Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    19 375 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 19375 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылмен (салыстырмалы бағамен) 7,5% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Қарағанды (61%-ға), Жетісу (43,1%-ға), Павлодар (38,3%-ға), Түркістан (37,4%-ға), Алматы (31%-ға), Солтүстік Қазақстан (23,9%-ға) және Қызылорда (21,7%-ға) облыстарында байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (28,1%-ға), Ақтөбе (13,4%-ға), Ақмола (8,9%-ға), Жамбыл (6,1%-ға), Манғыстау (4,4%-ға) облыстарында және Ұлытау облысында (3,5%-ға) байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (11,2%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2024 жылғы желтоқсан 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан 2023 жылға
    2024 жылғы қарашаға 2023 жылғы желтоқсанға
    Қазақстан Республикасы 168,0 132,8 107,5
    Абай 191,6 117,4 107,0
    Ақмола 167,2 137,1 91,1
    Ақтөбе 151,9 89,9 86,6
    Алматы 201,8 176,5 131,0
    Атырау 171,6 69,7 71,9
    Батыс-Казақстан 165,8 109,9 104,7
    Жамбыл 203,4 81,1 93,9
    Жетісу 183,6 164,2 143,1
    Қарағанды 101,2 218,0 161,0
    Қостанай 265,8 115,5 111,7
    Қызылорда 98,5 131,1 121,7
    Манғыстау 202,9 178,0 95,6
    Павлодар 133,2 155,9 138,3
    Солтүстік Қазақстан 438,1 231,4 123,9
    Түркістан 152,7 221,1 137,4
    Ұлытау 244,0 110,5 96,5
    Шығыс Қазақстан 233,8 174,3 115,6
    Астана қаласы 124,3 85,0 113,1
    Алматы қаласы 267,6 176,3 108,2
    Шымкент қаласы 107,4 128,4 112,1

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындар
    2023 жыл 17 649 312 955 9 214 174 745 1 230 475 888 7 204 662 322
    2024 жылғы қаңтар-желтоқсан 19 374 965 647 11 134 310 174 1 898 027 121 6 342 628 352

    Жалпы шығындардың 66,4% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 30% шамамен машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 12487,9 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 64,4%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 21,2% құрады, бұл ретте 2023 жылмен салыстырғанда 36,7% жоғары.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,8% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2024 жылғы қаңтар-желтоқсан Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2023 жыл
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 19 374 965 647 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:      
    мемлекеттік бюджеттен 4 098 379 916 21,2 16,7
    меншікті қаражат 12 487 861 011 64,4 72,2
    банктердің кредиттері 741 437 838 3,8 2,9
    одан:      
    шетелдік банкттердің кредиттері 138 150 709 0,7 0,3
    басқада қарыз қаражаты 2 047 286 882 10,6 8,2
    одан:      
    резидент емес қарыз қаражаты 572 683 573 3,0 2,9

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (39,7%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–18,9%, өңдеу өнеркәсібіне–10,7%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,1%), көлік және жинақтауға (18,1%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (4,7%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2023 жылға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен  
     
    Барлығы 19 374 965 647 107,5 100,0  
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 919 007 364 98,9 4,7
    өнеркәсіп 7 688 547 567 94,9 39,7
    оның ішінде:
    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 3 654 289 042 79,9 18,9
    өңдеу өнеркәсібі 2 069 521 728 124,1 10,7
    электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 271 574 566 97,7 6,6
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 693 162 210 119,6 3,6
    құрылыс 149 117 105 114,5 0,8
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 387 617 628 90,2 2,0
    көлік және қоймалау 3500 195 491 126,6 18,1
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 163 819 043 106,6 0,8
    ақпарат және байланыс 306 409 483 68,4 1,6
    қаржы және сақтандыру қызметі 161 089 080 134,5 0,8
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 3 703 834 972 113,4 19,1
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 130 596 183 141,5 0,7
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 201 245 836 128,2 1,0
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 168 688 729 81,6 0,9
    білім беру 1 098 203 585 243,3 5,7
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 442163 443 98,1 2,3
    өнер, ойын-сауық және демалыс 321 066 628 101,7 1,7
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 33 363 509 40,9 0,2
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Р.Жандарбек
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: R.Zhandarbek@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші