Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    11 744,9 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11744,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектен (салыстырмалы бағамен) 0,6% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Алматы (32,8%-ға) Жетісу (28,4%-ға), Павлодар (27,8%-ға), Қызылорда (25,1%-ға), Түркістан (23,4%-ға) облыстарында және Астана қаласында (15,9%-ға) байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (31,6%-ға), Ақмола (26,4%-ға), Ақтөбе (12,9%-ға), Манғыстау (10,9%-ға), Ұлытау облысы (5,3%-ға) және Батыс Қазақстан (2,2%-ға) облыстарында байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (12,7%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2024 жылғы қыркүйек 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке
    2024 жылғы тамызға 2023 жылғы қыркүйекке
    Қазақстан Республикасы 133,4 102,4 100,6
    Абай 212,7 134,4 100,5
    Ақмола 131,5 148,3 73,6
    Ақтөбе 91,2 89,3 87,1
    Алматы 134,2 205,3 132,8
    Атырау 101,7 56,8 68,4
    Батыс-Казақстан 117,3 110,9 97,8
    Жамбыл 165,3 102,0 101,7
    Жетісу 221,2 113,0 128,4
    Қарағанды 199,1 103,2 114,6
    Қостанай 117,3 111,7 107,6
    Қызылорда 140,1 113,1 125,1
    Манғыстау 93,8 137,5 89,1
    Павлодар 130,6 131,3 127,8
    Солтүстік Қазақстан 134,0 83,6 106,4
    Түркістан 232,8 119,3 123,4
    Ұлытау 254,5 74,8 94,7
    Шығыс Қазақстан 175,6 86,8 108,0
    Астана қаласы 111,8 102,1 115,9
    Алматы қаласы 133,7 105,6 108,1
    Шымкент қаласы 78,1 97,7 110,1

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындар
    2023 жылғы қаңтар-қыркуйек 11 641 119 630 6 256 912 170 759 373 619 4 624 833 841
    2024 жылғы қаңтар-қыркүйек 11 744 902 191 6 923 235 607 968 881 563 3 852 785 021

    Жалпы шығындардың 66% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 30% шамамен машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 7829,1 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 66,6%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 19% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 29,4% жоғары.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,8% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2024 жылғы қаңтар-қыркүйек Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 11 744 902 191 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:      
    мемлекеттік бюджеттен 2 229 205 657 19,0 14,5
    меншікті қаражат 7 829 079 500 66,6 75,0
    банктердің кредиттері 444 186 802 3,8 2,6
    одан:      
    шетелдік банкттердің кредиттері 113 168 164 1,0 0,0
    басқада қарыз қаражаты 1 242 430 232 10,6 7,9
    одан:      
    резидент емес қарыз қаражаты 381 416 815 3,2 2,7

    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (39,7%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–21%, өңдеу өнеркәсібіне–9,4%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,5%), көлік және жинақтауға (18%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (5,5%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен  
     
    Барлығы 11 744 902 191 100,6 100,0  
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 651 346 871 90,1 5,5
    өнеркәсіп 4 660 786 565 83,7 39,7
    оның ішінде:
    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 2 466 662 669 71,8 21,0
    өңдеу өнеркәсібі 1 106 538 819 106,3 9,4
    электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 726 072 273 97,7 6,2
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 361 512 785 99,4 3,1
    құрылыс 104 447 232 82,3 0,9
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 263 121 059 85,5 2,2
    көлік және қоймалау 2 111 012 701 131,1 18,0
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 107 076 292 124,5 0,9
    ақпарат және байланыс 215 461 566 181,7 1,8
    қаржы және сақтандыру қызметі 93 863 804 118,8 0,8
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 2 284 424 166 104,2 19,5
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 93 791 668 163,5 0,8
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 137 380 564 122,3 1,2
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 77 051 190 77,1 0,7
    білім беру 514 840 053 179,3 4,4
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 226 555 214 104,8 1,9
    өнер, ойын-сауық және демалыс 180 561 462 125,1 1,5
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 23 168 530 68,5 0,2
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Н.Қайрбекова
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: Nа.Kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші