Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    9 764,8 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9764,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-тамыздан (салыстырмалы бағамен) 0,1% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Жетісу (34,6%-ға), Қызылорда (28%-ға), Павлодар (27,1%-ға), Түркістан (25,6%-ға), Алматы (23,5%-ға) облыстарында байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Ақмола (33,3%-ға), Атырау (29,4%-ға), Манғыстау (15,4%-ға), Ақтөбе (13%-ға), Абай облысы (6,2%-ға) және Батыс Қазақстан (4,7%-ға) облыстарында байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (13,3%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2024 жылғы тамыз 2024 жылғы қаңтар-тамыз 2023 жылғы қаңтар-тамызға
    2024 жылғы шілдеге 2023 жылғы тамызға
    Қазақстан Республикасы 90,8 99,5 100,1
    Абай 61,1 123,5 93,8
    Ақмола 69,7 44,3 66,7
    Ақтөбе 118,8 116,9 87,0
    Алматы 87,9 105,4 123,5
    Атырау 98,0 90,0 70,6
    Батыс-Казақстан 135,7 116,4 95,3
    Жамбыл 59,8 102,9 101,6
    Жетісу 58,8 80,1 134,6
    Қарағанды 48,6 120,1 117,8
    Қостанай 113,0 118,6 107,0
    Қызылорда 85,2 84,8 128,0
    Манғыстау 95,3 66,7 84,6
    Павлодар 85,3 113,2 127,1
    Солтүстік Қазақстан 117,4 108,6 113,8
    Түркістан 123,5 112,3 125,6
    Ұлытау 65,9 63,7 102,8
    Шығыс Қазақстан 73,1 118,9 113,1
    Астана қаласы 99,1 148,9 119,2
    Алматы қаласы 90,5 96,4 108,7
    Шымкент қаласы 127,3 105,9 112,1

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындар
    2023 жылғы қаңтар-тамыз 9 649 662 871 5 022 705 759 633 489 483 3 993 467 629
    2024 жылғы қаңтар-тамыз 9 764 792 177 5 630 949 805 822 813 050 3 311 029 322

    Жалпы шығындардың 65,6% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 30% шамамен машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-тамызда 6621,5 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 67,8%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 18,5% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 26,2% жоғары.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,6% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2024 жылғы қаңтар-тамыз Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2023 жылғы қаңтар-тамыз
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 9 764 792 177 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:      
    мемлекеттік бюджеттен 1 804 447 028 18,5 14,5
    меншікті қаражат 6 621 520 465 67,8 75,9
    банктердің кредиттері 354 762 319 3,6 2,4
    одан:      
    шетелдік банкттердің кредиттері 96 776 943 1,0 0,0
    басқада қарыз қаражаты 984 062 365 10,1 7,2
    одан:      
    резидент емес қарыз қаражаты 312 358 261 3,2 2,5

    2024 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,5%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–22%, өңдеу өнеркәсібіне–9,5%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20%), көлік және жинақтауға (18%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (4,7%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2023 жылғы қаңтар-тамызға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен  
     
    Барлығы 9 764 792 177 100,1 100,0  
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 461 168 022 80,0 4,7
    өнеркәсіп 3 954 447 296 83,3 40,5
    оның ішінде:
    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 2 149 140 117 70,7 22,0
    өңдеу өнеркәсібі 926 161 202 112,4 9,5
    электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 573 232 330 95,3 5,9
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 305 913 627 104,9 3,1
    құрылыс 94 505 329 83,2 1,0
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 208 413 572 91,3 2,1
    көлік және қоймалау 1 753 197 308 140,4 18,0
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 80 055 596 109,6 0,8
    ақпарат және байланыс 161 979 923 171,2 1,7
    қаржы және сақтандыру қызметі 80 550 440 117,5 0,8
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 1 953 768 556 104,4 20,0
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 86 109 186 166,2 0,9
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 105 880 059 104,0 1,1
    мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 61 457 322 74,7 0,6
    білім беру 414 923 052 166,3 4,2
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 182 046 743 104,3 1,9
    өнер, ойын-сауық және демалыс 150 564 226 126,0 1,5
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 15 725 518 64,4 0,2
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Н.Қайрбекова
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: Nа.Kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші