Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    17 649,3 млрд.
    2023 жылы барлық қаржыландыру көздерінен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 17649,3 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,2% өсті (салыстырмалы бағамен).

    Өңірлік бөліністе республиканың 19 өңірінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың ұлғаюы байқалады. Бұл ретте ең үлкен өсім Манғыстау облыстарында (1,3 есе), ал Алматы, Ұлытау, Түркістан, Абай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында (1,2 есе) байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың төмендеуі Атырау облысында (5,5%) байқалды.

    Өңірлер бөлінісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар,
    мың теңге
    Өткен жылға пайызбен Негізгі капиталға салынған инвестициялардың республикалық көлеміндегі өңірлердің үлес салмағы,
    пайызбен
    Қазақстан Республикасы 17 649 312 955 111,2 100,0
    Абай 527 390 882 123,1 3,0
    Ақмола 613 526 016 101,7 3,5
    Ақтөбе 1 025 761 687 102,4 5,8
    Алматы 737 743 410 115,8 4,2
    Атырау 2 934 834 321 94,5 16,6
    Батыс Қазақстан 675 202 835 121,9 3,8
    Жамбыл 536 595 421 121,7 3,0
    Жетісу 356 716 595 117,5 2,0
    Қарағанды 876 522 542 115,3 5,0
    Қостанай 561 627 131 110,5 3,2
    Қызылорда 513 730 912 120,6 2,9
    Маңғыстау 1 102 171 850 135,1 6,2
    Павлодар 797 474 875 103,7 4,5
    Солтүстік Қазақстан 443 683 769 116,8 2,5
    Түркістан 948 809 712 123,3 5,4
    Ұлытау 228 961 647 124,1 1,3
    Шығыс Қазақстан 648 603 766 112,9 3,7
    Астана қаласы 1 655 031 985 108,2 9,4
    Алматы қаласы 1 803 183 330 125,2 10,2
    Шымкент қаласы 661 740 269 115,2 3,8
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың технологиялық құрылымында 60,9% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына (олардың 65,5% жеке меншіктегі кәсіпорындар жүзеге асырады), 31,1% - машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарды сатып алуға және күрделі жөндеуге кеткен шығындар, 8% - негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар.

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға салынған инвестициялардың игерілгені Оның ішінде
      шағын кәсіпорындар орташа кәсіпорындар ірі кәсіпорындар
    2020 13 242 233 420 7 127 645 084 1 128 594 126 4 985 994 210
    2021 15 251 104 090 8 156 215 530 947 478 819 6 147 409 741
    2022 17 649 312 955 9 214 174 745 1 230 475 888 7 204 662 322

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2023 жылы 12744,6 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 72,2% - құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 16,7% құрады, бұл ретте 2022 жылмен салыстырғанда 1,2% үлғайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 2,9%, басқа қарыз қаражаттары 8,2% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2023 Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2022 2021
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17 649 312 955 100,0 100,0 100,0
    оның ішінде қаражат есебінен:        
    мемлекеттік бюджеттен 2 936 591 531 16,7 15,5 15,6
    меншікті қаражат 12 744 563 763 72,2 73,2 70,7
    банктердің кредиттері 516 548 880 2,9 3,2 2,6
    одан:        
    шетелдік банктердің кредиттері 59 911 451 0,3 0,2 0,5
    басқа да қарыз қаражаты 1 451 608 781 8,2 8,1 11,1
    одан:        
    резидент еместер қарыз қаражаты 506 163 769 2,9 1,9 2,2

    2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (45%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына – 25,4%, өңдеу өнеркәсібіне – 9,2%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (17,9%), көлік және жинақтауға (15,2%), ауыл, орман және балық шаруашылығына (5,1%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар,
    мың теңге
    Өткен жылға пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 17 649 312 955 111,2 100,0
    соның ішінде:      
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 904 263 857 101,7 5,1
    Өнеркәсіп 7 939 229 560 103,3 45,0
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 4 478 396 837 96,5 25,4
    Өңдеу өнеркәсібі 1 633 024 829 98,9 9,2
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 265 074 390 148,3 7,2
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 562 733 504 107,5 3,2
    Құрылыс 129 420 656 57,7 0,7
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 420 972 247 114,1 2,4
    Көлік және жинақтау 2 675 960 172 148,8 15,2
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 150 466 152 109,3 0,9
    Ақпарат және байланыс 438 366 200 223,4 2,5
    Қаржы және сақтандыру қызметі 117 327 503 94,2 0,7
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 3 164 494 070 103,3 17,9
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 90 388 793 144,0 0,5
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 153 777 994 97,9 0,9
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 202 547 703 118,1 1,1
    Білім беру 436 902 121 112,3 2,5
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 436 440 542 160,8 2,5
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 309 060 531 115,3 1,7
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 79 694 854 118,7 0,5
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Г. Жараспаева
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: gu.zharaspaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші