Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Жамбыл (66,8%-ға), Жетісу (63,8%-ға), Түркістан (55,7%-ға), Шымкент қаласы (54%-ға), Алматы қаласы (35,6%-ға), Астана қаласы (35,5%-ға), Маңғыстау (25%-ға) және Алматы (23,6%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (40,4%-ға), Ұлытау (29,3%-ға) және Солтүстік Қазақстан (9,9%-ға) облыстарында байқалды.
Инвестицияның едәуір үлесін Алматы қаласы (12,4%) және Астана қаласы (11,6%) алады.
2025 жылғы сәуір | 2025 жылғы қаңтар-сәуір 2024 жылғы қаңтар-сәуірге | ||
2025 жылғы наурызға | 2024 жылғы сәуірге | ||
Қазақстан Республикасы | 107,2 | 135,9 | 113,7 |
Абай | 67,5 | 114,5 | 116,0 |
Ақмола | 117,2 | 204,2 | 112,8 |
Ақтөбе | 76,3 | 95,9 | 111,1 |
Алматы | 135 | 154,2 | 123,6 |
Атырау | 105,3 | 66,9 | 59,6 |
Батыс-Казақстан | 113,9 | 128,8 | 104,7 |
Жамбыл | 119,3 | 272,8 | 166,8 |
Жетісу | 130,0 | 184,2 | 163,8 |
Қарағанды | 64,3 | 145,7 | 105,7 |
Қостанай | 108,7 | 157,1 | 119,9 |
Қызылорда | 91,3 | 146,8 | 115,3 |
Манғыстау | 170,6 | 166,7 | 125,0 |
Павлодар | 86,5 | 148,9 | 111,4 |
Солтүстік Қазақстан | 70,9 | 152,6 | 90,1 |
Түркістан | 114,5 | 184,7 | 155,7 |
Ұлытау | 77,8 | 62,3 | 70,7 |
Шығыс Қазақстан | 104,9 | 85,0 | 106,8 |
Астана қаласы | 79,5 | 132,1 | 135,5 |
Алматы қаласы | 161,1 | 173,6 | 135,6 |
Шымкент қаласы | 148,2 | 159,8 | 154,0 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
Негізгі капиталға инвестицияларды игерді | Соның ішінде | |||
шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | ірі кәсіпорындар | ||
2024 жылғы қаңтар-сәуір | 3 741 556 902 | 1 984 428 982 | 302 601 986 | 1 454 525 934 |
2025 жылғы қаңтар-сәуір | 4 374 686 596 | 2 375 631 849 | 562 815 108 | 1 436 239 639 |
Жалпы шығындардың 67,5% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 27,6% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-сәуірде 2897,7 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 66,2%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 22,1% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3 есе ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,5% алады.
2025 жылғы қаңтар-сәуір | Анықтама: қорытындыға пайызбен | ||
млн теңге | қорытындыға пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-сәуір | |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 4 374 687 | 100,0 | 100,0 |
қаражаттарды қоса алғанда: | |||
мемлекеттік бюджеттен | 966 287 | 22,1 | 10,0 |
меншікті қаражат | 2 897 716 | 66,2 | 76,3 |
банктердің кредиттері | 152 156 | 3,5 | 3,5 |
одан: | |||
шетелдік банкттердің кредиттері | 9 799 | 0,2 | 0,5 |
басқада қарыз қаражаты | 358 528 | 8,2 | 10,3 |
одан: | |||
резидент емес қарыз қаражаты | 126 799 | 2,9 | 2,6 |
2025 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (39,5%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–18,7%, өңдеу өнеркәсібіне–12,7%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20,9%), көлік және жинақтауға (13,2%), білім беру (9,7%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (3,8%) тиесілі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2024 жылғы қаңтар-сәуірге, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | ||
Барлығы | 4 374 686 596 | 113,7 | 100 | |
оның ішінде: | ||||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 164 213 592 | 112,0 | 3,8 | |
өнеркәсіп | 1 729 127 316 | 97,5 | 39,5 | |
оның ішінде: | ||||
кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 819 115 937 | 76,8 | 18,7 | |
өңдеу өнеркәсібі | 556 607 334 | 134,3 | 12,7 | |
электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 212 223 243 | 99,3 | 4,9 | |
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 141 180 801 | 180,5 | 3,2 | |
құрылыс | 41 585 214 | 85,8 | 1,0 | |
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 96 759 677 | 99,3 | 2,2 | |
көлік және қоймалау | 577 979 887 | 103,9 | 13,2 | |
тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 43 232 613 | 108,0 | 1,0 | |
ақпарат және байланыс | 65 405 066 | 108,9 | 1,5 | |
қаржы және сақтандыру қызметі | 71 884 374 | 173,5 | 1,6 | |
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 913 666 482 | 112,2 | 20,9 | |
кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 17 798 039 | 80,4 | 0,4 | |
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 34 541 456 | 115,7 | 0,8 | |
мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 26 674 072 | 154,7 | 0,6 | |
білім беру | 422 815 659 | 620,0 | 9,7 | |
денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 80 658 168 | 113,5 | 1,8 | |
өнер, ойын-сауық және демалыс | 72 341 638 | 170,9 | 1,7 | |
өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 16 003 346 | 479,4 | 3,8 |
Негізгі капиталға инвестициялар-инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі