Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    7612,8 млрд.
    2023 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7612,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылға қарағанда 15,1% есе көп.
    82,2%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен – 82,2%, шетелдік – 17,3% және мемлекеттік - 0,5% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі
    Динамикалық кестелер:

    Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы Республиканың он сегіз өңірінде байқалды. Елеулі өсуі Жетісу (65,3%), Маңғыстау (52%), Қызылорда (40,9%), Қарағанды (39%), Батыс Қазақстан (30,8%), Абай (28,3%), Солтүстік Қазақстан (28%), Қостанай (27,3%), Ақтөбе (25,7%), Жамбыл (19,5%), Түркістан (11,7%), Шығыс Қазақстан (11,5%) облыстарында және Астана (19,1%) және Шымкент (13,6%) қалаларында байқалады.

    Бұл ретте республиканың екі аумағында төмендеу байқалады – Ақмола (7%) және Ұлытау (5,7%) облыстарында.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    мың теңге
      Орындалғаны, барлығы 2022 жылға пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 7 612 810 331 115,1 100,0
    Абай 245 576 182 128,3 3,2
    Ақмола 268 330 804 93,0 3,5
    Ақтөбе 327 572 758 125,7 4,3
    Алматы 327 243 818 102,1 4,3
    Атырау 1 248 467 878 102,5 16,4
    Батыс Қазақстан 295 935 480 130,8 3,9
    Жамбыл 282 118 028 119,5 3,7
    Жетісу 243 189 997 165,3 3,2
    Қарағанды 516 723 159 139,0 6,8
    Қостанай 245 672 092 127,3 3,2
    Қызылорда 184 067 595 140,9 2,4
    Маңғыстау 338 818 466 152,0 4,5
    Павлодар 327 335 453 108,6 4,3
    Солтүстік Қазақстан 163 402 106 128,0 2,2
    Түркістан 409 902 608 111,7 5,4
    Ұлытау 108 775 962 94,3 1,4
    Шығыс Қазақстан 314 898 126 111,5 4,1
    Астана қаласы 897 720 255 119,1 11,8
    Алматы қаласы 605 905 089 102,4 8,0
    Шымкент қаласы 261 154 475 113,6 3,4
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2023 жылы пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 21137,9 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2022 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға ұлғайып, 17827 мың шаршы метрді құрады, олардан 11197,4 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6475,7 мың шаршы метр - жеке үйлер.

    Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 16123,6 мың шаршы метрді немесе 90,4%-ын жеке құрылыс салушылар, 6622,7 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылға, пайызбен мемлекеттік меншік жеке меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылға, пайызбен
    Қазақстан Республикасы 17 826 956 113,8 1 516 754 16 123 569 6 622 672 97,7 186 633
    Абай 362 654 106,5 86 849 275 805 96 541 89,6 -
    Ақмола 659 199 105,3 11 952 639 710 330 893 102,8 7 537
    Ақтөбе 1 261 345 100,7 29 653 1 224 937 837 209 113,6 6 755
    Алматы 820 951 103,9 19 347 731 423 569 880 87,9 70 181
    Атырау 741 896 89,3 38 851 688 767 485 028 87,9 14 278
    Батыс Қазақстан 632 362 101,7 64 890 567 057 293 197 111,6 415
    Жамбыл 726 036 104,7 67 839 658 197 598 953 115,9 -
    Жетісу 322 804 109,4 122 313 200 491 157 642 65,5 -
    Қарағанды 454 748 76,4 21 882 430 404 75 277 48,1 2 462
    Қостанай 474 972 105,8 47 296 422 607 158 270 89,3 5 069
    Қызылорда 741 335 108,5 42 183 699 152 671 124 107,1 -
    Манғыстау 796 567 75,5 34 563 739 437 341 556 58,8 22 567
    Павлодар 493 766 101,2 113 577 380 189 201 204 110,1 -
    Солтүстік Қазақстан 304 694 101,3 78 614 210 617 140 134 104,8 15 463
    Туркістан 903 011 104,5 239 992 663 019 620 675 124,6 -
    Ұлытау 82 730 131,6 7 340 75 390 57 981 191,5 -
    Шығыс Қазақстан 352 155 109,9 46 362 282 966 122 146 123,6 22 827
    Астана қаласы 3 934 804 163,3 309 201 3 625 603 49 954 66,9 -
    Алматы қаласы 2 677 068 139,9 9 162 2 667 906 408 934 91,2 -
    Шымкент қаласы 1 083 859 101,0 124 888 939 892 406 074 105,0 19 079

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің артуы Қазақстан Республиканың он жеті өңірінде байқалды. Елеулі өсуі Астана (63,3%) және Алматы (39,9%) қалаларында, Ұлытау (31,6%) облысында байқалады.

    Тұрғын үйді пайдалануға берудің азаюы Маңғыстау (24,5%), Қарағанды (23,6%) және Атырау (10,7%) облыстарында байқалады.

    2023 жылғы білім беру және денсаулық сақтау саласында 59880 оқушылар орынына арналған 112 жалпы білім беру мектептері, 6739 орынға арналған 63 мектепке дейінгі мекемелер және 600 төсек-орынға арналған 3 аурухана, сонымен қатар ауысымына 4432 келушіге арналған 107 амбулаториялық емхана пайдалануға берілді.

    Толық ақпарат келесі электрондық кестелерде берілген:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    О.Эдель
    Тел. +7 7172 749323
    E-mail: O.Edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші