Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Жетісу (30,8%-ға), Павлодар (30,1%-ға), Қарағанды (26,6%-ға), Алматы (23,8%-ға), Астана қаласында (19,8%-ға), Түркістан (17,7%-ға) және Қызылорда (15,7%-ға) облыстарында байқалды.
Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (27,2%-ға), Ақмола (22,4%-ға), Манғыстау (12,8%-ға), Ақтөбе (12,5%-ға), Ұлытау облысы 6,1%-ға) және Жамбыл (1,8%-ға) облыстарында байқалды.
Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (12,8%).
2024 жылғы қазан | 2024 жылғы қаңтар-қазан 2023 жылғы қаңтар-қазанға | ||
---|---|---|---|
2024 жылғы қыркүйекке | 2023 жылғы қазанға | ||
Қазақстан Республикасы | 93,5 | 112,6 | 101,9 |
Абай | 87,7 | 112,7 | 102,3 |
Ақмола | 79,6 | 128,5 | 77,6 |
Ақтөбе | 107,3 | 91,2 | 87,5 |
Алматы | 57,2 | 74,7 | 123,8 |
Атырау | 131,1 | 115,3 | 72,8 |
Батыс-Казақстан | 105,5 | 143,9 | 103,2 |
Жамбыл | 82,9 | 77,3 | 98,2 |
Жетісу | 62,0 | 150,2 | 130,8 |
Қарағанды | 131,7 | 213,8 | 126,6 |
Қостанай | 107,4 | 132,0 | 110,2 |
Қызылорда | 72,0 | 72,6 | 115,7 |
Манғыстау | 107,5 | 75,6 | 87,2 |
Павлодар | 89,0 | 150,4 | 130,1 |
Солтүстік Қазақстан | 89,8 | 132,6 | 109,4 |
Түркістан | 29,1 | 75,3 | 117,7 |
Ұлытау | 71,3 | 90,1 | 93,9 |
Шығыс Қазақстан | 75,4 | 91,8 | 105,9 |
Астана қаласы | 124,0 | 145,5 | 119,8 |
Алматы қаласы | 115,0 | 107,7 | 108,2 |
Шымкент қаласы | 122,1 | 103,3 | 108,9 |
Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.
Негізгі капиталға инвестицияларды игерді | Соның ішінде | |||
---|---|---|---|---|
шағын кәсіпорындар | орта кәсіпорындар | ірі кәсіпорындар | ||
2023 жылғы қаңтар-қазан | 13 333 304 268 | 7 225 744 625 | 878 607 828 | 5 228 951 815 |
2024 жылғы қаңтар-қазан | 13 613 572 447 | 7 945 124 836 | 1 184 731 278 | 4 483 716 333 |
Жалпы шығындардың 66,3% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 30% шамамен машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-қазанда 8964,5 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 65,8%-құрады.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 19,6% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 33,9% жоғары.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 4% алады.
2024 жылғы қаңтар-қазан | Анықтама: қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|
мың теңге | қорытындыға пайызбен | 2023 жылғы қаңтар-қазан | |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 13 613 572 447 | 100,0 | 100,0 |
қаражаттарды қоса алғанда: | |||
мемлекеттік бюджеттен | 2 662 213 466 | 19,6 | 14,6 |
меншікті қаражат | 8 964 520 628 | 65,8 | 75,0 |
банктердің кредиттері | 544 636 001 | 4,0 | 2,6 |
одан: | |||
шетелдік банкттердің кредиттері | 124 682 710 | 0,9 | 0,1 |
басқада қарыз қаражаты | 1 442 202 352 | 10,6 | 7,8 |
одан: | |||
резидент емес қарыз қаражаты | 447 065 195 | 3,3 | 2,6 |
2024 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,3%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–20,9%, өңдеу өнеркәсібіне–9,9%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,5%), көлік және жинақтауға (17,9%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (5,1%) тиесілі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге | 2023 жылғы қаңтар-қазанға, пайызбен | Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
Барлығы | 13 613 572 447 | 101,9 | 100,0 | |
оныңішінде: | ||||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 694 674 387 | 88,8 | 5,1 | |
өнеркәсіп | 5 483 062 647 | 87,0 | 40,3 | |
оның ішінде: | ||||
кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 2 843 005 073 | 74,6 | 20,9 | |
өңдеу өнеркәсібі | 1 346 481 547 | 108,6 | 9,9 | |
электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 871 184 619 | 102,0 | 6,4 | |
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 422 391 389 | 103,1 | 3,1 | |
құрылыс | 117 954 739 | 82,6 | 0,9 | |
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 294 317 073 | 82,3 | 2,2 | |
көлік және қоймалау | 2 433 281 329 | 130,4 | 17,9 | |
тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 121 099 441 | 110,0 | 0,9 | |
ақпарат және байланыс | 239 575 453 | 159,8 | 1,8 | |
қаржы және сақтандыру қызметі | 111 248 310 | 124,8 | 0,8 | |
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 2 649 172 724 | 104,8 | 19,5 | |
кәсіби, ғылым және техникалық қызмет | 102 330 868 | 164,0 | 0,8 | |
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 146 705 737 | 114,0 | 1,1 | |
мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 89 443 125 | 77,0 | 0,7 | |
білім беру | 644 211 823 | 199,3 | 4,7 | |
денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 256 388 326 | 100,7 | 1,9 | |
өнер, ойын-сауық және демалыс | 205 488 344 | 117,4 | 1,5 | |
өзге де қызметтер түрлерін көрсету | 24 618 097 | 55,5 | 0,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.
Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.
Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.
Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.
Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі