Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстары

    Құрылыс саласы тез өсетін экономикалық салалардың бірі болып табылады және соңғы бес жылда тұрақты оң өсімі бар.

    Қазақстан Республикасында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2018-2022ж.

    2022 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 6304,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 10,2% есе көп.

    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен - 77,8%, шетелдік – 21,9% және мемлекеттік - 0,3% орындалды.

    2022ж.
    Динамикалық кестелер:
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы Республиканың 18 өңірінде байқалды. Елеулі өсуі Ақмола (39,6%), Алматы (29,1%), Атырау (18,8%), Қызылорда (17,7%), Солтүстік Қазақстан (12,5%) және Ұлытау (на 12,5%), облыстарында, Шымкент қаласында (35,8%) байқалады.

    Бұл ретте республиканың 2 аумағында төмендеу байқалады – Маңғыстау (18,5%) және Қарағанды (5,5%) облыстарында.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    мың теңге
    Орындалғаны, барлығы 2021 жылға %-бен Республикалық көлемге %-бен
    Қазақстан Республикасы 6 304 274 070 110,2 100,0
    Абай 184 281 308 107,3 2,9
    Ақмола 276 073 281 139,6 4,4
    Ақтөбе 246 084 273 107,9 3,9
    Алматы 308 188 758 129,1 4,9
    Атырау 1 168 202 459 118,8 18,5
    Батыс Қазақстан 220 286 879 106,3 3,5
    Жамбыл 229 936 724 102,1 3,6
    Жетісу 141 179 826 107,9 2,2
    Қарағанды 351 059 039 94,5 5,6
    Қостанай 186 929 854 104,4 3,0
    Қызылорда 126 012 638 117,7 2,0
    Манғыстау 212 850 599 81,5 3,4
    Павлодар 289 154 245 108,2 4,6
    Солтүстік Қазақстан 124 396 331 112,5 2,0
    Туркістан 352 712 095 105,2 5,6
    Ұлытау 109 084 059 112,5 1,7
    Шығыс Қазақстан 272 646 492 111,6 4,3
    Астана қаласы 717 883 179 108,6 11,4
    Алматы қаласы 567 878 883 106,7 9,0
    Шымкент қаласы 219 433 148 135,8 3,5
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2022 жылы пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 19030,9 мың шаршы метрді құрады.

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2022ж.
    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2021 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға азайып, 15666,5 мың шаршы метрді құрады, олардан 9095,4 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6490,8 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 14180 мың шаршы метрді немесе 90,5%-ын жеке құрылыс салушылар, 6781,5 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жеке меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 15 666 527 92,6 1 278 464 14 180 004 6 781 502 96,0 208 059
    Абай 340 531 104,1 48 419 292 112 107 779 81,4 -
    Ақмола 625 875 105,0 17 665 608 210 321 909 78,4 -
    Ақтөбе 1 252 272 106,0 41 875 1 203 582 737 276 104,8 6 815
    Алматы 790 026 105,7 23 060 766 966 647 996 101,9 -
    Атырау 830 759 92,2 - 830 759 551 744 85,0 -
    Батыс Қазақстан 621 488 105,2 76 282 534 780 262 714 95,2 10 426
    Жамбыл 693 545 101,5 146 618 546 927 516 592 104,9 -
    Жетісу 295 192 108,7 19 277 275 915 240 522 163,9 -
    Қарағанды 594 925 102,2 43 882 551 043 156 566 118,4 -
    Қостанай 448 972 100,3 47 597 395 659 177 189 97,6 5 716
    Қызылорда 683 214 103,3 36 033 647 181 626 698 116,0 -
    Маңғыстау 1 055 551 85,6 5 638 1 049 913 581 287 96,2 -
    Павлодар 488 079 132,1 139 388 330 125 182 690 105,7 18 566
    Солтүстік Қазақстан 300 829 87,1 61 535 225 740 133 695 65,4 13 554
    Түркістан 864 076 104,6 312 544 551 532 498 003 91,9 -
    Ұлытау 62 879 77,6 23 687 39 192 30 273 81,4 -
    Шығыс Қазақстан 320 520 116,3 34 887 285 633 98 853 82,3 -
    Астана қаласы 2 410 093 76,6 24 252 2 314 756 74 650 82,0 71 085
    Алматы қаласы 1 914 055 72,7 13 294 1 853 904 448 266 81,1 46 857
    Шымкент қаласы 1 073 646 106,1 162 531 876 075 386 800 87,8 35 040

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің азаюы Ұлытау (22,4%), Маңғыстау (14,4%), Солтүстік Қазақстан (12,9%), Атырау (7,8%) облыстарында, Астана (23,4%) және Алматы қалаларында (26,7%) байқалады .

    Қазақстан Республикасының он төрт облысында тұрғын үйді пайдалануға берудің артуы байқалады. Елеулі өсу Павлодар (32,1%) және Шығыс Қазақстан (16,3%) облыстарында байқалады.

    Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді пайдалануға беру
    2022ж.

    2022 жылғы білім беру және денсаулық сақтау саласында 61839 оқушылар орынына арналған 92 жалпы білім беру мектептері, 5864 орынға арналған 48 мектепке дейінгі ұйымдар және 430 төсек-орынға арналған 3 аурухана, сонымен қатар ауысымына 1477 келушіге арналған 35 амбулаторлық емхана пайдалануға берілді.

    Толық ақпарат келесі электрондық кестелерде берілген:

    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары - ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы - объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    О.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министрліктер үйі, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші