Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    4 895,2 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 4895,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-мамырдан (салыстырмалы бағамен) 6,5% аз.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Ақмола(39%-ға), Атырау 34,6%, Абай облысы (24,7%-ға), Манғыстау (16%-ға), Ақтөбе (13,1%-ға), Батыс Қазақстан (9,3%-ға) және Қостанай (3%-ға) облыстарында байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Қызылорда (40,1%-ға), Түркістан (23,2%-ға), Жамбыл (22,8%-ға), Жетісу (21%-ға) және Солтүстік Қазақстан (20,3%-ға) облыстарында байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (15,9%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2024 жылғы мамыр 2024 жылғы қаңтар-мамыр 2023 жылғы қаңтар-мамырға
    2024 жылғы сәуірге 2023 жылғы мамырға
    Қазақстан Республикасы 124,6 90,7 93,5
    Абай 125,3 64,0 75,3
    Ақмола 125,7 58,6 61,0
    Ақтөбе 86,0 67,3 86,9
    Алматы 105,8 88,8 102,9
    Атырау 111,6 65,3 65,4
    Батыс-Казақстан 118,6 76,9 90,7
    Жамбыл 168,4 122,6 122,8
    Жетісу 135,6 111,1 121,0
    Қарағанды 139,6 93,6 108,5
    Қостанай 301,0 132,1 97,0
    Қызылорда 173,1 187,3 140,1
    Манғыстау 105,3 84,9 84,0
    Павлодар 163,4 80,2 105,3
    Солтүстік Қазақстан 106,9 73,4 120,3
    Түркістан 156,7 120,7 123,2
    Ұлытау 77,6 117,9 114,0
    Шығыс Қазақстан 80,9 95,6 104,6
    Астана қаласы 110,8 76,7 106,9
    Алматы қаласы 140,1 126,3 109,8
    Шымкент қаласы 123,0 178,0 117,4

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    шағын кәсіпорындар орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындар
    2023 жылғы қаңтар-мамыр 5 075 694 127 2 465 256 322 304 946 671 2 305 491 134
    2024 жылғы қаңтар-мамыр 4 895 150 387 2 646 863 410 370 967 822 1 877 319 155

    Жалпы шығындардың 62,2% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге және жалпы сомасының 30% астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-мамырда 3654,6 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 74,6%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 12,1% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 9,2% төмен.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,9% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2024 жылғы қаңтар-мамыр Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2023 жылғы қаңтар-мамыр
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 4 895 150 387 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:      
    мемлекеттік бюджеттен 591 006 396 12,1 12,4
    меншікті қаражат 3 654 601 969 74,6 78,5
    банктердің кредиттері 189 698 709 3,9 2,1
    одан:      
    шетелдік банкттердің кредиттері 43 962 165 0,9 0,0
    басқада қарыз қаражаты 459 843 313 9,4 7,0
    одан:      
    резидент емес қарыз қаражаты 118 811 151 2,4 2,2

    2024 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (44,9%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына –26,7%, өңдеу өнеркәсібіне –10,5%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (22%), көлік және жинақтауға (14,4%), ауыл, орман және балық шаруашылығына (4%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2023жылғы
    қаңтар-мамырға, пайызбен
    Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 4 895 150 387 93,5 100,0
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 197 909 633 69,9 4,0
    өнеркәсіп 2 199 030 440 82,0 44,9
    оның ішінде:
    Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1 308 424 070 70,8 26,7
    өңдеу өнеркәсібі 514 121 867 114,1 10,5
    Электр энергиясы мен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау 262 068 704 104,6 5,4
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 114 415 786 81,6 2,3
    құрылыс 58 438 610 127,1 1,2
    Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 121 521 177 96,1 2,5
    көлік және қоймалау 704 741 601 127,4 14,4
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 47 111 940 93,4 1,0
    ақпарат және байланыс 90 471 057 229,3 1,8
    қаржы және сақтандыру қызметі 44 155 185 130,4 0,9
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 1 074 580 469 100,4 22,0
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 26 643 801 77,1 0,5
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 40 984 683 72,1 0,8
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 25 425 459 57,5 0,5
    білім беру 102 544 043 99,2 2,1
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 92 988 344 97,1 1,9
    өнер, ойын-сауық және демалыс 63 735 093 122,5 1,3
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 4 868 827 49,5 0,1
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Н.Қайрбекова
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: N.Kairbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші