпы шығындардың 69,6% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 26,4% шамамен машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-ақпанда 1259,8 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 67,8%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 21,3% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,1 есе жоғары.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,1% алады.
2025 жылғы қаңтар-ақпан | Анықтама: қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|
мың теңге | Қорытындыға пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-ақпанға | |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 1 857 485 474 | 100,0 | 100,0 |
қаражаттарды қоса алғанда: | |||
мемлекеттік бюджеттен | 396 133 554 | 21,3 | 7,0 |
меншікті қаражат | 1 259 810 266 | 67,8 | 79,6 |
банктердің кредиттері | 56 224 932 | 3,1 | 4,0 |
одан: | |||
шетелдік банкттердің кредиттері | 4 351 633 | 0,2 | 0,3 |
басқада қарыз қаражаты | 145 316 722 | 7,8 | 9,4 |
одан: | |||
резидент емес қарыз қаражаты | 52 333 563 | 2,8 | 2,1 |
2025 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,5%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–22,4%, өңдеу өнеркәсібіне–11%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20,2%), көлік және қоймалау және білім беру (12%) тиесілі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2024 жылғы қаңтар-ақпанға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | |
---|---|---|---|
Барлығы | 1 857 485 474 | 100,5 | 100,0 |
оның ішінде: | |||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 36 251 129 | 50,6 | 2,0 |
өнеркәсіп | 752 441 089 | 84,8 | 40,5 |
оның ішінде: | |||
кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 416 304 747 | 73,4 | 22,4 |
өңдеу өнеркәсібі | 204 491 681 | 96,0 | 11,0 |
электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 79 591 128 | 105,9 | 4,3 |
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 52 053 532 | 163,7 | 2,8 |
құрылыс | 13 956 165 | 47,4 | 0,8 |
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 41 211 520 | 107,5 | 2,2 |
көлік және қоймалау | 223 696 448 | 91,0 | 12,0 |
тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 23 492 311 | 112,8 | 1,3 |
ақпарат және байланыс | 28 192 270 | 119,2 | 1,5 |
қаржы және сақтандыру қызметі | 32 037 374 | 139,1 | 1,7 |
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 375 484 667 | 96,0 | 20,2 |
кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 6 924 097 | 46,6 | 0,4 |
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 13 501 763 | 118,4 | 0,7 |
мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 9 568 445 | 125,3 | 0,5 |
білім беру | 222 982 955 | 728,9 | 12,0 |
денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 50 115 408 | 146,2 | 2,7 |
өнер, ойын-сауық және демалыс | 25 675 115 | 188,8 | 1,4 |
өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 1 954 721 | 119,8 | 0,1 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі