Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    115%
    2022 жылға алдын-ала деректер бойынша өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 115% құрады. НКИ өсуі дәнді және бұршақты дақылдардың жалпы жинауының өсуімен байланысты.
    Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі
    өткен жылға %-бен
    2022ж.
    Өсімдік шаруашылығының негізгі көрсеткіштері
    Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егіс алқабы
    мың гектар
    2022ж.
    Динамикалық кестелер

    2022 жылы дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдар нақтыланған егістік алқабы республика бойынша 16 114,4 мың гектарды (өткен жылғы деңгейде), көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер 480,2 мың гектарды (2021 жылға - 98,2%), оның ішінде ашық топырақта өсірілген көкөністер – сәйкесінше 170,2 мың гектар (100,9%), картоп – 199,5 мың гектар (101,9%), мақта – 126,3 мың гектар (114,8%) алқапты құрады.

    Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жиналған алқабы
    мың гектар
    2022ж.

    2022 жылы дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың жиналған алқабы 16 011,7 мың гектарды немесе нақтыланған егістік алқаптан 99,4%-ды құрады, майлы дақылдардың тұқымдары – сәйкесінше 3 364,6 мың гектар және 97,2%, және ашық топырақта өсірілген көкөністер – 169,9 мың гектар және 99,8%, картоп – 198,7 мың гектар және 99,6% құрады.

    Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жинау
    мың тонна
    2022ж.

    Тазалағаннан кейінгі салмақта дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдарды жалпы жинау 2021 жылдың деңгейімен салыстырғанда 34,5% ұлғайды және 22 030,5 мың тоннаны құрады, майлы дақылдар – сәйкесінше 25,6% және 3 051,3 мың тоннаны құрады.

    Көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілерді жалпы жинау 1,4% төмендеді және 11 739,0 мың тоннаны құрады, сонымен қатар ашық топырақта өсірілген көкөністерді (2021 жылға 2,2%-ке немесе 4 610,2 мың тонна), картопты (1,2%-ке және 4 080,5 мың тонна) жалпы жинауы ұлғайды, ал қорғалған топырақта өсірілген көкөністер (28,9%-ке немесе 182,4 мың тонна) және бақша дақылдары( 7,9%-ке және 2 560,3 мың тонна) төмендеді.

    Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі
    гектардан центнер
    2022ж.
    Динамикалық кестелер

    2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда тазалағаннан кейінгі салмақта дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың түсімі 32,7%-ға жоғарылады және 13,8 ц/га құрады, көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер - 0,5%-ке ұлғайды және 242,3 ц/га құрады. Ашық топырақта өсірілген көкөністерге (түсімділігі 1,2%-ке өсті), бақша дақылдарына (1,1%-ке) және қант қызылшасына (23,9%-ке) аса өнімді жыл болды.

    Электронды кестелер

    По сравнению с уровнем 2021 годом урожайность зерновых (включая рис) и бобовых культур (в весе после доработки) увеличилась на 32,7% и составила 13,8 ц/га, овощей и бахчевых, корнеплодов и клубнеплодов – на 0,5% и составила 242,3 ц/га. Также урожайным год оказался для овощей открытого грунта (рост на 1,2%), бахчевых культур (на 1,1%) и сахарной свеклы (на 23,9%).

    Глоссарий

    Бастапқы кіріске алынған салмақ – түсімді жинау кезінде тазартпай алғандағы, арамшөбімен және минералдық қоспаларымен (топырақ, топырақ түйірі, собық масағы және өзге де қоспалар), сондай-ақ артық ылғалдығымен қоса нақты салмағы.

    Егістік жерлер – ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жердің ауданы.

    Валовой сбор – продукция, произведенная (собранная) со всей площади посева различных сельскохозяйственных культур, сельскохозяйственных насаждений или других сельскохозяйственных угодий.

    Жалпы жинау – әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістігінен, ауыл шаруашылығы екпелерінен немесе басқа ауыл шаруашылық жерлерінен өндірілген (жиналған) өнім.

    Жылыжай – бұл жылыжай өсімдіктерін және көшеттерді жыл бойы өсіруге арналған, кез келген жарық өткізетін материалмен жабылған арнаулы үй-жай.

    Жылыжайлардың жалпы алаңы – өндірістік алаң (өсімдіктерді өсіруге пайдаланылады, олардың арасынан өтуге арналған орын), сондай-ақ қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық, қосалқы өндірістік үй жайлардың алаңы.

    Көпжылғы дақылдар – жүзім, цитрус жемістері, дәндік, тұқымдас және сүйекті жемістер, жеміс ағаштары, бұталар және өзге жаңғақтар, құрамында майы бар жемістер, дәмдеуіштер, хош иісті және фармацевтикалық дақылдар, өзге де көпжылдық дақылдар.

    Маусымдық дақылдар – дәнді, бұршақ дақылдары және майлы тұқымдар, көкөністер және бақша, тамыр-жемісті және түйнекжеміс (картоп, қант қызылшасы), темекі, талшықты дақылдар (мақта, зығыр, кендір), басқа да маусымдық дақылдар (азықтық дақылдар, гүлдер).

    Органикалық өсімдік шаруашылығы – жабайы өсімдіктерді жинауды қоса есептегенде, синтетикалық тыңайтқыштарды, пестицидтерді және өсімдіктердің өсуін реттеуіштерді пайдаланбай, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру.

    Өңдеуден кейінгі салмақ (есепке алынатын салмағы) – түсімді тазартқаннан және кептіргеннен кейінгі алынған, яғни ылғалдылық және ластану дәрежесін шегергендегі нақты салмағы.

    Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптары – ауыл шаруашылығында пайдалануға және суаруға жарамды тұрақты немесе уақытша суару желісі бар жерлер.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Нақтыланған егістік және жиналған алқаптар, дәнді және бұршақты дақылдарын жалпы жинау және олардың түсімі туралы деректер ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 100 адамнан артық жұмысшысы бар шаруа немесе фермер қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың «Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» 29-сх нысаны жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың есептілігі негізінде алынады. Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бойынша бұл көрсеткіштер аталған шаруашылықтар санаттарындағы әр шаруашылықтағы егістік алқаптарды есепке алу деректері және А-005 «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары, жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы» іріктемелі байқаудың деректері негізінде есептелді. Одан басқа дәнді дақылдарды жалпы жинау деректерін қалыптастыру кезінде «Астықтың қолда бары және қозғалысы туралы» 2-сх нысаны бойынша статитикалық есептің деректері пайдаланылды.

    Бюллетеньде респонденттердің бидайдың және күріштің жалпы жинауы және түсімділігі туралы деректерімен қатар Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 шілдедегі №108 бұйрығымен бекітілген «Дәнді дақылдар түсімділігін зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемесіне» сәйкес А-1 (түсімділік) нысаны бойынша дәнді дақылдардың мамандандырылған зерттеу деректері келтірілген. Жоғарыда көрсетілген әдістеме ҰСБ сілтемесі бойынша ресми интернет-порталында орналасқан.

    Дәнді дақылдар шығымдылығын зерттеуді жүргізудің негізгі принципі зерттелетін учаскелерден сынамаларды іріктеп, оларды бұдан әрі өлшеу және ылғалдылығын, ластылығын, сондай-ақ астықты бастырғаннан кейінгі оның сапасын анықтау үшін ауыл шаруашылық зертхана қызметіне жіберу жолымен гектарынан орташа егінді анықтауға негізделеді.

    Мүмкін стандартты ауытқу мамандандырылған зерттеу және респонденттерден алынған деректер арасындағы мүмкін айырмашықты (ұлғаю немесе азаю жағына) сипаттайды және ц/га өлшенетін іріктеменің стандартты қатесінің тиісті дәнді дақылдын жиналған алқабына көбейтумен анықталады. Іріктеменің стандартты қатесін есептеу жоғарыда көрсетілген әдістемеге сәйкес түсімділікті мамандандырылған зерттеудің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    Ж. Каримкулва
    Тел. +7 7172 749319
    E-mail: zh.uskenbaeva @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші