Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    5281,2 млрд.
    2023 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5% өсіп, 5281,2 млрд. теңгені құрады
    86,8%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен – 86,8%, шетелдік – 13%, мемлекеттік - 0,2% орындалды
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2023 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (24,6%) мен тұрғын емес ғимараттарының (7,7%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2023 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (19,8% жалпы көлемге), автомобиль жолдары (14,7%) мен тұрғын үйлердің (14,1%) құрылысы алады.

    Құрылыс жұмыстары көлемінің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар-қазан
    Динамикалық кестелер

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Маңғыстау (59,1%), Жетісу (47,6%), Батыс Қазақстан (44,2%), Абай (41,1%), Қарағанды (29,3%), Солтүстік Қазақстан (21,9%), Қостанай (21,5%), Қызылорда (21,2%), Ақтөбе (20,6%), Павлодар (17,5%), Жамбыл (11,1%) облыстарында байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2023 жылғы қазан, пайызбен 2023 жылғы қаңтар-қазан 2022 жылғы қаңтар- қазанға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2023 жылғы қыркүйекке 2022 жылғы қазанға
    Қазақстан Республикасы 5 281 203 780 48,2 110,7 112,5 100,0
    Абай 153 419 632 54,3 110,2 141,1 2,9
    Ақмола 197 861 369 56,4 81,7 100,4 3,7
    Ақтөбе 232 257 876 24,3 87,4 120,6 4,4
    Алматы 220 663 756 85,7 96,7 100,5 4,2
    Атырау 972 535 094 99,6 148,9 105,1 18,4
    Батыс Қазақстан 224 748 669 47,1 167,4 144,2 4,3
    Жамбыл 178 679 280 11,4 71,9 111,1 3,4
    Жетісу 165 077 594 43,4 83,2 147,6 3,1
    Қарағанды 354 473 439 59,7 262,9 129,3 6,7
    Қостанай 179 246 663 48,9 123,4 121,5 3,4
    Қызылорда 124 869 583 18,9 75,1 121,2 2,4
    Маңғыстау 227 765 801 15,8 96,7 159,1 4,3
    Павлодар 231 153 308 22,6 108,2 117,5 4,4
    Солтүстік Қазақстан 110 333 102 22,4 118,9 121,9 2,1
    Туркістан 250 464 418 39,8 74,6 105,3 4,7
    Ұлытау 72 913 553 43,4 73,6 89,1 1,4
    Шығыс Қазақстан 220 779 902 61,2 102,7 105,1 4,2
    Астана қаласы 557 212 779 31,6 78,3 107,2 10,6
    Алматы қаласы 450 968 229 90,6 113,9 101,9 8,5
    Шымкент қаласы 155 779 733 50,1 90,7 99,5 2,9
    Электрондық кестелер
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2023 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 15253,1 мың шаршы метр құрады.

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар-қазан
    Динамикалық кестелер

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 13,8% ұлғайып, 13337,3 мың шаршы метрді құрады, олардан 7972,1 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5293 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 12219,9 мың шаршы метрді немесе 91,6%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 5417,9 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 13 337 336 113,8 975 818 12 219 939 5 417 870 99,2 141 579
    Абай 233 788 108,0 38 711 195 077 76 187 99,6 -
    Ақмола 546 055 101,1 8 764 530 025 279 230 95,4 7 266
    Ақтөбе 817 982 105,0 25 836 785 391 553 112 109,0 6 755
    Алматы 808 025 111,5 17 137 720 707 564 485 93,1 70 181
    Атырау 558 326 83,1 14 220 529 828 390 242 84,8 14 278
    Батыс Қазақстан 460 252 104,8 21 675 438 577 243 105 130,2 -
    Жамбыл 557 693 102,2 53 015 504 678 458 837 106,4 -
    Жетісу 237 905 122,6 96 455 141 450 115 855 78,2 -
    Қарағанды 392 273 94,7 22 332 369 941 67 404 56,4 -
    Қостанай 412 368 104,3 45 648 361 651 134 881 85,8 x
    Қызылорда 649 208 116,7 14 619 634 589 624 764 115,2 -
    Манғыстау 734 826 91,4 34 563 677 696 287 613 74,1 x
    Павлодар 233 334 104,3 21 626 211 708 108 067 92,6 -
    Солтүстік Қазақстан 152 186 111,9 - 136 723 96 313 122,6 15 463
    Туркістан 783 686 108,9 206 398 577 288 554 598 132,7 -
    Ұлытау 56 034 154,1 7 340 48 694 40 334 197,4 -
    Шығыс Қазақстан 219 405 107,2 36 076 183 329 75 581 94,0 -
    Астана қаласы 2 934 745 148,8 269 912 2 664 833 45 019 64,7 -
    Алматы қаласы 1 860 555 119,9 - 1 860 555 369 163 85,2 -
    Шымкент қаласы 688 690 115,0 41 491 647 199 333 080 101,1 -

    2023 жылғы қаңтар-қазанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 34484 оқу орнына арналған 60 жалпы білім беретін мектеп, 2442 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйымдар, 150 төсек-орынына арналған 1 аурухана және ауысымда 1334 келіп-кетушіге арналған 19 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді пайдалануға беру
    2023ж. қаңтар-қазан
    Электрондық кестелер
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші