Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Қарағанды (50,5%-ға), Жетісу (37,8%-ға), Павлодар (35,8%-ға), Түркістан (25,5%-ға), Алматы (22,5%-ға), Қызылорда (20,5%)-ға облыстарында және Астана қаласында (20,4%-ға) байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (27,7%-ға), Ақмола (15,2%-ға), Манғыстау (14,4%-ға), Ақтөбе (13,9%-ға), Ұлытау облысы (6,4%-ға), Алматы қаласында (3,8%), және Жамбыл (2,8%-ға) облыстарында байқалды.
Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (12%).
2024 жылғы қараша | 2024 жылғы қаңтар-қараша 2023 жылғы қаңтар-қарашаға | ||
---|---|---|---|
2024 жылғы қазанға | 2023 жылғы қарашаға | ||
Қазақстан Республикасы | 114,2 | 111,0 | 103,1 |
Абай | 79,9 | 132,7 | 105,0 |
Ақмола | 129,0 | 207,9 | 84,8 |
Ақтөбе | 89,7 | 78,3 | 86,1 |
Алматы | 158,0 | 115,1 | 122,5 |
Атырау | 64,2 | 67,9 | 72,3 |
Батыс-Казақстан | 82,1 | 106,3 | 103,6 |
Жамбыл | 106,2 | 89,0 | 97,2 |
Жетісу | 164,0 | 188,0 | 137,8 |
Қарағанды | 171,1 | 317,3 | 150,5 |
Қостанай | 83,8 | 115,3 | 110,7 |
Қызылорда | 148,2 | 160,1 | 120,5 |
Манғыстау | 114,3 | 75,5 | 85,6 |
Павлодар | 120,2 | 187,1 | 135,8 |
Солтүстік Қазақстан | 62,5 | 74,4 | 105,3 |
Түркістан | 265,1 | 186,8 | 125,5 |
Ұлытау | 93,2 | 91,8 | 93,6 |
Шығыс Қазақстан | 142,6 | 96,5 | 104,5 |
Астана қаласы | 103,3 | 124,2 | 120,4 |
Алматы қаласы | 94,4 | 52,7 | 96,2 |
Шымкент қаласы | 148,4 | 113,2 | 109,7 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
Негізгі капиталға инвестицияларды игерді | Соның ішінде | |||
---|---|---|---|---|
шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | ірі кәсіпорындар | ||
2023 жылғы қаңтар-қараша | 15 292 484 053 | 8 209 967 299 | 979 035 102 | 6 103 481 652 |
2024 жылғы қаңтар-қараша | 15 758 029 477 | 9 087 382 295 | 1 406 072 544 | 5 264 574 638 |
Жалпы шығындардың 65,9% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 30% шамамен машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-қарашада 10345,5 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 65,7%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 20,2% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 37,5% жоғары.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 4% алады.
2024 жылғы қаңтар-қараша | Анықтама: қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|
мың теңге | Қорытындыға пайызбен | 2023 жылғы қаңтар-қараша | |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 15 758 029 477 | 100,0 | 100,0 |
қаражаттарды қоса алғанда: | |||
мемлекеттік бюджеттен | 3 180 133 932 | 20,2 | 14,8 |
меншікті қаражат | 10 345 495 721 | 65,7 | 75,1 |
банктердің кредиттері | 621 938 257 | 3,9 | 2,4 |
одан: | |||
шетелдік банкттердің кредиттері | 135 988 618 | 0,9 | 0,1 |
басқада қарыз қаражаты | 1 610 461 567 | 10,2 | 7,6 |
одан: | |||
резидент емес қарыз қаражаты | 489 626 333 | 3,1 | 2,6 |
2024 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,5%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–20,3%, өңдеу өнеркәсібіне–10,5%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,3%), көлік және жинақтауға (17,8%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (4,9%) тиесілі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2023 жылғы қаңтар-қазанға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
Барлығы | 15 758 029 477 | 103,1 | 100,0 | |
оның ішінде: | ||||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 771 004 817 | 90,7 | 4,9 | |
өнеркәсіп | 6 385 270 640 | 91,2 | 40,5 | |
оның ішінде: | ||||
кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 3 202 445 707 | 76,7 | 20,3 | |
өңдеу өнеркәсібі | 1 653 971 031 | 118,0 | 10,5 | |
электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 025 380 768 | 106,7 | 6,5 | |
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 503 473 113 | 105,5 | 3,2 | |
құрылыс | 126 901 449 | 80,7 | 0,8 | |
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 331 500 693 | 82,1 | 2,1 | |
көлік және қоймалау | 2 797 399 370 | 127,2 | 17,8 | |
тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 139 180 975 | 114,2 | 0,9 | |
ақпарат және байланыс | 261 485 538 | 70,0 | 1,7 | |
қаржы және сақтандыру қызметі | 130 949 078 | 134,9 | 0,8 | |
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 3 039 610 506 | 107,0 | 19,3 | |
кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 112 900 855 | 142,1 | 0,7 | |
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 163 626 747 | 113,4 | 1,0 | |
мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 109 371 281 | 78,1 | 0,7 | |
білім беру | 818 180 059 | 218,4 | 5,2 | |
денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 305 129 104 | 99,0 | 1,9 | |
өнер, ойын-сауық және демалыс | 239 163 443 | 107,7 | 1,5 | |
өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 26 354 921 | 46,6 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі