Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ақтөбе (52,7%-ға), Ақмола (44,7%-ға), Астана қаласы (42,1%-ға), Түркістан (33,8%-ға), Жамбыл (32,1%-ға), Шымкент қаласы (25,9%-ға), Алматы қаласы (22,9%-ға), Алматы (22,3%-ға) және Маңғыстау (20,8%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау облысында (30,1%-ға) және және Абай облысында (7,2%-ға) байқалады.
Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (11,9%) және Алматы қаласы (11%) алады.
| 2025 жылғы шілде | 2025 жылғы қаңтар-шілде 2024 жылғы қаңтар-шілдеге | ||
| 2025 жылғы маусымға | 2024 жылғы шілдеге | ||
| Қазақстан Республикасы | 78,4 | 102,9 | 116,1 |
| Абай | 75,2 | 81,0 | 92,8 |
| Ақмола | 51,5 | 94,4 | 144,7 |
| Ақтөбе | 43,5 | 91,8 | 152,7 |
| Алматы | 73,1 | 114,2 | 122,3 |
| Атырау | 90,5 | 79,7 | 69,9 |
| Батыс-Казақстан | 108,0 | 114,6 | 108,2 |
| Жамбыл | 76,9 | 75,7 | 132,1 |
| Жетісу | 106,2 | 78,4 | 115,0 |
| Қарағанды | 79,4 | 74,7 | 110,0 |
| Қостанай | 97,1 | 122,9 | 116,2 |
| Қызылорда | 86,8 | 80,3 | 112,4 |
| Манғыстау | 107,0 | 102,2 | 120,8 |
| Павлодар | 69,8 | 141,7 | 112,3 |
| Солтүстік Қазақстан | 63,1 | 107,3 | 117,1 |
| Түркістан | 52,8 | 120,8 | 133,8 |
| Ұлытау | 100,3 | 134,2 | 103,1 |
| Шығыс Қазақстан | 121,9 | 150,8 | 109,4 |
| Астана қаласы | 93,3 | 124,3 | 142,1 |
| Алматы қаласы | 80,3 | 110,7 | 122,9 |
| Шымкент қаласы | 98,0 | 103,0 | 125,9 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді | Соның ішінде | |||
| шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | ірі кәсіпорындар | ||
| 2024 жылғы қаңтар-шілде | 8 284 890 771 | 4 777 559 945 | 690 924 598 | 2 816 406 228 |
| 2025 жылғы қаңтар-шілде | 9 921 292 240 | 5 752 933 668 | 1 112 306 964 | 3 056 051 608 |
Жалпы шығындардың 67,7% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 27,8% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-шілдеде 6347,3 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 64,6%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 22,4% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 47,9% ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,5% алады.
| 2025 жылғы қаңтар-шілде | Анықтама: қорытындыға пайызбен | ||
| мың теңге | қорытындыға пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-шілде | |
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 9 921 292 240 | 100,0 | 100,0 |
| қаражаттарды қоса алғанда: | |||
| мемлекеттік бюджеттен | 2 217 923 305 | 22,4 | 17,6 |
| меншікті қаражат | 6 347 330 689 | 64,0 | 68,5 |
| банктердің кредиттері | 352 610 390 | 3,5 | 3,7 |
| одан: | |||
| шетелдік банкттердің кредиттері | 63 792 711 | 0,6 | 1,1 |
| басқада қарыз қаражаты | 1 003 427 856 | 10,1 | 10,2 |
| одан: | |||
| резидент емес қарыз қаражаты | 319 005 759 | 3,2 | 3,3 |
2025 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (37,5%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–15,7%, өңдеу өнеркәсібіне–11,6%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,6%), көлік және қоймалауға (17,5%) және білім беру (7,4%) тиесілі.
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2024 жылғы қаңтар-шілдеге, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | ||
| Барлығы | 9 921 292 240 | 116,1 | 100,0 | |
| оның ішінде: | ||||
| ауыл, орман және балық шаруашылығы | 516 215 315 | 127,0 | 5,2 | |
| өнеркәсіп | 3 718 850 577 | 107,0 | 37,5 | |
| оның ішінде: | ||||
| кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 1 555 710 420 | 82,1 | 15,7 | |
| өңдеу өнеркәсібі | 1 155 749 272 | 138,7 | 11,6 | |
| электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 669 807 176 | 140,1 | 6,8 | |
| сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 337 583 708 | 128,0 | 3,4 | |
| құрылыс | 89 136 462 | 104,2 | 0,9 | |
| көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 220 677 420 | 117,2 | 2,2 | |
| көлік және қоймалау | 1 740 232 148 | 117,0 | 17,5 | |
| тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 99 902 209 | 137,6 | 1,0 | |
| ақпарат және байланыс | 148 387 646 | 105,3 | 1,5 | |
| қаржы және сақтандыру қызметі | 137 248 899 | 190,1 | 1,4 | |
| жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 1 941 290 218 | 112,2 | 19,6 | |
| кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 35 276 199 | 43,4 | 0,4 | |
| әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 74 364 762 | 90,5 | 0,7 | |
| мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 82 426 488 | 153,4 | 0,8 | |
| білім беру | 731 179 496 | 231,3 | 7,4 | |
| денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 186 063 255 | 117,5 | 1,9 | |
| өнер, ойын-сауық және демалыс | 182 710 860 | 133,6 | 1,8 | |
| өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 17 330 290 | 113,8 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі