Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    8 284,9 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 8284,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-шілдеден (салыстырмалы бағамен) 0,4% көп.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Жетісу (51,7%-ға), Қызылорда (41%-ға), Павлодар (30,1%-ға), Түркістан (28,9%-ға), Алматы (27,7%-ға), Қарағанды (17,4%-ға), және Солтүстік Қазақстан (14,9%-ға) облыстарында байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Атырау (31,9%-ға), Ақмола (26,3%-ға), Ақтөбе (18,7%-ға), Манғыстау (10,7%-ға), Абай облысы (9,4%-ға), және Батыс Қазақстан (8,7%-ға) облыстарында байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (13,5%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
    2024 жылғы шілде 2024 жылғы қаңтар-шілде 2023 жылғы қаңтар-шілдеге
    2024 жылғы маусымға 2023жылғы шілдеге
    Қазақстан Республикасы 92,6 121,3 100,4
    Абай 73,1 221,7 90,6
    Ақмола 167,7 171,1 73,7
    Ақтөбе 149,9 83,5 81,3
    Алматы 72,7 160,7 127,7
    Атырау 122,6 90,7 68,1
    Батыс-Казақстан 90,9 86,3 91,3
    Жамбыл 109,7 193,2 101,3
    Жетісу 98,9 204,8 151,7
    Қарағанды 137,2 167,7 117,4
    Қостанай 88,4 113,6 105,1
    Қызылорда 104,6 141,0 141,0
    Манғыстау 104,1 99,1 89,3
    Павлодар 71,4 255,9 130,1
    Солтүстік Қазақстан 92,0 144,3 114,9
    Түркістан 46,2 96,7 128,9
    Ұлытау 109,7 92,9 111,3
    Шығыс Қазақстан 69,0 145,2 112,4
    Астана қаласы 100,0 121,0 114,7
    Алматы қаласы 78,2 90,5 110,9
    Шымкент қаласы 100,4 116,8 114,0

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындар

    2023 жылғы қаңтар-шілде

    8 103 721 745 4 154 501 058 537 100 850 3 412 119 837

    2024 жылғы қаңтар-шілде

    8 284 890 771 4 777 559 945 690 924 598 2 816 406 228

    Жалпы шығындардың 65,6% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 30% астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 5681,4 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 68,5%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 17,6% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 22,3% жоғары.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,7% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    2024 жылғы қаңтар-шілде Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2023 жылғы қаңтар-шілде
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 8 284 890 771 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:
    мемлекеттік бюджеттен 1454124 182 17,6 14,3
    меншікті қаражат 5 681 435 170 68,5 76,0
    банктердің кредиттері 307 828 379 3,7 2,1
    одан:
    шетелдік банкттердің кредиттері 89 028 879 1,1 0,0
    басқада қарыз қаражаты 841 503 040 10,2 7,6
    одан:
    резидент емес қарыз қаражаты 272 410 119 3,3 2,7

    2024 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,8%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–22,3%, өңдеу өнеркәсібіне–9,8%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (20,4%), көлік және жинақтауға(17,4%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (4,9%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2023 жылғы
    қаңтар-шілдеге, пайызбен
    Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 8 284 890 771 100,4 100,0
    оның ішінде:      
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 407 032 545 80,6 4,9
    өнеркәсіп 3 382 287 664 83,5 40,8
    оның ішінде:      
    Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1 845 224 878 69,3 22,3
    өңдеу өнеркәсібі 813 581 871 118,3 9,8
    Электр энергиясы мен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау 466 597 486 101,8 5,6
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 256 883 416 102,5 3,1
    құрылыс 84 543 020 90,0 1,0
    Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 181 847 591 96,6 2,2
    көлік және қоймалау 1 444 612 108 142,9 17,4
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 70 246 630 106,6 0,8
    ақпарат және байланыс 137 011 158 217,8 1,7
    қаржы және сақтандыру қызметі 69 139 732 118,5 0,8
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 1 687 864 617 104,0 20,4
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 78 342 450 170,1 0,9
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 85 483 892 101,5 1,0
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 51 780 855 72,8 0,6
    білім беру 304 220 214 154,1 3,7
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 154 107 240 102,8 1,9
    өнер, ойын-сауық және демалыс 131 395 395 145,0 1,6
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 14 975 635 75,8 0,2
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Н.Қайрбекова
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: Nа.Kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші