Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    5 952,4 млрд.
    2025 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 5952,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырдан (салыстырмалы бағамен) 18,2% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Жетісу (62,7%-ға), Жамбыл (57,5%-ға), Түркістан (51,1%-ға), Астана қаласы (47,4%-ға), Шымкент қаласы (38,4%-ға), Ақтөбе (34,7%-ға) және Маңғыстау (33,5%-ға) облыстарында байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (37,9%-ға), Ұлытау (23,7%-ға) облыстарында байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Алматы қаласы (12%) және Астана қаласы (11,9%) алады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2025 жылғы мамыр 2025 жылғы қаңтар-мамыр 2024 жылғы қаңтар-мамырға
    2025 жылғы сәуірге 2024 жылғы мамырға
    Қазақстан Республикасы 121,1 132,4 118,2
    Абай 117,6 107,8 113,8
    Ақмола 89,7 145,0 118,9
    Ақтөбе 203,8 224,8 134,7
    Алматы 95,7 139,8 127,0
    Атырау 121,5 72,0 62,1
    Батыс Казақстан 105,2 114,2 106,9
    Жамбыл 78,2 132,0 157,5
    Жетісу 118,5 160,3 162,7
    Қарағанды 162,6 169,8 119,6
    Қостанай 201,8 105,9 115,4
    Қызылорда 194,3 165,1 127,1
    Манғыстау 103,9 164,0 133,5
    Павлодар 153,5 140,6 119,3
    Солтүстік Қазақстан 144,3 206,5 106,7
    Түркістан 118,1 139,7 151,1
    Ұлытау 118,9 95,8 76,3
    Шығыс Қазақстан 101,9 107,0 106,9
    Астана қаласы 159,4 190,1 147,4
    Алматы қаласы 88,6 109,9 128,2
    Шымкент қаласы 77,0 99,5 138,4

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындар
    2024 жылғы қаңтар-мамыр 4 895 150 387 2 646 863 410 370 967 822 1 877 319 155
    2025 жылғы қаңтар-мамыр 5 952 434 869 3 336 811 766 755 913 718 1 859 709 385

    Жалпы шығындардың 67,4% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 27,8% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-мамырда 3905,6 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 65,6%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 22% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,2 есе ұлғайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,6% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2025 жылғы қаңтар-мамыр Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2024 жылғы қаңтар-мамыр
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5 952 434 869 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:      
    мемлекеттік бюджеттен 1 307 067 077 22,0 12,1
    меншікті қаражат 3 905 634 861 65,6 74,6
    банктердің кредиттері 216 940 709 3,6 3,9
    одан:      
    шетелдік банкттердің кредиттері 19 059 404 0,3 0,9
    басқада қарыз қаражаты 522 792 222 8,8 9,4
    одан:      
    резидент емес қарыз қаражаты 169 637 065 2,8 2,4

    2025 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,1%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–17,7%, өңдеу өнеркәсібіне–13%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20,7%), көлік және қоймалауға (13,6%) және білім беру (8,7%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2024 жылғы қаңтар-мамырға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен  
     
    Барлығы 5 952 434 869 118,2 100,0  
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 253 339 525 125,0 4,3
    өнеркәсіп 2 384 648 093 105,4 40,1
    оның ішінде:
    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1 055 695 016 78,4 17,7
    өңдеу өнеркәсібі 771 025 031 145,7 13,0
    электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 344 055 023 128,5 5,8
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 213 873 022 182,7 3,6
    құрылыс 57 124 975 96,8 1,0
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 132 905 848 106,3 2,2
    көлік және қоймалау 811 376 275 112,8 13,6
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 57 623 459 118,9 1,0
    ақпарат және байланыс 83 073 352 89,9 1,4
    қаржы және сақтандыру қызметі 86 786 296 191,0 1,5
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 1 231 761 138 112,5 20,7
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 21 594 312 78,8 0,4
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 44 234 175 104,9 0,7
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 47 962 362 183,3 0,8
    білім беру 515 812 816 492,2 8,7
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 104 570 949 110,1 1,8
    өнер, ойын-сауық және демалыс 103 296 555 157,5 1,7
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 16 324 742 330,7 0,3
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торгаутова
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749774
    Орындаушы:
    Н.Қайырбекова
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: n.kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс