Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    13 795,7 млрд.
    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 13795,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектен (салыстырмалы бағамен) 13,5% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ақмола (50,1%-ға), Жамбыл (39,1%-ға), Ақтөбе (37,4%-ға), Астана қаласы (36,7%-ға), Павлодар (26,7%-ға) облыстарында және Алматы қаласында (20,7%-ға) байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау облысында (28,4%-ға) байқалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (12%) және Алматы қаласы (10,5%) алады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2025 жылғы қыркүйек 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке
    2025 жылғы тамызға 2024 жылғы қыркүйекке
    Қазақстан Республикасы 138,8 108,5 113,5
    Абай 175,4 117,1 103,1
    Ақмола 116,3 153,1 150,1
    Ақтөбе 137,0 130,5 137,4
    Алматы 168,0 112,7 116,7
    Атырау 117,6 83,4 71,6
    Батыс-Казақстан 122,3 98,8 104,0
    Жамбыл 212,7 173,7 139,1
    Жетісу 114,7 84,2 112,7
    Қарағанды 169,7 101,7 109,3
    Қостанай 136,4 113,5 113,6
    Қызылорда 136,0 90,7 105,9
    Манғыстау 101,3 90,4 111,6
    Павлодар 173,4 194,2 126,7
    Солтүстік Қазақстан 97,0 83,8 110,4
    Түркістан 259,4 92,6 115,9
    Ұлытау 144,7 80,9 101,0
    Шығыс Қазақстан 121,6 116,3 115,7
    Астана қаласы 146,6 140,2 136,7
    Алматы қаласы 82,0 89,8 120,7
    Шымкент қаласы 127,5 67,0 104,2

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2024 жылғы қаңтар-қыркүйек 11 744 902 191 6 923 235 607 968 881 563 3 852 785 021
    2025 жылғы қаңтар-қыркүйек 13 795 698 905 8 154 781 663 1 360 042 412 4 280 874 830

    Жалпы шығындардың 68% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 27,5% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте 8697,8 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 63%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 23% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 37,6% ұлғайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,7% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2025 жылғы қаңтар-қыркүйек Анықтама: 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13 795 698 905 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:      
    мемлекеттік бюджеттен 3 168 870 093 23,0 19,0
    меншікті қаражат 8 697 760 197 63,0 66,6
    банктердің кредиттері 506 984 865 3,7 3,8
    одан:      
    шетелдік банкттердің кредиттері 88 577 930 0,6 1,0
    басқада қарыз қаражаты 1 422 083 750 10,3 10,6
    одан:      
    резидент емес қарыз қаражаты 424 013 335 3,1 3,2

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (37,2%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (15,2)%, өңдеу өнеркәсібіне (10,7%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,1%), көлік және қоймалауға (18,2%), білім беру (6,9%) және ауыл, орман және балық шаруашылығы (5,7%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен  
     
    Барлығы 13 795 698 905 113,5 100,0  
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 787 301 455 121,1 5,7
    өнеркәсіп 5 127 283 182 107,2 37,2
    оның ішінде:
    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 2 100 916 767 83,1 15,2
    өңдеу өнеркәсібі 1 474 996 141 130,7 10,7
    электрэнергиясы мен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау 1 020 541 641 137,5 7,4
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 530 828 629 142,9 3,8
    құрылыс 114 854 345 108,2 0,8
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 289 325 189 105,4 2,1
    көлік және қоймалау 2 504 062 215 114,8 18,2
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 153 276 873 135,6 1,1
    ақпарат және байланыс 234 320 899 103,3 1,7
    қаржы және сақтандыру қызметі 199 787 059 200,8 1,4
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 2 634 951 843 111,6 19,1
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 46 329 653 47,2 0,3
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 110 180 815 85,6 0,8
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 119 531 985 148,5 0,9
    білім беру 948 811 490 175,6 6,9
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 249 648 660 106,0 1,8
    өнер, ойын-сауық және демалыс 256 935 404 135,8 1,9
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 19 097 837 79,3 0,1
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торгаутова
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Н. Кайрбекова
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: na.kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс