Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    2 816,3 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2816,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурыздан (салыстырмалы бағамен) 0,8% аз.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Ақмола облысында 36,7%, Атырау 29,5%, Абай 25,9%, Шығыс Қазақстан 10,7%, Ақтөбе 10,5% және Манғыстау 10,3% обылыстарында байқалды.

    Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Солтүстік Қазақстан облысында 48,8%, Жетісу облысында 42%, Қызылорда 32,8% және Түркістан 31% облыстарында, Астана қаласында 30,8%, Жамбыл 24,4% және Алматы 21,8% облыстарында байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2024 жылғы қаңтар-наурыз

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (16,9%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
      2024 жылғы наурыз 2024 жылғы қаңтар-наурыз 2023 жылғы қаңтар-наурызға
    2024 жылғы ақпанға 2023 жылғы наурызға
    Қазақстан Республикасы 98,9 86,7 99,2
    Абай 113,4 53,4 74,1
    Ақмола 77,1 71,6 63,3
    Ақтөбе 88,9 77,0 89,5
    Алматы 89,8 95,2 121,8
    Атырау 87,6 57,8 70,5
    Батыс-Казақстан 57,4 71,2 108,5
    Жамбыл 294,8 132,3 124,4
    Жетісу 102,7 134,4 142,0
    Қарағанды 175,3 132,3 119,4
    Қостанай 69,7 76,8 100,3
    Қызылорда 86,4 90,9 132,8
    Манғыстау 137,1 80,6 89,7
    Павлодар 125,1 110,2 118,6
    Солтүстік Қазақстан 193,7 164,8 148,8
    Түркістан 110,5 109,8 131,0
    Ұлытау 119,0 84,6 100,1
    Шығыс Қазақстан 89,2 63,8 89,3
    Астана қаласы 61,2 91,1 130,8
    Алматы қаласы 83,6 91,6 111,4
    Шымкент қаласы 121,9 115,1 110,9

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
      Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    Шағын кәсіпорындар Орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2023 жылғы қаңтар-наурыз 2 741 366 661 1 286 448 562 166 944 490 1 287 973 609
    2024 жылғы қаңтар-наурыз 2 816 346 964 1 529 809 866 246 053 034 1 040 484 064

    Жалпы шығындардың 59,6% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге, жалпы сомасының төрттен бірінен астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ элементтерінің технологиялық құрылымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2024 жылғы қаңтар-наурыз

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 2171,9 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 77,1% - құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 9,1% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 13,9% төмен.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3,5% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      2024 жылғы қаңтар-наурыз Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2023 жылғы қаңтар-наурыз
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2 816 346 964 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:      
    мемлекеттік бюджеттен 257 310 566 9,1 10,5
    меншікті қаражат 2 171 863 314 77,1 80,8
    банктердің кредиттері 98 521 633 3,5 1,5
    одан:      
    шетелдік банкттердің кредиттері 14 906 298 0,5 -
    басқада қарыз қаражаты 288 651 451 10,3 7,2
    одан:      
    резидент емес қарыз қаражаты 66 238 767 2,4 2,2

    2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (47%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына – 28,4%, өңдеу өнеркәсібі – 11,2%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (21,5%), көлік пен қоймаға (13,5%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (4,4%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
      Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2023 жылғы қаңтар-наурызға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 2 816 346 964 99,2 100,0
    оныңішінде:      
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 122 848 942 81,8 4,4
    Өнеркәсіп 1 323 620 822 90,7 47,0
    оның ішінде:      
    кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 799 502 605 76,3 28,4
    өңдеу өнеркәсібі 316 246 116 130,2 11,2
    электрэнергиясымен, газбен,бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 150 548 772 147,5 5,3
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 57 323 316 83,7 2,0
    Құрылыс 37 462 235 194,3 1,3
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 67 020 116 85,7 2,4
    көлік және қоймалау 379 968 839 151,2 13,5
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 30 432 829 126,7 1,1
    ақпарат және байланыс 43 891 552 174,6 1,6
    қаржы және сақтандыру қызметі 31 523 146 174,9 1,1
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 604 218 176 96,3 21,5
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 17 775 469 66,5 0,6
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 15 172 389 73,7 0,5
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 11 077 407 40,4 0,4
    білім беру 49 290 000 87,7 1,8
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 51 227 751 81,9 1,8
    өнер, ойын-сауық және демалыс 27 829 195 120,6 1,0
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 2 988 069 102,7 0,1
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торғаутова
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    Ж.Жетпісбаева
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: Zh.Zhetpisbayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші